Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘРТІСТЕРГЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

28 наурыз 2019
РУХАНИЯТ
ӘРТІСТЕРГЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАҒЫ БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының майталман актерлеріне деген жетісулықтардың пейілі бөлек, сезімі айрықша. Оны Халықаралық театр күні мерекесіне жиналған көрерменнің көптігінен тағы бір мәрте айқын аңғарғандай болдық. Саф өнердің шырақшысындай сахна қаһармандары Халықаралық театр күнін жылдағы дәстүр бойынша ерекше атап өтті. Алдымен театр алдында көш бастаған ағалар, орта буын актерлер, жастар болып қызыл кілемшемен жүріп өтсе, салтанатты шара ары қарай сахнада жалғасын тапты.

Игі шара басында театр тарихы жайлы арнайы түсірілген бейнефильм көрсетілді. Одан кейін алғашқы болып облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев сөз алды. Ол:

– Театр – қоғамның айнасы. Бекзат өнер жалпыға ортақ. Сондықтан, Халықаралық театр күні тек сахнагерлердің емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Баршаңызды осынау айтулы күнмен құттықтаймын! – дей келе, өнер қара шаңырағының репертуары жаңа қойылымдармен толыққанын, театрдың жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы Орта Азия елдерінің VII халықаралық театр фестивалімен тұспа-тұс келгенін, аталмыш фестиваль дәстүрлі түрде Жетісу жерінде өтетіні үлкен жетістік екенін атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі Амандық Баталовтың ыстық сәлемін жеткізіп, өнер майталмандарына шығармашылық табыс тілейтіндігін айрықша жеткізді.

Ақ еділ ниеттен кейін Ақан Жылқышыбайұлы марапаттау рәсімін өткеріп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын, облыстық мәслихаттың және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Алғыс хаттарын өнер майталмандарына тапсырды. Сонымен қатар, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы дайындаған «Үміт», «Көрермендер көзайымы», «Дарын», «Ең үздік сахнагер», «Ең үздік әйел бейнесі», «Ең үздік ер бейнесі», «Жыл актері» номинациялары да сахна саңлақтарына табыс етілді.

Сонау жылдары облыс орталығы Алматыға ауыстырылып, Талдықорған қаласы қаңырап қалғандай болған аумалы-төкпелі кезде театрға басшылық етіп, өнерді өшірмеуге тырысқан жанкешті актерлерімен бірге театрдың шырағын жаққан Сағындық Жұмәділ мен соңғы үш-төрт жылда директорлық қызметті абыроймен атқарып, қара шаңырақтың ұлы жолдағы жетістіктерін еселеуге күш-жігерін салған, ұжым жаңа ғимаратқа көшкелі бері құрметті демалысқа шыққан Ғалия Темірбаеваға «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Оған қоса, туған топырағында еңбек етпесе де ел өнерінің көшін өрге сүйреп, халық үшін тер төгіп жүрген жерлестерінің ерен ерлігін ескерген шырайлы шығыс өңіріндегі ел ағалары ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты Аян Қожбанова «Үржар ауданының Құрметті азаматы» атанды. Қарадаланың жұрты да қара баласының таланты мен қабілетіне, сара жолдағы жемісті еңбегіне сай Ерлік Қалибекке «Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы» атағын берді.

Марапаттау сәтінен кейін театрдың анасы атанған Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова мен «Құрмет» орденінің иегері Серік Нұрхалық сөз алып, ақ лебіздерін білдірді. Олар өнерге деген қамқорлығы мол облыс басшылығына алғыстарын жеткізіп, театр майталмандары мен көрермендері мерекемен құттықтады.

Шырайлы кештің соңы Сүйінбай атындағы облыстық филармония өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

                  Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.