Талдықорған: +2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Құрлысшыларға құрмет

11 тамыз 2018
ЭКОНОМИКА
Құрлысшыларға құрмет
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл өткен сайын құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Сондықтан болар, қалалардың келбеті өзгеріп, ауылдардың ажары айшықтала түсті. Алыстан көз тартатын көрікті үйлер де көбею үстінде. Елдің әр түкпірінде салынып жатқан ғажайып нысандар мен зәулім ғимараттар жергілікті халықты ғана емес, сондай-ақ, алыс-жақыннан келген шетелдіктерді де таңғалдыруда. Қалай десек те бұл қыстың суығы, жаздың аптап ыстығына қарамастан маңдай терлетіп, еңбектеніп жүрген құрыш қолды құрылысшылардың ерен ерлігі. Сондықтан да олар қай кезде болсын сый-құрметке лайық.

Жылдағы дәстүрге сай тамылжыған тамыз айында тойланатын Құрылысшылар күні мерекесі қарсаңында облыс әкімдігінің үлкен залында салтанатты жиын өтті. Мерекелік басқосуға аталған салаға жауапты басшылар мен мамандар және құрылысшылар қатысып, әріптестер бір-біріне жылы лебіздері мен ақ тілектерін жеткізді. Шара барысында жемісті еңбек етіп жүрген құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, істеріне сәттілік тілеген облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Болат Тәкенов Жетісу жерінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, саладағы жемісті істерге шолу жасады. 
Жиында сондай-ақ, облыстың әр түкпірінде жолдар жөнделіп, көз тартарлық әлеуметтік нысандар мен сәулетті ғимараттардың және көпқабатты тұрғын үйлердің көптеп бой көтеріп, ел игілігіне беріліп жатқаны және мұндай пайдасы мол шарапатты шаруаның әлі де болса жалғасып, жандануына Үкімет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп, қомақты қаражаттың қарастырылатыны айтылды. Осылайша ағытылған ақжарма тілектер мен шынайы алғыстар елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, еңбектеніп жүрген құрылысшылардың көңіл күйлерін бір серпілтті. Салтанатты жиын соңында саланың өрістеуіне күш салып жүрген бір топ құрылысшының есімдері аталып, оларға құрмет көрсетілді. 
Марапатталғандар қатарында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Данияр Әбдібеков, «Еңбек» серіктестігінің директоры Талипхан Әбілдаев, «Құрылыс Жоба Сараптама» серіктестігінің сарапшысы Ким Илларион, «ФУД МС» серіктестігінің директоры Сейітжан Құсайынов және орынбасары Молды Цакаев, облыстық «Мемсараптама» кәсіпорнының сарапшысы Людмила Шульгина Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен берілген «Құрметті құрылысшы» төсбелгісін омырауларына қадады. 
Облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алхыс хатымен  марапатталған құрылысшылар да аз болған жоқ. Бақтұр Жолжанов, Күләтай Исағұлова, Сандыбай Мылтықбаев секілді сала ардагерлері  бағалы сыйлықтарға ие болды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.