Талдықорған: -1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

27 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ

27.03.2019
РУХАНИЯТ
27 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан 19 жыл бұрын Халық әртісі Есмұхан Обаев пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Татьяна Наурызбаеваның курсы, жетекші мұғалімдеріміз Талас Өмірзақов (Әмина апамның ұлы), Бекболат Құманғожаевтың курсы, яғни, менің курстастарым Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Қызылжар қаласынан Сәбит Мұқанов атамыздың 100 жылдық мерейтойына орай қазақ сазды-драма театрының шаңырағын көтеріп, уығын қадаған едік.

Жалпы, театр әлеміндегі осы бір тарихи сәт бір курстың өмір парағына өшпестей болып жазылған. Кім ойлаған? Арада жылдар өткенде мен журналистикаға бет бұрдым. Театрдың ішкі әлемін жақсы білетін бір адамның да журналист болғаны дұрыс шығар. Қазір ол театрда курстасымыз, «Құрмет» орденінің иегері Біржан Жалғасбаев директор. Бір курстасым Руслан Сеңкебаев — Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрының директоры. Бұл театр да мені қаламгерлік әлемге шығарып салған қара шаңырағым. Курстасымыз Баян Қажнәбиева М.Әуезов театрында еңбек етеді, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаз, театр және кино әртісі, Ербол Шүкіров те аталмыш академияда ұстаз, кино актері, Мәншүк Айтмұханбетова елге «М-Ломбардтағы» жарнамада тығылып жүретін Алтынай есімімен танымал. Толқын Сұлтанова Шалқар радиосының белді журналисі, Кенжекей Ақжолова облыстық Сүйінбай атындағы филармония әншісі, Анар Әбдірешова балаларға арналған бағдарламаларды жасаудың хас шебері, Анар Алтыбаева Тараз театрында еңбек етуде. Нұржан Садыбеков кино актері. Айта берсем, менің курстастарымның осалы жоқ. Төл мерекемен барша театр әлемінің майталмандарын құттықтап, төмендегі өлеңімді жолдаймын.

ТЕАТР. САХНА. АКТЕР
Жаралы жанның жанардан жасын тиятын,
Соқыр кеудеге сиқырлы сезім құятын,
Бетіңде тұрған ар-ожданың мен ұятың,
Өнердің қара шаңырағысың – Театр.

Көрермен залы, іштегі у-шу басылды,
Қан қызыл түстес шымылдық жайлап ашылды.
Арғы жағынан басталды-дағы бір өмір, 
Көрсетіп жатты сан мың жыл мен ғасырды.

Батырдың үні – бабадан бата сұраған, 
Арудың үні – айғайлап құздан құлаған.
Баланың үні – анасын жоқтап жылаған, 
Ананың үні – Алладан медет сұраған.

Қозының үні – «Баян» деп тауды жаңғыртқан, 
Жібектің үні – Төлегенді іздеп зар жұтқан. 
Халықтың үні – «Елім-ай» әнін зарлатып, 
Қалмақ пен жоңғар жерінен қуып қаңғыртқан.

Ал енді бірде сахна іші бір түрлі,
Басқа арнаға әкетер бұрып ырқыңды.
Қуалап шығып, іштегі ала бұлтынды,
Қарап отырып тия да алмайсың күлкіңді.

Көкірек көзің осыдан сәуле тапса егер,
Көңілің сенің еш алаңдамай нақ сенер. 
Осының бәрін алдыңа жайып салатын, 
Өмірде адам.
Өнерде алғыр, хас-шебер.

Жігерің жетсе қарап отырып, шыдап көр,
Бірге күл, күлсе, жыласа бірге жылап бер.
Сенбесең кел де, көзіңмен көр де, сынап бер, 
Жаныңа шуақ, бойыңа қуат беретін,
Өмірде адам, өнерде аты – шын актер.

Тексізі шексіз көбейіп тұрған қоғамда,
Театр керек маған да, саған, оған да.
Қалмасын десең рухың бұғау боданда,
Өнерге өмір тілейік біздер оданда!

Жұматай ОСПАНҰЛЫ,

ҚР Мәдениет қайраткері

Қатысты жаңалықтар

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын.

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын.

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.