Талдықорған: +16°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ — ҰЛАҒАТ КӨЗІ

19.08.2019
ӘЛЕУМЕТ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰЛАҒАТ КӨЗІ
WhatsAppTelegramFacebook

Әр халықтың бала тәрбиелеуде өзіндік ерекшелігі бар. Қазақ халқы баланы бесікте жатқаннан-ақ тәрбиелеуге айрықша мән беріп, «бесік той», «тыштыма», «қырқынан шығару», «тұсау кесу» дәстүрінен бастап сәбидің дұрыс өсіп-жетілуіне, жақсы азамат болып қалыптасуына негіз қалаған. 

Бала тәрбиесіндегі ерекшеліктер арқылы отбасының да өзіндік құндылықтары қалыптасады. Мұнда ата-ананың берер тәлімінің маңызы зор. Олар өз ісімен балаға үлгі-өнеге бола білуі керек. Жеткіншектің әр іс-қимыл, әрекетіне мән беріп, дұрысын айтып, бұрыс жерін түзетіп отыруы тиіс. Бұл орайда халқымыз ұл мен қыз тәрбиесінің өзіндік жеке дара жолын айқындап берген. «Қызға қырық үйден тыйым», «Ұлдың ұяты – әкеде, қыздың ұяты – шешеде», «Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без», «Қызы жақсыны Қыдыр қориды, қызы жаманды сайтан ториды», «Ұлың өссе қанат болар, қызың өссе жанат болар», «Ұл ұяға, қыз қияға» деп бала жастан құлағына құйып, жақсы өнеге көрсетіп, тыйым сөздермен тәрбиелеп отырған. Бұл тәрбиенің негізгі мәнінде  ертең ұл мен қыз өсіп, отбасын құрғанда өнегелі шаңырақ иесі болып, өз ұрпағын да дұрыс бағытта тәрбиелесе деген ізгі ниет жатыр. Мұнда қыз барған жерінде ибалы келін, ұл қайын жұртына арлы күйеу болсын деген асқақ арман да бар.
Міне, халқымыз қалыптастырған осынау тәрбие жолы отбасынан бастап балабақша, мектептерде өз жалғасын табуда. Әрине, қазір заман талабына сай тәрбие жүйесіне де өзіндік ерекшеліктер енгенімен ата-бабадан қалған ізгі жол, мақал-мәтел, тыйым сөздер оқыту жүйесінде кеңінен қолданылуда. Өзім еңбек ететін Рудничный ауылындағы №7 орта мектепте халқымыздың салт-дәстүрін, тәрбие жолын балалардың бойына сіңіруде түрлі шаралар өтіп тұрады. Өзім білім беретін мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерін «Сәлем – сөздің анасы» демекші, ең бірінші кезекте дұрыс амандасуға баулимын. «Ата-әжелерді көргенде «Амансыз ба? Қалыңыз қалай?», ұстаздарға «Сәлеметсіз бе?» деп амандасыңдар, ұл балалар ер адамдарға «Ассалаумағалейкум» деп қос қолдап сәлемдесуі керек», – деп айтып отырамын. Үлкендердің алдын кесіп өтпеуге, жол беруге, сөзін бөлмеуге баулимын. 
Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Қазаққа тән қасиет – әдептілік, бауырмалдық, қонақжайлылық, кі-шіпейілдік. Баланы жамандықтан жирентіп, жақсылыққа үйрету. Осы қасиеттерді балалардың бойына сіңіріп, адамгершілік тұрғысында тәрбие берсек, алынбайтын қамал жоқ. Бұл орайда «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деген халықтық нақылға арқа сүйеп, балдырғанды бастан тәрбиелеу керектігін естен шығармағанымыз абзал. 
Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі. Ертегі, батырлар жыры, мақал-мәтел, нақыл сөз, ырым-тыйымдардың бүгінгі күні де бала тәрбиесінде алар маңызы зор. Ата-бабамыз ғасырлар бойы қалыптастырған халықтық педагогиканы оқу жүйесінде ұтымды пайдалансақ, жас ұрпаққа берер тәліміміз де мол болмақ.

Әсел КУЛУМБАЕВА,
№7 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының жетекшісі
Рудничный ауылы,
Текелі қаласы
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026
Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

12.04.2026
Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.