Талдықорған: -6°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

Аудандағы алғашқы IT сыныбы

17.07.2018
МІНБЕР
Аудандағы алғашқы IT сыныбы
WhatsAppTelegramFacebook

«Цифрлы Қазақстан» – бұл әлемдегі үздік отыздықтың қатарына ену жолында жасалған тың бағдарлама. Сондықтан, қазіргі таңда елімізде цифрландыру үдерісі қарқынды жүзеге асуда. Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы Жолдауында: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек», – деген еді. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы елімізде 1000 ІТ сыныптарын ашуды жоспарлаған болатын. Өткен аптаның аяғында ауданымыздағы алғашқы ІТ сынып Шелек ауылындағы №1 орта мектепте ашылды.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптарын ашу» жобасы аясында жүзеге асқан шараға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Зағипа Балиева, аудан әкімі  Бинәлі Ысқақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиал төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова қатысты.
Құрметті қонақтар мен ауыл ақсақалдары ІТ сыныбының салтанатты лентасын қиып, робототехника кабинетімен танысты. Заман талабына сай кабинет керекті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Құрастырмалы роботтар, ноутбуктар мен интерактивті тақта, оқушылардың алаңсыз жұмыс жасауы үшін салқындатқыш та орнатылған. Айта кетерлігі, мұның барлығына мемлекеттен қаржы бөлінген жоқ. Облыстық мәслихат депутаты Жангелді Осанның демеушілігімен ашылған сыныпқа жалпы құны 6,5 млн. теңге жұмсалған. 
– Кезінде біз көрмеген жақсылықты бүгінде балаларымыз, немерелеріміз көріп отыр. Сондықтан, сонау Алматы мен Астанадағы балалар мен шалғай орналасқан осындай ауылдардағы оқушыларға бірдей жағдай жасалуда. Өткен жылы хан сарайына бергісіз жаңа мектеп салынып, биыл міне, алғашқы ІТ сыныбы осы жерде ашылып отыр, – деген Бинәлі Әбдіқапасұлы өз кезегінде ұстаздарға артылар жүктің ауыр екендігін атап өтті. Сонымен бірге, ауылшаруашылығы мамандарымен қатар, роботты, жаңа технологияны меңгерген азаматтардың ауадай қажет екендігін айтқан ауданымыздың құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев білімді ұрпақ қана елімізді үздік отыздыққа кіргізетіндігін жеткізді.
Оқушылардың құрастырған алғашқы роботтарының жұмысын тамашалаған Зағипа Яхянқызы Президенттің бес әлеуметтік бастамасына тоқталып өтті.
– Өздеріңіз білетіндей, жыл сайынғы бөлінетін 52 мың грантқа биыл тағы 20 мың грант қосылады. Оның ішінде 11 мыңы ІТ технология, инновация мен техникалық мамандықтарға бөлінеді. Сондықтан, сіздер мектеп кезінен бастап ІТ технологиямен таныса берулеріңіз керек, – деді ол.
Шелектік оқушылар мен ұстаздардың қуанышымен бөліскен мәжілісмен қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының проблемасын тыңдады. Есік қаласы мен айналасында орналасқан бірнеше ауылдың ауызсу жүйесінің мәселесін көтерген «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов жобаға тезірек қаржы бөлінсе деген ұсынысын жеткізді. Күні кеше ғана қайғылы оқиға орын алған Шелек ауруханасына күрделі жөндеу қашан жүргізілетіндігін сұраған ауыл ақсақалы Ержан Смайыловқа Зағипа Яхянқызы жобалық-сметалық құжаттарының дайын екендігін айтты. Жақын арада емхананы қайта жөндеуге 600 млн. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Қабылдауда аграрлы аудан шаруаларының мәселесі де көтерілді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мәслихат депутаты Қуат Байғожаев өзі сайланған Қорам округі шаруаларының проблемасын ала келіпті. Айтуынша, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы келер айдың басынан бастап судың бағасын 68 теңгеге көтермекші. Бұған қара жерге дән сеуіп, нан тауып отырған тұрғындар қарсы. Себебі, Шелек өңіріндегі судың шығыны көп. Есік өңірінде 2-3 рет қана суарылатын жүгеріге мұнда 6-7 ретке дейін су беру керек. Бағаны бұрынғы қалпында ұстап қалуға ҮАК басшылығы да қарсы емес. Алайда олар суды табиғи монополияға қарсы комитет бекітіп берген бағамен сатуға мәжбүр. Жағдайға қаныққан Зағипа Балиева қарапайым шаруалардың проблемасын шешуге барын салатындығын айтты. 

Сардарбек НҰРАДИН
Шелек ауылы,
Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.