Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

НҰРЛЫ ШАҺАР — НҰР-СҰЛТАН

6 шілде 2019
КҮЛТӨБЕ
НҰРЛЫ ШАҺАР - НҰР-СҰЛТАН
WhatsAppTelegramFacebook

Кемел елдің келешегіне көз жүгірткісі келген адам оны іргетасы жиырма бір жыл бұрын қаланып, бүгінде әлем назарын өзіне бұрған Елордаммен-ақ бағамдаса болатындай. Жақұт қала Нұр-Сұлтан алты Алаштың ғасырлар бойы аңсаған азаттығының алтын өзегі, мемлекеттілігінің дара сипаты, қасиетті нышаны екені баршаға мәлім.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «XXI  ғасырдың табалдырығында біз өз таңдауымыз – көне Сарыарқаның киелі аспаны астында қоныс тепкен жаңа астанамыз туралы мәлімдейміз. Бұл таңдау астарында еліміздің қазіргі басшылығының айқындамасы ғана тұрған жоқ. Бұл таңдауда Тәукенің көрегендігі мен Абылайдың ұлылығы, есімдері аңызға айналған билердің даналығы мен 1986 жылдың желтоқсанында ұлттық қадір-қасиет дегеннің не екенін күллі әлемге паш еткен сол бір жас жүректердің қаһармандығы тоғысып жатыр. Бұл таңдауда өз тағдырының қожасы болу құқығы үшін өмірін қиған миллиондаған қандастарымыздың ерік-жігері бар», – деген еді.

Бүгінгі таңда елдің төрі – Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Әлем назарын өзіне қаратты. Күллі ел Нұр-Сұлтан қаласының көркіне тамсанып, шаһардың көркін тамашалау үшін елге ат басын арнайы бұратын күнге жетті. Бүгінгі таңда ажары жайнаған, базары қайнаған бас қаланың тұрғындары миллионнан асты. Бұл дегеніміз, мемлекеттің абыройы мен беделінің, халық санының өсуі мен бас қаласының жылдан-жылға қарыштап дамып, өсіп-өркендеуінің белгісі болса керек. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 23 наурыздағы №6 Қаулысымен Астана Нұр-Сұлтан қаласы деп аталды.

Астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы – қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Еуразия кіндігінде орналасқан алты Алаштың бас қосқан қасиетті мекені, кемел келешегі бар жаңа Елордамыз – Елбасының ірі геосаяси жобаларының бірі.
Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһар әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасатын, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайтын киелі мінберге айналды. 

1999 жылы  Астана қаласы ЮНЕСКО-ның  «Әлем қаласы»  сыйлығымен марапатталды. 

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан  Назарбаев «Астана рухы» атауымен өткен екі күндік саммитті бүкіл Еуроодақ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға деп сипаттап берді.   

Нұр-Сұлтан қаласы дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4 бірдей съезін өткізген әлемдегі жалғыз қала. Айта кету керек, аталмыш басқосулар 2003 жылдан бері өтіп келеді. 65-ші рет өткен «EXPO – 2017» халықаралық көрмесі еліміздің әлем алдындағы абыройын тағы бір аспандатты.  Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы әлемнің көшбастаушы «ақылды» қалаларының тәжірибесін үлгі тұтуда. 

Сондай-ақ, «Smart Astana» жобасын іске асыру жұмыстарына кеңесші ретінде дүниежүзіне кеңінен танымал PricewaterhouseCoopers (Прайс уотер хаус купер) компаниясы тартылды. «Smart Astana» заманауи жобасы елордамыздың тұрмыс-тіршілігінің барлық саласын қамтитын болады. Атап айтқанда, қалалық инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, экологиялық ахуалды, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді, мәдениет және демалыс саласын жаңғыртуда өміршең озық технологияларды пайдалануға кеңінен жол ашылды. 

Елбасы: «Бізде рух байлығы бар. Ол бәрінен бұрын – отаншылдық сезім, қазақстандық патриотизм. Оның басты өлшемі – татулық, тыныштық, тұрақтылық», – деген болатын. Қазақстан атты ортақ шаңырағымыз бейбітшілікте одан әрі қарыштап  дамып, өркендей беретіндігіне сеніміміз кәміл. Астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы – қазақ елінің ұлттық мақтанышы. Елорданы Елбасымыздың  ерен  еңбегі мен ерлігі деп білеміз. Күллі қазақстандықтардың бойтұмарына айналған Орта Азия кіндігіндегі Елордамыз еңселі бола берсін.

Ғалиасқар САРЫБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 

Қатысты жаңалықтар

Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Бүгін, 12:30
Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Бүгін, 12:03
Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін, 11:54
Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Бүгін, 11:30
Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Бүгін, 10:58

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.