Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ТОП ЖАРДЫ

10 желтоқсан 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ТОП ЖАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек  спортынан ҚР V кубогының финалдық кездесуі өтті.

Шарада Алматы облысы спортшыларының жеткен жетістігі жайлы бейнебаян көрсетілді. Осыдан кейін облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев сөз алып:

– 2018 жыл спортшыларымыз үшін жақсы нәтижемен басталды. Ел намысын қорғаған Арман Әшімовтің жеткен жетістігі көп. Ол ҚР ММА кубогының жеңімпазы, К-1 бойынша Қазақстан, Еуразия және Еуропа чемпионы және кигбоксингтен спорт шебері. Облыс спортшылары әлі талай додаларда топ жарып, байрағымызды көкте желбірететініне сенімдімін, – деп ақжарма тілегін ақтарды.

Өз кезегінде сөз алған Қазақстан ММА Федерациясының бірінші вице-президенті Асылбек Дүйсенов былтыр Алматы облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте ел чемпионы атанғандығын тілге тиек етіп, облыс спортшыларына сәттілік тіледі.

Дода тартысқа толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында 52 келі салмақта бірінші орынды облыс намысын қорғаған Толқын Дәуренбекова иеленсе, Шығыс Қазақстан спортшысы Шынар Жүсіпова тұғырдың екінші сатысынан көрінді. 56 келі салмақта бірінші орынды жерлесіміз Аян Тұрсын жеңіп алса, шығысқазақстандық  Дарина Абылғазина екінші орынға тұрақтады. Ал 65 келі салмақта алғашқы орын алматылық Саида Хасеноваға бұйырса, екінші тұғырға облысымыздың спортшысы Дидар Екпін шықты.

Ерлер арасында 56 келі салмақта бірінші орынды Алматы облысының балуаны Дастан Жақыпбеков, екінші орынды Шымкент қаласынан Ербол Нұрбек, қола жүлдені шымкенттік Дихан Тоқтар Ақмола облысынан Дархан Үңілбеков қанжығасына байлады. 61 келі салмақта бірінші орынды алматылық Жасұлан Мейірманов екінші орынды, Атырау облысынан Абылай Көргенов үшінші орынды астаналық Ақылбек Рашев пен жергілікті балуан Жандос Қайыркенов иемденді. 65 келі салмақта бірінші орын облысымыздың намысын жыртқан Жандос Нұрмағамбетовке бұйырса,  екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан келген Асхат Тілеужан жеңіп алды.

Жетісудың тағы бір спортшысы Шайырбай Ержан мен Жамбыл облысының балуаны Магамед Аманов үздік үштіктің қатарынан көрінді.  70 келіде қарағандылық Виталий Радионов алтынмен апталса, Алматы облысының спортшысы Досжан Кенжебай күміспен күптелді. Ал Асхат Кеңесбеков пен Бекзат Акишев қола жүлдегер атанды. 77 келіде Алматы облысынан Жан Кенжебаев тұғырдың бірінші сатысынан көрінсе, астаналық Бағлан Телібаев екінші жүлдені қанағат тұтты. Қарағандылық Орынбасар Абжалов пен Жамбыл облысынан Сәбит Түлендиев қола жүлдені еншіледі. 83 келіде бірінші орын астаналық Александр Валға, екінші орын Алматы облысынан Мәди Досмұхаметовке, қола жүлде алматылық Әшімхан Мәулен мен қызылордалық Тимур Сулаевқа бұйырды.

93 келіде қарағандылық Зелимхан Хумаидов, астаналық Бахтияр Сәрсекеев, алматылық Әмір Әлемсейіт жүлделі орындардан көрінді. 120 келіде Алматының қос спортшысы Александр Дя алтын, Ерасыл Төлепберген күміс медальді жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша, Алматы облысының командасы бас жүлдені қанжығасына байлады. Спортшыларды Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлив марапаттады.

* * *

Шара ересектер арасындағы аралас жауынгерлік жекпе-жек ММА спортынан өткен «Battle of Nomads» атты халықаралық турнирімен жалғасты. Онда үш белдесу болды.

Байрақты бәсеке тартысты өтті. Жастар спорт сарайында ине шаншар орын жоқ. Отандастарымыз шыққан сайын жанкүйерлер қиқулап, спортшылардың делебесін қоздырып отырды. Алғашқы бәсеке еліміздің спортшысы  Дмитрий «Небесный войн» Кудинов (5-3-0) пен қырғызстандық Адис Талайбекуулу (3-0-0) арасында өтті. Жекпе-жек бірінші минуттан-ақ ел спортшысының басымдығымен өтті. Үш раунд бойы қарсыласын соққының астына алған қазақстандық сары бала төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

Екінші кездесуде сегіз бұрыш төріне жерлесіміз Шавкат «Номад» Рахмонов (9-0-0) пен қырғызстандық  Ринат «Рико» Саякбаев (10-4-0) шықты. Бұл кездесу ұзаққа созылмады. Алғашқы раундта қырғыз балуаны жарақат алып, жеңіс жерлесімізге бұйырды.

Бұл кештің маңызды бәсекесі байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғап жүрген спортшымыз, Алматы облысының тумасы, ҚР ММА кубогының жеңімпазы, К-1 бойынша Қазақстан, Еуразия және Еуропа чемпионы және кигбоксингтен спорт шебері Арман Әшімов (8-3-1) пен Кристиан Горсиа (10-4-0) арасында өтті. Бұл кездесу де ұзаққа созылған жоқ. Гонг соғыла салысымен қарсыласына соққыны қарша жаудырған Арман алғашқы раундта-ақ жеңіске жетіп, ел абыройын ақтады.

Айдар ҚАЛИЕВ,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Бүгін, 10:30
Жетісуда ауылдар газдандырылып, теміржол вокзалдары жаңартылды

Жетісуда ауылдар газдандырылып, теміржол вокзалдары жаңартылды

Бүгін, 10:05
Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Бүгін, 09:30
Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Бүгін, 09:28
Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионы атанды

Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионы атанды

Бүгін, 09:25

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.