Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ

03.11.2018
МІНБЕР
ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

    «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының XXIV есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, өңірдегі атқарылған жұмыстарға оң баға берілді. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев, облыстық мәслихат төрағасы Сұлтан Дүйсембінов, партияның аудандық, қалалық филиалдарының төрағалары – әкімдер, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аумақтық партия филиалдарынан сайланған 368 делегат қатысқан конференцияда партия Жарғысына сәйкес «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің, бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланып, Саяси кеңестің ашық отырысы өтті.

 

   Елбасының «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы мен Жолдауларында айтылған және «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асырудың нәтижесіне арналған конференцияда облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев партия филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдарда атқарған жұмысы туралы баяндама жасап, жаңа жобалардың тиімділігі, мүмкіндігі, ұрпақ тәрбиесіне тигізер ықпалы жайлы жан-жақты айтып өтті. Өз сөзін:
– Тәуелсіз еліміз ширек ғасыр ішінде талай әлемдік қатерлерге, қиыншылықтарға қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды,  әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақтан – 2050» Стратегиясы, Жолдаулары, «5 институционалды реформа: «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған жайттар кезең-кезеңімен жүзеге асып, халқымыздың әл-ауқаты артуда, – деп бастаған Ғалиасқар Төлендіұлы партия жұмысындағы оң өзгерістер мен жаңару толқынын сипаттап өтті. 
   Баяндамашының айтуынша, есепті кезеңде аумақтық партия филиалдарында Саяси кеңес бюросының 189 отырысы өткізіліп, берілген 229 тапсырманың 187 орындалды. Өткізілген 149 депутаттық фракция жиналысында берілген 79 тапсырманың 64-і толығымен іске асты. Сондай-ақ, сапалы кадрлық резервті жасақтау мәселесі облыстық филиалдың жіті бақылауында. Соңғы екі жылдың ішінде кадрлық резервке ұсынылған 441 азаматқа қайта іріктеу жасалып, 162 адам кадрлық резервке лайық деп танылды. Осылайша сапасы мен саны сұрыпталған «Нұр Отан» партиясы жаңашылдық пен жаңалыққа толы, көпшілікке есігі ашық ортаға айналып отыр. «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы ішкі саяси жұмыстарын сандық жүйеге көшіріп қана қоймай, еліміздегі ІТ-саласын дамытуды қолға алды. Соған орай облыстағы агротехникалық және политехникалық колледждерде іске қосылған ІТ орталықтардың материалдық-техникалық базасы СТЭМ – Академиясының оқыту бағдарламасы негізінде әдістемелік құжаттармен толықтырылды. Орталық жұмысымен арнайы танысқан партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жоғары баға берді. Одан бөлек, облыста 20 ІТ сынып, ІТ-мектеп лицей ашылып, оқушыларға робототехника, 3Д модельдеу, бағдарламалау, Жава, Руби, арифметика негіздері, комбинаторика, болжам теорияларының негіздері бойынша білім берілуде.
   «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының XXIV есеп беру-сайлау конференциясында айтылған жайттарды талқылау үшін жарыссөзге шыққан облыстық мәслихат депутаты Жақсылық Үшкемпіров, партияның Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат, Текелі қаласындағы «Болашақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ақтолқын Ысқақова, «GULSAR» қоғамдық бірлестігінің Нұрболат Қарабасов, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Римма Салықова, Панфилов ауданы, Абай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлдана Бегімбекова, «English for Jastar» жобасының ерікті қатысушысы Кори Дикконсон, неміс этномәдени орталығының мүшесі Егор Молодцов, «Көшбасшы – 2017» жастар сыйлығының иегері Лариса Фоменко, «Жетісу» әуе компаниясы АҚ-ның «ЯК-40» ұшағының командирі Аманқос Иманғалиев есепті кезеңдегі партия жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріп, саяси ұйымның жетістігі туралы өз ойларын жеткізді.
   Мінберге көтерілген «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов партия мүшелеріне артылар жауапкершіліктің жүгі салмақты екендігін ұғындырды. Оның айтуынша, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында айтылған, көтерілген тақырыптардың бәрі де осыған дейін қоғамның талқысына түскен өзекті мәселелер. Жолдауда нақты шешімдері көрсетілген мәселелердің қатарында халықтың табыс көлемін арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттеу, табиғи монополиялар тарифін шектеу, жолдардың сапасы, шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру, қаржылық тұрақтылық сынды мәселелер жұмысы бар. Астаналық мейман, сондай-ақ, қолжетімді баспананы «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы салымды субсидиялау алдымен мұғалімдер, дәрігерлер және полиция қызметкерлеріне қатысты екендігін, соған орай жақын арада 250 мың қазақстандықтың баспанамен қамтылатынын атап өтті. Осыған байланысты жұмысты белсенділікпен, асқан жауапкершілікпен атқару керектігін алға тартқан Фархад Шаймұратұлы жетісулықтардың жұмысына сәттілік, жеміс тіледі.
   Жиын соңында партияның облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Валерий Сапожников есеп беріп, атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Мәди АЛЖАНБАЙ.

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.