Талдықорған: +6°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЙТЫЛҒАН СӨЗ АЛҚАПТА ҚАЛМАСЫН

27 тамыз 2018
ЭКОНОМИКА
АЙТЫЛҒАН СӨЗ АЛҚАПТА ҚАЛМАСЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Санаулы күндерден кейін жүгері өсіретіндер үшін нағыз еңбек майданы басталады. Ала жаздай күтіп, баптап өсірген «дала аруын» жинап, жөнелту жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай аудандағы диқандар науқан алдында бас қосып, жиын өткізді. 

Биыл облысымызда жалпы 80 мың гектарға жүгері өсірілді. Соның 25 мың гектардан астамы соңғы алпыс жыл көлемінде жүгеріні жетекші дақыл ретінде өсіріп келе жатқан жазиралы Жаркент егіншілерінің еншісінде. Бұл елді мекенде «дала аруын» баптау тәжірибесі де, өсіру технологиясы да бай.    
Жиын «Жүгері буданын өсіру технологиясы» деген тақырыпта өтті. Элиталық жүгері тұқымын өсіретін «Ернар» ЖШҚ базасында ұйымдастырылған шараға Панфилов, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле және Ескелді аудандарының жүгерішілері мен ауылшаруашылығы мамандары, зерттеушілер қатысты. Семинарға жиналғандар бірінші «KOPPERT AGRI», «Synqenta», «Eurasia Group» сынды елімізге ғана емес, әлемге белгілі егіншілікке қажетті техникаларды, тыңайтқыштарды, басқа да химикаттарды тарататын компаниялардың өнімдерін тамашалады. Екінші кезекте «Ернар» ЖШҚ жаңа технологиялармен өсіріп, сынақтан өткен, енді жаңа тұқым есебінде өндіріске ұсынылған жүгері алқабымен танысты.    
Семинарды Панфилов ауданының әкімі Темірлан Бектасов ашып, арнайы келген қонақтарды таныстырды. Сөз алған «Ернар» ЖШҚ жетекшісі Тасқын Жапарқұл қожалықтың телімінде сынақтан өткен жүгерінің түрлерін атап, жаңа тұқымдарды кеңінен талдап өтті. 
Бүгінгі ауылшаруашылығы өндірісін ғылым жетістіктерімен байланыстырмау мүмкін емес. Әсіресе, қолжетімді отандық элиталық тұқым табу тауқыметі күн тәртібінен түспей тұр. Егін егу мен оны өсірудің, жинап, өнімін сақтаудың технологиялары да өте маңызды. Мінберге көтерілген академик, Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтының бас директоры Серік Кененбаев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманбек Қасымов, «KOPPERT AGRI» компаниясы директорының орынбасары Рик Вандер Пас, «Балтабай» ЖШС директоры Кәрім Құдайбердиев, «Syngenta» компаниясының маманы Самат Сәрсенов аталған мәселені атап көрсетіп, тың ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, егіншілерді ғалымдармен, зерттеушілермен тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырды. Дала төсінде өткен кеңеске қатысушылар айтылған ұсыныстар алқапта қалмаса игі десіп тарқасты. 

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы 

 

Қатысты жаңалықтар

Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30
Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін, 13:03
Президент:   «Республика күні –  жалпыұлттық сипаты бар мереке»

Президент құттықтаулар үшін алғыс айтты

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.