Талдықорған: +35°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘКІМДЕР САЯЖАЙДА: ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ?

19.02.2019
КҮЛТӨБЕ
ӘКІМДЕР САЯЖАЙДА: ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Экономикамыз өсіп,  нығайған сайын Талдықорған қаласының келбеті де айшықтана түсті. Көз тартатын көпқабатты үйлерді айтпағанның өзінде ауыл маңындағы саяжайлардың да жағдайы жақсарды. Бір кездері ашық алаңқай болып жататын қалаға кіреберіс тұсқа орналасқан Ынтымақ ауылы да күн өткен сайын жаңа үйлермен толығып, сәулеті де, салтанаты да толыса түсті. Мұның бәрінің тынымсыз еңбектің арқасында жүзеге асып жатқаны бесенеден белгілі. Облыс әкімі Амандық Баталов қала маңындағы саяжайлар мен Көктал, жаңадан бой көтеріп жатқан Ынтымақ, Жастар-2 ауылдарын аралап, ондағы тұрғындардың тыныс-тіршілігін көріп қайтты.

Облыс басшысы алдымен Ынтымақ ауылына ат басын бұрды. Бүгінде қаланың келбетін аша түскен атшаптырым аумақты алып жатқан жаңа ауыл тынымсыз тіршілікпен біте қайнасып кеткен. Ауылдың қазіргі бет-бейнесі бөлекше. Жалпы 2 мыңнан астам жер теліміне бүгінде 500-ден астам үй салынып, оның 250-ге жуығы жекешелендірілген. Электр, су желілері тартылып, тұрғын халықтың тірлігіне дем бере түскені байқалады. Бұрынғыдай жоспарсыз үй сала беретін тәртіпсіздік жойылып, құрылыс жұмысы белгіленген жоба-жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. 
Дегенмен, әлі де кемшіліктер жетерлік. Оның ең бастысы, ауылдан қалаға қатынайтын қоғамдық көліктердің жеткіліксіздігі. Облыс әкімі ең алдымен осы мәселені сынға алды. Сосын ауылдың  инженерлік инфрақұрылымы өлшемге сай жасалмаған. Электр желісі тартылғанмен  реттілік жоқ. Су желісі тартылғанмен тұрғын үйлерге әлі су кірмеген. Ауылда салынуға тиісті мектеп, балабақша, медициналық пункттің жоба-жоспары дайын емес. Шайынды суларды ағызатын кәріз жүйесі де жобалаушылардың назарына ілінбепті. 
Ынтымақ ауылына қарағанда Жастар-2 ауылының жағдайы жақсы. Алайда бұл жердегі ең өткір мәселе – ауыларалық жолдардың әлі де асфальтталмай жатқаны және қоғамдық көліктің жеткіліксіздігі. Бірақ қала әкімі биылғы жылы Жастар-2 ауылындағы көшелердің бәрі асфальтталады деп сендірді. Осы кемшіліктерді атап көрсеткен облыс әкімі Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев пен тиісті мекеме басшыларына орын алған кемшілікті жоюға екі апта уақыт берді.
Бұрынғы жылдары қала іргесіндегі Шайқорған, Қызылтас, Үйтас, Ашыбұлақ (Алмалы) саяжайларындағы жағдай да мәз емес еді. Сол жылдардағы әкімдер есебінде саяжайлардың мәселесі өткір қойылатын. Қазіргі таңда сол кемшіліктің дені жойылған.
Десе де, Шайқорған саяжайындағы көше жолдары сапасының нашарлығы тұрғындарды қатты алаңдатады. Ал Қызылтас саяжайын қаламен бөліп тұрған Қаратал өзеніне бірнеше жыл бұрын салынған көпір бұл күнде ескірген. Саяжай тұрғындарын қалаға таситын қоғамдық көліктер Қаратал өзенінен өте алмағандықтан Қызылтас  саяжайының тұрғындары автобус аялдамасына дейінгі бір шақырым жолды жаяу басуға мәжбүр. Амандық Баталов көпшіліктің уәжін тыңдаған соң қала басшыларына Қаратал өзеніне жаңа көпір салу мен Қызылтас саяжайының жолдарын ретке келтіріп, жөндеу жұмысын күзге дейін бітіруді және қоғамдық көліктің бағытын реттеп, саяжайға дейін созуды тапсырды.  
Үйтас саяжайының тұрғындары да тұрып жатқан жерлеріндегі қордаланған мәселені облыс әкіміне жайып салды. Тіпті, Үйтас саяжайында өткен жылы салынған мешітті заңдастыра алмай жүргендерін айтып, көмек сұрады. Аймақ басшысы Үйтас саяжайының электр, су желілеріне, инженерлік-коммуникациялық қызметіне, жолдарына мемлекеттік бюджет есебінен толықтай күрделі жөндеу жүргізілетіндігін жеткізді. Тіпті республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны күтпей-ақ жергілікті бюджет есебінен 200 млн. теңгеден астам қаржы бөліп, электр желілерін тарту жұмысын бастай беретінін білдірді. Сондай-ақ, тұрғындар құжаттандыра алмай жүрген мешіт мәселесін заңды жолмен шешіп беруді тиісті мекеме мамандарына табыстады.
Облыс әкімі ең соңында Талдықорған – Өскемен күрежолының бойына орын тепкен Көктал ауылына барды. Қала іргесіндегі ауылдың бүгінгі бейнесі жаңарған, ауызсу мәселесі түбегейлі шешілген. Бірақ ауыл ортасын кесіп өтетін қос көшеге жөндеу жұмысын жүргізу керектігі көрініп тұрды. Осы және басқа да кемшіліктерді назарға алған Амандық Ғаббасұлы Көктал ауылының көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу, Еркін ауылындағы жаңа емхананың құрылысын аяқтау, Көктал ауылындағы ескі мәдениет нысанын күрделі жөндеуден өткізу, әлі де электр жарығына жарымай отырған ауылдың шеткі көшелеріне электр желісін тарту, ауылдың ортасындағы саябақты күрделі жөндеуден өткізу жайын қаланың биылғы жоспарына енгізіп, күзге дейін толық атқаруды қала басшысына айрықша тапсырды.
Осылайша жарты жұмыс күнін қала іргесіндегі ауылдар мен саяжайларды аралауға жұмсаған аймақ басшысы облыстық мекеме және қала басшыларына орын алған кемшілікті тез арада жою жөнінде қатаң тапсырма берді.

Қажет АНДАС,

«Жетісу»

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Отбасы өнегесі – бала болашағының темірқазығы

Отбасы өнегесі – бала болашағының темірқазығы

23.06.2026
UFC. Жеңілмеген кім қалды?

UFC. Жеңілмеген кім қалды?

23.06.2026
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

23.06.2026
Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

23.06.2026
Әуезді әнмен тербеген

Әуезді әнмен тербеген

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.