Талдықорған: +20°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖАС ҒАЛЫМ ІЗДЕНІСІ

03.08.2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

   Өзгеше ой өрістері, ізденістерімен ерекшеленген, алға қойған қандай да бір мақсатына жетуге тырысатын тұлғалар сапында жас ғалым Дана Қанғалақованың бары даусыз.

 

   Дана Мұратбекқызы мектеп қабырғасында-ақ өзінің математикаға бейім екенін дәлелдеген. Ол 8-сынып оқып жүргенде ауданнан жүлдегер атанып, облыстық математика пән олимпиадасына жолдама алған. Бұдан өзге, отандық, шетелдік классикалық әдебиетке құмар ол «Дарынды оқушы» сайысына жас журналист ретінде қатысқан. Жоғары сыныптарда воллейбол мен баскетболға қызығушылық білдіріп, мектеп намысы сынға түскен сайыстардың бәріне капитан ретінде қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
   Ата-анасының қызметінің ауысуына байланысты 2008 жылы Өскеменге көшіп барып, сол қаладағы 3 мектеп-гимназиясында да үздік оқушы екенін танытты. Сол жылы мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, әл-Фараби атандағы ҚазҰУ-дің «Қаржы» мамандығы бойынша мемлекеттік грантты иеленді. Жоғары оқу орнында жүрген шағында университеттік волейбол құрамасына шақырту алғанымен, ғылым жолына түсуді құп көрді…
   Жоғары оқу орнын 2012 жылы қызыл дипломмен тамамдаған Дана сол жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша магистратурасының грантын  иеленді. Ару қала Астанада оқып жүрген шағында көптеген ғылыми конференцияларға қатысып, бірқатар додаларда топ жарды. Ағылшын тілін еркін меңгергені нәтижесінде шетелдік университеттермен интеграциялану бағдарламасына сай Германияның Дюссельдорф қаласына ғылыми тағылымдамаға барып қайтты. Ал, ЕНУ-ды үздік тамамдаған 2014 жылы ата-анасының бағыттауымен ҚазҰУ-дің Экономика және Бизнес жоғары мектебінің «Экономика» мамандығына докторантураға грантпен түсті. Ғылыми жетекшісі болып экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, 4 рет Парламент депутаты болып сайланған белгілі қоғам қайраткері Оразалы Сабден тағайындалды. Бұдан басқа, шетелдік ғылыми жетекшісі римдік Ла-Сапиенза университетінің профессоры Умберто Триулцы Дананың ғылымға деген талпынысын байқап, екі рет Римдік университетке ғылыми тағылымға шақыртқан.
   Дана Қанғалақова докторантурада оқып жүріп ғылыми жетекшілерінің басшылығымен ізденістен туындаған еңбектерін отандық және шетелдік журналдарға басты. 2015 жылы БғМ-нің тапсырысымен «Шағын бизнес негіздері» атты оқу құралы жарық көрді. Ал бұл оқу құралы арнайы мектеп-гимназиялар, лицейлер мен колледждерге пән ретінде енгізілді. Одан кейінгі жылы ғылыми жетекшісімен бірігіп «ҚР Шағын инновациялық бизнес» заң жобасын даярлап, оны Парламентке қарауға жіберді. Аталмыш заң жобасы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының оң бағасына ие болғанын да атап өту қажет-ақ. Мемлекеттік гранттық ғылыми жоба аясында «Стратегия развития малого и среднего предпринимательства в Республике Казахстан» атты ғылыми монографиясы жарық көрді. Өткен жылдың желтоқсан айында Дана Мұратбекқызы сынақ тапсырып, Экономика мамандығының философия докторы атанды. Докторлық диссертациясын қорғау барысында ғылыми жетекшісі Оразалы Сәбден: «Диссертациялық зерттеу жұмысын жазу барысында Дана Қанғалақова өздігінен іздене алатын, кәсіби білімін тәжірибеде іске асыра алатын білгір, еңбекқор, тиянақты маман ретінде өзін жақсы қырынан танытты… Алдымнан талай ғылым докторлары өтті, солардың ішінде Дананы ерекше бағалаймын», – деп ризашылығын білдіргені бар.
   Қазіргі таңда Дана Мұратбекқызы Қазақстан Ғалымдар одағының мүшесі, БжҒМ-нің Ғылым комитетінің Экономика институтында ғылыми қызметкер ретіне еңбек етеді. Отбасы құрған.  Жас ғалым ретінде ол өз Отанының дамуына молынан күш жұмсайтын, дара ұстанымы, бағыт-бағдары бар, әлі де ғылыми тың ізденістер арқылы таныла берер жас тұлға екені даусыз.

Бибігүл ИСАФИНА

Қатысты жаңалықтар

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026
«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі өтеді

«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі өтеді

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.