Талдықорған: +3°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖӘРДЕМДЕСУГЕ ӘЗІР

24.07.2018
КҮЛТӨБЕ
ЖӘРДЕМДЕСУГЕ ӘЗІР
WhatsAppTelegramFacebook

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін жүзеге асыру жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайымен танысуды мақсат еткен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап Бектұрғанов пен Зағипа Балиева Талғар ауданына арнайы келіп, бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, тұрғындармен кездесті.

 

   Бірінші кезекте Әбдіманап Елікбайұлы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан Талғар қаласындағы 60 пәтерлі үйдің құрылыс алаңына барып, аяқалысын бақылады. Несиелік бағыттағы бұл көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын мердігер компания «СКБ Констракшн» ЖШС жүргізуде. Аудан аумағында кезекте тұрғандарды пәтермен қамтамасыз ету үшін 2636 пәтер салыну қажеттігі зерделенген. Келешекте жалпы аумағы 7 гектар жерді құрайтын жер теліміне «Жаңа Талғар» ықшамауданының құрылысы бой көтеретіндігі де тілге тиек етілді. «7-20-25» бағдарламасының механизмдері іске асырылса, жоғарыда аталған 3 мыңға жуық халық тұрғын үймен толық қамтылады деген сенім бар. «Жалпы ауданы 5352,2 шаршы метрді, келісімшарт сомасы 486,4 млн. теңге қаржыны құрайтын бұл тұрғын үй құрылысын осы  жылдың қыркүйек айының аяғында тапсыру жоспарланған. Біз осы нысанды белгіленген уақыттан кешіктірмей тапсыруға бар мүмкіндігімізді жұмылдырудамыз. Нысанда 61 адам еңбек етуде», – дейді мердігер компанияның директоры Ержан Сарқұлов.
– Талғар ауданына келгенде байқағаным, жақсы жұмыс атқарылуда. Жаңа ғимараттар бой көтеруде. Соның бірі, Дәулет ауылындағы 2017 жылы басталған жаңа мектептің құрылысы алдағы жылдың ақпан айында аяқталуға тиіс болғанымен, қаржының қолбайлау болуына байланысты кешеуілдеп  жатқанын байқап тұрмыз. Мемлекеттік бағдарламамен басталған құрылыс нысанының аяқсыз қалмайтыны белгілі. Дей тұрғанмен, шарттық сомасы 1594,0 млн. теңгені құрайтын нысанның осы күнге дейінгі құрылыс жұмыстарын мердігер компания өз қаржысына салып жатқанын естідік. Сондықтан, бөлінген қаржының толық игерілуін өз тарапымнан назардан тыс қалдырмаймын, – деген халық қалаулысы Әбдіманап Бектұрғанов сапар соңында Еламан ауылындағы №41 орта мектептің акт залында жергілікті тұрғындармен жүздесті. Алқалы жиында ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тұрсынғали Саудабаев, «Сырымбет» шаруа қожалығының төрағасы Байжан Нүсіпқожаев, ауыл ақсақалы Қанат Тәліпов ауылдық жерлердің мәселелерін ашып айтты. Соның ең бастысы, 11 ауылдың басын біріктіретін Қайнар ауылдық округі аумағында бірде-бір емхананың, поштаның жоқтығы қолбайлау екенін жасырмады. Жарық, суға төленетін тарифтің қымбаттығы да құлаққағыс етілді. Ауылдық тұрғындарды баспанамен қамтуда «7-20-25» бағдарламасының ауылдық жерлерге де жетсе деген ізгі тілектерін білдірді. Ауыл белсенділерінің бұл ұсыныс-пікірлері аяқсыз қалмауына көңіл аударатындығын айтқан Ә. Елікбайұлы өз кезегінде Елбасы тапсырмаларының қалтқысыз орындалуына белсене атсалысып отырған ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.
   Ел ішін аралаған халық қалаулысы Зағипа Балиева іссапарын Талғар қаласындағы 600 орынды «Премиум-Талғар» балабақшасынан бастады. 2016 жылдың қоңыр күзінде 100 баламен жұмысын бастаған бұл балабақшада бүгінде 500-ден аса бала тәрбиеленуде. Кәсіпкер Ғани Чаймерденовтің жекеменшік-әріптестік аясында салынған бұл мекемеде 100-ге жуық қызметкер еңбек етуде. 1,5 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамтитын 20 топ жұмыс істейді. Сапалы да сәнді етіп салынған балабақшада бүлдіршіндерге жан-жақты тәрбие берудің жолдары қарастырылған. Көркемөнер үйірмелерімен қатар психолог, логопед мамандар қызмет көрсетеді. Аз ғана мерзім аралығында жеткен жетістіктері де жоқ емес. Балабақша жұмысын көрсететін түрлі байқауларда топ жарып жүргенінен хабардар болған халық қалаулысы Зағипа Яхянқызы балаларды көбірек қолөнерге баулып, психолог жұмысын жандандыруға назар аудартты.
   Бұдан кейін «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмыс жайымен танысты. 3 пен 18 жас аралығындағы туабітті мүгедек балалардың тұрақты немесе уақытша тұруына арналған 101 орынды бұл мекемеде 90-ға таяу адам еңбек етеді. Мүгедек балалардың денсаулығын оңалтуға арналған мекемеде медициналық-әлеуметтік жәрдемнің барлық түрлері жасалады. Мүгедек балаларға физиопроцедуралар, массаж, емдік дене шынықтыру шаралары жүргізілетіндігі турасында мейірбике Қарлығаш Тұмақбаева тілге тиек етті. Тағдырдың ащы азабын арқалаған балалардың денсаулығын түзеп, аяғынан тұруына мемлекет тарапынан көрсетілер көмек түрлеріне қолдау білдіретіндігін айтқан Зағипа Яхянқызы сал ауруына шалдыққан балалар арасында аяғынан тұрғандарын көргенде қуанышын жасыра алмады. Мейірімге толы ана жүрегі тумай жатып төсекке таңылған бейкүнә балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, барынша жәрдем жасауға атсалысатындығын айтты. З. Балиева Талғардағы іссапарын «Ақбұлақ» сауықтыру спорт кешеніндегі балалардың жазғы демалыс орнында аудандық білім және әлеуметтік сала бойынша еңбек ұжымдарымен болған басқосуда түйіндеді.

Ұлбосын ИСАБЕКОВА.

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.