Талдықорған: +3°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БІР ЖЕРДЕ 85, БІР ЖЕРДЕ 95 ТЕҢГЕ: ТАЛДЫҚОРҒАНДА НАН БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ МА?

8 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТ
БІР ЖЕРДЕ 85, БІР ЖЕРДЕ 95 ТЕҢГЕ: ТАЛДЫҚОРҒАНДА НАН БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ МА?
WhatsAppTelegramFacebook

Президентіміз Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ нан бағасының өсуіне байланысты Үкімет пен әкімдерге арнайы тапсырма берген болатын. Осыған орай Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметкерлері дүкендерді аралап, ас атасының қымбаттауына жол бермес үшін тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Тексеруші топ алдымен «Жерұйық өрлеу» ЖШС-на барып, атқарылып жатқан жұмыстың жай-жапсарымен танысты. Нан бағасын сұрап, мамандардың пікірін тыңдады. Шарада «Жерұйық өрлеу» ЖШС технологі Роза Асылбаева: «Біздің наубайханада нанның 17 түрі дайындалады. Күніне 2 мыңға жуық нан пісіріп, 70 дүкенге таратамыз. Осыдан екі ай бұрын нан 72 теңгеден болатын. Бірақ ұнның қымбаттауына байланысты қазір бір нанды 85 теңгеге сатып отырмыз. Елу келілік бір қап ұн 6500 теңге тұрады. Бұрын 5800 теңгеге алатынбыз», – деді.

Осыдан кейін мамандар «SMALL» сауда орталығына барып, нан бағасын тексерді. Аталмыш дүкенде нан 85 теңгеден сатылуда. Ал әскери қалашықтағы «Ардагер» дүкенінде бір бөлке нанның құны — 95 теңге. Дүкен иелері бағаны өз еріктері бойынша қоятын көрінеді. Мамандар оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, негізгі бағаның үстіне 5-10 теңге қосқаннан пайда таппайтындарын айтты. Алдағы уақытта көптеген дүкен иелері бұл бағаны тұрақты түрде 85 теңгеден сатуға келісіп отыр.

Шарада қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Қалиахметов:

– Қазір әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қаламыздағы 6 наубайханамен келісімшарт жұмыстарын жүргізуде. Елімізде нан бағасының қымбаттауына байланысты Алматы облысының әкімдігі мен Талдықорған қаласы әкімдігі бірнеше жұмыстар атқаруда, – деді. Сондай-ақ, алдағы аптадан бастап қаламыздағы наубайханалар ай сайын 200 тонна ұнмен қамтамасыз етілетінін және нан бағасы тұрақталатынын тілге тиек етті.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.