Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ҚАШАН КӨШЕМІЗ?

25 сәуір 2019
РУХАНИЯТ
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ҚАШАН КӨШЕМІЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтқан болатын. Осыған орай Қарасаз ауылдық кітапханасында «Латын қарпіне көшу – болашақтың бағдары» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары қатысқан жиында кітапхана оқырмандары өздерін толғандырған ойларды ортаға салып, мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуінің тиімділігін талқылады.

Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Расында туыстас түркі халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ. Латын қарпіне көшу мәселесі еліміз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері талқыланып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 2025 жылға дейін латын қарпіне көшу қажеттігін «Қазақстан – 2050» Стратегиясында мәлімдеген болатын. Яғни, 2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтар мен құжаттарды латын әліпбиімен бастыру қажеттігін алға тартып, еліміз үшін маңызды қадам жасаудың кезеңі келгендігін ұғындырған еді.

Ең бастысы латын қарпіне көшу қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етері анық. Себебі, әлемдік тілдермен тең дәрежеде қолданылып, қолданылу аясы кеңейетін тіліміз алыс-жақын шет мемлекетте жүрген қандастарымызбен қарым-қатынас жасауда аса тиімді болмақ. Латын таңбасын ертеден пайдаланатын әлемнің 100-ден астам мемлекеті барлық деңгейдегі құжаттар мен іс-қағаздарына осы әліпбимен жазады. Түркі халықтарының ішінде Түркия мемлекеті 1929 жылы алғашқы болып латын әліпбиін қолданысқа енгізген. Ал, ТМД кеңістігіндегі туысқан Әзірбайжан 1992 жылы, Өзбекстан мен Түрікменстан елдері 1993 жылы латын жазуына көшкен-ді. Қазақстан 1929-1940 жылдар аралығында латын жазуын пайдаланғаны тарихтан мәлім. Бірақ Кеңес одағының идеологиялық ұстанымына орай, күшпен кирилл қарпіне көшірілген Қазақстан халқы өткен ХХ ғасырда 3 рет әліпби ауыстырды. Атап айтқанда, орта ғасырлардан бастап 1929 жылға дейін қолданылған араб графикасы саяси жүйенің әсерімен латын қарпіне ауыстырылады. 1929 жылдан 1940 жылға дейін ұлт руханиятына үлес қосқан латын әліпбиінің орнына кирилл әрпі келіп, бүгінгі күнге дейін қолданылып келді.

Интернет желісіндегі деректерге сүйенсек, бүгінде әлем елдерінің 70 пайызы латын жазуы арқылы білімді меңгеріп, ғылыми зерттеумен айналысуда. Бұл – оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт, қорғаныс салаларына қатысты жазбаша ақпараттың барлығы латын әліпбиімен жазылады, қоғамдық өмірдегі жаңалық атаулы осы графикамен таралады деген сөз.

Мөлдір САТЫМҚҰЛОВА,
Қарасаз ауылдық кітапханасының қызметкері
Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.