Талдықорған: +23°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ТІЗЕМНЕН СҮРІНДІРСЕҢ ДЕ, ТІЛІМНЕН СҮРІНДІРМЕ

31.03.2019
ТҮПСАНА
ТІЗЕМНЕН СҮРІНДІРСЕҢ ДЕ, ТІЛІМНЕН СҮРІНДІРМЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дейтін дана халқымыз қай заманда да жүйелі сөзге тоқтаған. Сөз асылын, орынды сөзді «аталы сөз» деп жоғары бағалаған. Бір ауыз сөзбен ердің құнын кешірген. Әр қазақ айта білген, тыңдай білген, оған тоқтай да білген. Олар: «Я, Аллам, тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндірме» деп тілеген. Соған сәйкес хан, би, бай, төрелер де шешендер мен ақындарды басына көтере сыйлаған.

Кіші жүздегі атақты Баймағамбет сұлтан өзін өлім жазасына кескен Шернияз ақынды сөз тапқан шешендігі мен тектілігі үшін кешірім жасап, алдына мал салып берген. Орыс қанішерлерімен он жыл соғысқан Кенесары хан дұшпандарына жол көрсеткені үшін Арыстанбай ақынды өлімге бұйырғанда, дар алдында тұрған ақын:
Кенеке, жақсы көрсең, қарашыңмын,
Жек көрсең де өзіңнің 
      Алашыңмын.
Атаңа алты қатын алып
          берген,
Атығай Қарауылдың
            баласымын! – дегенде, хан: «Аталы сөз айтып, аруақты ауызға алды ғой, босатыңдар», – деген екен.
Бірде Алматыдан Талдықорған бағытында қатынайтын шағын автобуспен келе жатып Қызылжарда тұратын қызына бара жатқан Сүйеубек Жолбарысұлы дейтін замандасыммен таныстым. Жолды қысқарту үшін екеуміз аз-кем әңгіме-дүкен құрдық. Сүйегі Кіші жүз әлімнен тарайтын төртқара шалың сөзуар болып шықты. Содан естіген бір-екі әңгімемді оқырман жұртпен бөліскенді жөн көрдім.
Сыр өңірі – жыр өңірі Қазалы ауданының «Октябрь» кеңшарында Әбдірәзақ Қаналиев деген азамат шаруашылықтың жанармай құю бекетін басқарады екен. Шала-пұла ақындығы бар Әбекең автоцистерналарға бормен өзі құрастырған өлеңдерді жазып, оны шопырлар, трактор жүргізушілері жаттамаса жанармай құймаймын деп қоқан-лоққы жасайтын әдеті болыпты. Кейде онысы жұмысқа да кері әсерін тигізген көрінеді. Мұны естіген кеңшар директоры Самұрат Жиенқожаев ашуына мініп: «Ақын тұрмақ Құдай болса да жұмыстан шығарамын», – деп қолма-қол бұйрық шығартып, қол қойыпты. Кеңсеге «кінәлі» Әбдірәзақты шақыртып, оның кемшілігін бетіне басып, қызметінен босатылғанын естіртеді. Сонда Әбекең тұрып: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», айтатын датым бар деп былайша бірауыз өлеңмен қайырыпты:
– Самұрат-ау, Самұрат,
Бұзауың кетсін жамырап.
Бала-шағаң шуылдап,
Анаң қалсын аңырап.
Кішкентай ғана мінімді,
Көрмей-ақ қойсаң не қылад… 
«Аталы сөзге арсыз да тоқтайды» деген мақал есіне түсті ме, әлде қарғыс араласқан сөзі бар даттан қорықты ма екен, директор райынан қайтып, Әбдірәзақ жұмысында бәз-баяғынша қалыпты.
Сол елде Шындалы Бердібаев деген парторгтық қызметінен босап, орнына өзінен жасырақ маман сайланыпты. Астыларында байлаулы жеңіл көліктері жоқ қос парторгке бригадаларды аралап шығу үшін бірі қызметін өткізсе, екіншісі қабылдап алады дегендей, кеңшардың жүк машинасын бөліпті. Жолға шығарда бала парторг зып етіп кабинаға бірінші отырып алған көрінеді. Жасын сыйламаған баланың мінін сынаған ескі парторг қолма-қол бір ауыз өлең құрап:
Шындалы Бердібаев,
Парторгтан аяғың
            кетті тайып.
Енді саған кабина жоқ,
Кузовқа отырсаң да
     болмас айып, –  депті.   
Жіберіп алған ағаттығын ұққан жас парторг бірден кешірім сұрап, ағалап кабинаға отыруын өтінсе, Шындалы: «Жо-жоқ, кабина барған жерге кузов та барады» деп илікпепті.
Бұрынғы Талдықорған облысы Киров ауданы «КПСС-тің ХХІІІ съезі» атындағы кеңшардың орталығы Октябрь елді мекенінің маңындағы шабындығынан шауып, кептіріп, тасып алуға дайындап қойған жоңышқасын трактордың артындағы тіркемесіне толтыра ұрлаған көршілес «Қазақстанның 10 жылдығы» ауылының тұрғынын ізімен қуып, тапқан бөлімше меңгерушісі Қазыбек Байжұманов: «Қырам да жоям. Жоңышқаны қайтар, болмаса милицияға ұстап беремін» – деген көрінеді. Бұл жерде айта кететін бір жайт, шөп «ұрлаушы» Кольцовтің ұлты орыс. Оны жетімдер үйінен асырап алған ауыл қазағы орысша тегін өзгертпей, тек есімін Ермек деп қойыпты. Ал оның келіншегі қуғыншы Қазыбектің аталас туысының қызы екен. Қазақы ортада өскен, асырап алған ата-анасының бойына сіңірген қазақылығы бар Ермек күйеу саспастан: «Маған қыздарыңды қиғанда, еркелігімді көтеріп, бір тележка жоңышқаны қимағандарың ба?» – депті. Сонда аталы сөзден тосылған Қазыбек аға дауды жалғастырмай ауылына қайтқан екен. Осы әңгімені маған жеткізген бүгінде атауы Жарлыөзек ауылы боп өзгерген, сол елдің байырғы тұрғыны Аманжол Нұрпейісов деген азамат.
Мұндай тауып айту да, аталы сөзге тоқтаған азаматтар да ел ішінде көп болған. Олардың сөзі ел-жұрт ішінде ұзақ сақталып, қазақы қалыптың үлгі-өнегесі түрінде жалғасып отыр. Бұл жақсы ғұрып күні бүгінге дейін өз құнын жойған жоқ. Айтылған шағын үш мысал соның дәлелі емес пе?!
 
Әбдісамат МЫЛТЫҚБАЕВ, 
зейнеткер
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

03.04.2026
Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

03.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

03.04.2026
2026 жылға мәжбүрлеп таратуға жататын Жетісу облысы салық төлеушілердің алдын-ала тізімі

2026 жылға мәжбүрлеп таратуға жататын Жетісу облысы салық төлеушілердің алдын-ала тізімі

03.04.2026
Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.