Талдықорған: +20°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ТИІМДІ ПАЙДАЛАНДЫ»: ЕРЛАН АРЫН ИМЕКЕНІ МЕМЛЕКЕТШІЛ ТҰЛҒА ДЕП БАҒАЛАДЫ

9 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
"ТИІМДІ ПАЙДАЛАНДЫ": ЕРЛАН АРЫН ИМЕКЕНІ МЕМЛЕКЕТШІЛ ТҰЛҒА ДЕП БАҒАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқында керемет дәстүр бар, жақсы көретін ұлдарының атын ғана атайды. Мысалы, Абай, Шоқан, Жамбыл, Қаныш, Құрманғазы, Ахмет… Есімі ғана жеткілікті, себебі, бұл есімдердің таңбалық мәні бар! Біз бақытты халықпыз, себебі, осы дәстүрдің жалғасын табуына негіз болатын тұлғаларымыз бар. Иманғали Тасмағамбетов те осындай тұлғалар қатарына жатады. Иманғали, Имеке, Имаш – қоғамда Тасмағамбетов жайлы осындай құрметпен сөз қозғалады, осылайша оның замандастарының жүрегіне және жанына жақындығы көрсетіледі.

Маған Иманғалимен таныс болып қана қоймай, бірге жұмыс істеу бақыты да бұйырды. Өзіндік салмақты пікірі бар, мәселенің мән-жайын дұрыс түсіне білетін, оны шешу үшін жедел әрекет жасайтын, берік рухты әрі ер мінезді, аса ілтипатты және жақындарына, достарына, тіпті, жай ғана мұқтаж жандардың бәріне қамқор бола білетін адаммен кездескеніме 30 жылдан асып кетті.

Осы жылдар ішінде Имеке нағыз мемлекетшіл тұлғаға айналды. Мен оның өмірлік әрі кәсіби үлгісі мемлекетшіл ұғымының мағынасын түсінуге негіз бола алады дер едім.

Қоғамда мемлекеттік қызметкерлер туралы шенеуніктер, бюрократтар, былықшыл ретінде бағалау белең алып тұрған заманда бұл өте маңызды.

Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген Темірбек Жүргенов, Ілияс Омаров, Өзбекәлі Жәнібеков сынды көрнекті мемлекетшіл, тарихи тұлғалардың есімдерін қалай еске алмайсың?!

Бүгінде халқымыздың көрнекті тұлғалары шоғырына Иманғали Тасмағамбетовті де қосуға толық құқылымыз. Ол кез келген лауазымды атқара отырып, көпқырлы қызметінде халықтың, нақты адамдардың мүддесін биік қойып, әрқашан Елбасының сенімін ақтай білді.

Имеке мемлекетшіл ұғымына өз формуласын енгізді. Мен Имекенің «зиялылық, тұлғалылық, ұлтжандылық, ұйымдастырушылық» сияқты жеке қасиеттерін біле отырып, осы ұғымды қалыптастыруға тырысып көрмекпін және, менің ойымша, нағыз мемлекетшіл тұлға мемлекетті құрумен айналысады.

Имеке барлық қызметтерінде осы қасиетімен ерекшеленеді. Нақты экономика мен әлеуметтік саланың көптеген қызмет аяларында ол жаңа қағидалар мен үлгілерді, оларды дамыту бағдарламаларын енгізді. Білім беру саласында – оқулықтардың жаңа буыны, мектептерді компьютерлендіру, Лиссабон конвенциясы; денсаулық сақтау салдасында – туберкулезбен, нәрестелер мен аналар өлімімен күресу, медициналық сақтандыру; мәдениетте – Мәдени мұра, ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық, монумент-ескерткіш кешендері мен тарихи тұлғалардың ескерткіштерін орнату; аймақтарда – елорда, Алматы, Атырау облысы мен басқаларын өзгерту. Бұл жобалар бүгінге дейін осы салалар мен өңірлерді дамытуға екпін мен ырғақ беріп келеді.

Имеке өз қызметінде білік, білек пен билік сияқты факторларды біріктіріп, тиімді пайдаланады. Бұл да Имекенің өзіндік белгісі.

Ерте кездегі эсселерінің бірінде Олжас Сүлейменов Шоқан Уәлихановқа «Теңіз дәмін сезіндіретін тамшы» деген анықтама береді. Бұл сөздерді Имекеге де қатысты айтуға болары сөзсіз. Оның тағдыры – бұл жаңа тәуелсіз Қазақстанның, кедергілерді табысты жеңіп шығатын және өзінің жарқын болашағын құрушы азаматтардың жаңа буынының қалыптасу тарихы.

Осы аздаған ойтолғауымды Имекеге халқымыздың игілігі үшін бақытты да табысты өмір тілеумен аяқтасам деймін.

Ерлан АРЫН,

ҚР ҰҒА Құрметті академигі, профессор, экономика ғылымдарының докторы

«Facebook» парақшасынан алынды

Қатысты жаңалықтар

Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Бүгін, 09:30
Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Бүгін, 09:28
Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионы атанды

Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионы атанды

Бүгін, 09:25
Алтын бағасы бір күнде 1,6%-ға өсті

Алтын бағасы бір күнде 1,6%-ға өсті

Бүгін, 09:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша халқына қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша халқына қолдау білдірді

Бүгін, 09:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.