Талдықорған: +10°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ҚАЙДАН ТАБАМ?» ЖАРКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЫЛУ БАҒАСЫНА НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

24.01.2020
ӘЛЕУМЕТ
"ҚАЙДАН ТАБАМ?" ЖАРКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЫЛУ БАҒАСЫНА НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданында жылу бағасына қатысты дау шықты. Жаркентте «Жұмыспен қамту» бағдарламасымен пәтер алған тұрғындар тарифтің қымбаттығына наразылық білдірді. Ондағы жұрт айына 1 бөлмелі үйге 15 мың, 2 бөлмеліге 25 мың, ал 3 бөлмелі үйге 35 мың теңгеден төлеп отыр. «Мұндай баға еліміздің ешбір қаласында жоқ шығар», — дейді жаркенттіктер. Тіпті, кейбірінің пәтері жылынбайтындықтан, электр жылытқышын қосып отыр. Сөйтіп, олар электр тогына да, жылуға да ақша төлеуге мәжбүр.

Мәселенің мән-жайына «Евразия» бірінші арнасының Алматы облысындағы тілшісі Думан Алтынбек үңіліп көрді.

— Төлемесеңіздер сотқа береміз деп қорқытты. Сөйтіп айтты. Сонан кейін төлеп тастадым 2 айдыкін. Енді 3-айдыкін 19 000 теңге деп шығарып беріпті қағазын. 19 мыңды қайдан табам мен? Үйім тастай ғой. Мына «обогреватель» түнімен қосылып тұрады, — дейді Жаркент қаласының тұрғыны Ғалия Байтілесова.

Бұл үйлердің тұрғындары үшін жылу мәселесі бас ауруына айналған. Шығынды азайтамыз деп әр пәтер 40 мың теңгеден қаржы жинап, пешті де ауыстырыпты. Өткен қыста жұмысшы жалдап, от жаққанда айына 5-10 мың теңгеден төлегендерін айтады. Ал енді осы маусымда қазандықты «Панфиловсуқұбыры» мекемесінің балансына өткізіп беріп, қымбатшылыққа ұрынып отыр.

Сол үйдің тұрғыны Әсел Досалиева: «Горводоканал» енді бізге ай сайын 1 бөлмелігерге – 15 000 теңге, 2 бөлмелілерге – 28 000 теңге, 3 бөлмелілерге – 35 000 теңге әкеліп, квитанция таратып жатыр», — дейді.

Аталған тұрғын үйлерде көбіне әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұрады. Осыдан 7 жыл бұрын олар болашағы жоқ елді-мекендерден көшіп келген. Баспана жекешелендіру құқығынсыз берілгендіктен, ай сайын арендалық құнын өтеуге міндетті. Мұның сыртында коммуналдық қызмет төлемдері тағы бар. «Тапқан табысымыз ішіп-жеуіміз бен жүріс-тұрысымыздан артылмайды. Жылуға төлей алмай, қарызға белшемізден баттық», — дейді тұрғындар. Солардың бірі Мақпал Құсбекова: «Күйеуім ай сайын 60 000 теңге табады. Мен енді ай сайын 30 000 теңге құйсам, баламның тамағы қалады. Сабағы қалады. Ары-бері баратын жолым бар, мысалы. Жетпейді. Қымбат бұл тариф бізге», — деп шағымданды.

Ал Панфилов ауданы әкімдігі өкілі мұндағы шығын көлемі 8 миллион 800 мың теңге шамасында екенін алға тартты. Әрі бұл тарифті өздері емес, арнайы мекеме бекітіп беріпті.

— Бізде монополияға қарсы комитетпен келісілген тариф. Ол жерде 4 адамның айлығы, 198 тонна көмірдің ақшасы, электр энергиясы бар. Бұл жерде сорғышпен су алады және жаңағы салықтар бар, — дейді Панфилов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Тазабеков.

Салаға жауаптылар жылу бағасын төмендетуді қарастырамыз деп отыр. Яғни, көмірге субсидия алу арқылы тариф бағасын арзандатпақшы. Алайда бұл мәселенің биылғы маусымда шешілуі тағы екіталай көрінеді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Панфилов ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.