Талдықорған: -0°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

НҰРТІЛЕУ ИМАНҒАЛИҰЛЫ МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ

15.07.2019
МІНБЕР
НҰРТІЛЕУ ИМАНҒАЛИҰЛЫ МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Оның ныспысын атай қалсаңыз жұртшылық «Бай-қуатты болайық па?», – дейді бірден сөзіңізге тұздық қосып. Танымал тележурналистің болмыс-бітімі осы ұғыммен астасып кеткендей көрінеді кейде. Өзі де табиғатының нақ сол тіркеске телінгенін теріс көрмейтін секілді. Себебі, кейінгі жас тележурналистер оған еліктеп, бағдарламаны аяқтаған сәтінде соңғы сөзін өздерінше түйіндеп қоштасатын болды. Қай-қайсысы да көрерменіне ұнаудың сан тәсілін меңгерген. Десе де соның бәрі бәсі мен десі биік Нұртілеу Иманғалиұлының «Бай-қуатты болайығының» жанында жіп есе алмайды.

Шынымен де осы бір құлаққа жылы естілетін сәтті тіркестің оның қоштасу тілегіне ғана емес, өмірлік ұстанымына, журналистік брендіне айналғаны қашан?! Бұл сөз оның мекенжай алмасқанда ұсынатын қатырма қағазында таңбаланған. Кітаптарына қолтаңба бергенде де осындай тілек жазады. Былай қарасаңыз, алып бара жатқан асыл сөз де емес. Екінің бірінің аузына түсетін, қарапайым ғана тіркес. Бірақ неге басқа тележүргізушілердің айтқан сөзі ел ішіне осылай жайылып кетпейді? Демек, оны Нұртілеуше жан-тәніңмен жеткізу керек.

Негізінде, біздің айтайын дегеніміз бұл емес. Майталман журналист мәртебесінің тағы да асқақтағаның оны экраннан әлі де іздейтін сүйікті көрермендеріне айтып қояйын дегенбіз. Осылайша алдымен оқырманның ойына есті естеліктің ұялағанын қаладық.

Осымен оныншы рет шымылдығын түрген республикалық «Нұр-Сұңқар» байқауының жеңімпаздары ішінен жерлесіміздің есімін көргенде жайсаң жетісулықтардан сүйінші сұрағанды жөн көрдік. «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен өткізіліп келе жатқан «Нұр-Сұңқар» байқауы бүгінде еліміз бойынша отандық медиа саласының өкілдерін ынталандыруға, қолдауға бағытталған маңызды жобаға айналды. Бұл жолғы мерейтойлық салтанатты шарада, отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін Нұртілеу Иманғали алғашқылар қатарында марапатталды. Мамандығын сүюдің ең мықты формуласын көрсете білген майталман тележурналистің қоржынына тағы бір жүлде қосылды. Бұл елдің ықыласы. Ардагер журналистің өзі де әріптестеріне берген сұxбатында осыны айтты.

– Әрине, ең алдымен 44-45 жыл өзінің шаңырағына, төріне оздырып, құрметпен қараған патша көңілді көрерменге үлкен рахмет айтып, басымды иемін. Батыр сөйлесе – маңайын ықтырар байламын айтар, бұзық сөйлесе – ортаға салған ойларын айтады. Ақын сөйлесе – жеке басын емес, аймағын айтады. Біз xалықтың жүрегіміз. Жүрек сөйлесе бәрін қамтитыны айтпаса да белгілі, – деді ол көңіл тебіренісін жасыра алмай.

Белгілі журналистің іс-қимылы да, сөйлеген сөзі де біз күнде көріп жүрген шығармашылық өкілдеріне ұқсамайтынымен әйгі. Толғанып сөйлейді, тамсанып талдайды, тебіреніп түсіндіреді. Бет-әлпеті айтып отырған әңгімесінің сипатына қарай мың құбылады. Құлаштап қолын созғанда төбеге тақалған саусағының ұшына қараймыз. Сұқ саусағымен төменді нұсқағанда соңынан ілесе кетіп, жанарымызбен жер шұқимыз. Кейде оқты көзін өңменіңе қадайды. Кейде қабағын түйіп, ойланып тұрып қалады. Өстіп аздап пауза жасап алып, қайтадан көсіле жөнеледі. Осынша эмоцияға бай қалпы әлі де бойында. Қырыққа жетпей қозықарын байланып, домаланып қалған әріптестерінен едәуір үлкен болса да, серіппедей ширығып тұратынының өзі экранның адамы екенін айшықтайтындай.

Иә, Нұртілеу Иманғалиұлы қазіргі күні кемеліне келіп, үнемі өзі айтатындай, әлдеқашан «бай-қуатты болған» сияқты. Біз, жетісулықтар, бұл жетістіктің артында үлкен құрмет жатқанын жақсы түсінеміз. Еңдеше жетпіске жақындаса да жай отындай жарық шашқан жақсы ағаның жұртшылыққа берер сүйінішті жаңалығы көп болсын дегіміз келеді!

Мұхтар КҮМІСБЕК

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.