Талдықорған: +15°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КӨРІСУ БІР КҮНМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ

15 наурыз 2019
РУХАНИЯТ
КӨРІСУ БІР КҮНМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жер жаннаты Жетісудағы Ұлыстың ұлы күнін ұлықтау дәстүрі киелі өнер ордасы – Б.Римова атындағы драма театрынан басталды. Игі шара айдан аман, жылдан есен шыққанына шүкір ететін Көрісу күніне орай ұйымдастырылды.

Тойшыл қауымды облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев құттықтап, аймақ басшысы Амандық Баталовтың ізгі тілегін жеткізді.

– Мына Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарқанын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарқанға тәттілерін қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне: «Бір жасыңмен!», – дейді. Бұл «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкендерге кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашуы керек, яғни, түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын дорба ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарқанынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден салып алады. Қазақ қашанда дастарқанын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарқанымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған. Сондықтан, берекелі де мерекелі күндеріміз көп болсын дегім келеді, – деді Ақан Жылқышыбайұлы.

Танымал актер Сағындық Жұмаділовтың айтуынша, Наурыз мерекесінің алдында айрықша аталып өтілетін бұл салт халқымызда ежелден бар. Ол Ай мен Үркердің тоғысар мезгіліне тура келетіндіктен кей жерлерде тоғыс деп аталады. Ал, еліміздің батыс облыстарындағы жұрт оны көрісу, яғни амал деп атап, жыл сайын 14-15-ші наурызда ерекше тойлап келеді.

Амал күні – жақсылыққа толы күн. Бұл Талдықорғанда алғаш рет тойланып отыр. Мұндағы мақсат – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барымызды бағамдап, жоғымызды түгендеп жатқан, бүгінгі күнде ұмыт бола бастаған осындай қазақи салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту. Осы арқылы жастарды тарихтан тағылым алып, тілін, дінін, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауға тәрбиелеу.

Әжелердің ақ шашуымен басталған шара барысында театр ұжымы  өз өнерлерін ортаға салса, қариялар ақ батасын арнап, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, құт-береке тіледі. Айта кетейік, Көрісу бір күнмен шектелетін мереке емес, ол наурыздың 14-інен басталып, айдың соңына дейін жалғаса бермек. Бұл бастаманы қолға алған театр ұжымы атаулы мейрамды басқа да аудан мен ауыл-аймақтар жалғастырады деген сенімде.

Салтанатты шарадан кейін қала жұрты арнайы әзірленген наурызкөжеден ауыз тиіп, ақ дастарқаннан дәм татты.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28
Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Бүгін, 12:25
Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Бүгін, 12:17

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.