Талдықорған: +3°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Астана алып Азия мақтанышы

10.07.2018
КҮЛТӨБЕ
Астана алып Азия мақтанышы
WhatsAppTelegramFacebook

Еңселі елорда, ел жүрегі – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы жетісулықтардың көңілін шат-шадыман етті. Мереке аясында Талдықорған қаласындағы жаңа шағынаудан  көшелеріне атау беріліп, тұрғын үйлердің кілті табысталды. Облыс әкімі Амандық Баталов №1 әскери қалашықта Қадырғали Жалайыри атына берілген даңғылдың салтанатты ашылуына қатысып, гүл шоқтарын қойды.

Әрмен қарай қаланың оңтүстік-батысында бой көтерген шағын ауданға ат басын тіреп, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бәйкен Әшімов пен Зылиха Тамшыбаева атына берілген көшелерді аралады. Сондай-ақ, елорданың  20 жылдығына орай атауы берілген Астана даңғылы салтанатты түрде ашылды. Ыстық лебізін білдірген өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы:
– Қадірменді қауым, құрметті қонақтар! Баршаңызды тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін еліміз мәртебелі де салтанатты мерекені тойлау үстінде. Мұндай шаралар облыстың барлық жерінде өтіп жатыр. Жиырма жылда әлемге әйгілі болған Астана бұл күнде қазақ елінің зор мақтанышына айналды. Жас елорданың келісті келбеті күн санап көркейіп, гүлденуде. Астанамыз жылдар өте келе алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалалардың біріне айналатынына сенімдімін, – деп Астана қаласындағы 15 гектар алқапқа созылған «Жетісу» саябағына жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға тарту етілгендігін жеткізді. Сондай-ақ, беделді әскер басы, көреген көсем, салиқалы саясаткер, ғұлама ғалым, тарихшы Қадырғали Жалайыри, Социалистік еңбек ерлері, көптеген орден мен марапатқа ие болып, ел дамуына сүбелі үлес қосқан Бәйкен Әшімов пен Зылиха Тамшыбаева атына көше берілуі барлығымыз үшін зор мақтаныш екендігін айтты. Ал Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Халық болса, ел абыройын асқақтатқан Астанамен бірге Талдықорған қаласы да ажарланып, күн сайын көркіне көрік қосып жатқандығын тілге тиек етті. 


Сөз тізгінін алған Бәйкен Әшімұлының ұлы Оңдасын Әшімов пен Зылиха Жанболатқызының қызы Сағира Тоқсанбайқызы ата-аналарының сіңірген еңбектеріне тоқталып, өскелең ұрпаққа көрсетер үлгі-өнегелерін мысалға келтірді. Шара барысында Астана қаласымен жасты ұл-қыздар марафондық жарыстан сынға түсті. Мерекеге жиналған қонақтар Талдықорған қаласына кіреберістегі «Жетісу белгісі» қақпасы жанындағы облыстық Б. Римова атындағы драма театрының арнайы дайындаған көрінісіне куә болды. 


Мерейлі мерекені атап өту үшін «Жастар» саябағына асыққан халықтың қарасы көп. Саябақ алдында балалардың асфальт үстіндегі сурет салу, Талдықорған қалалық мектепке дейінгі мекемелердің гүлдерден құралған композиция байқауы, әртүрлі спорт жарыстары шараның көркін қыздырды. Астананың құрылуы, дамуы, қазіргі кездегі жетістігіне және көрнекті жерлеріне арналған сурет, кітап, қолөнер көрмесі көзге бірден түседі. 
Салтанатты шара «Мақтанышым – Астанам» атты би композициясымен ашылды. Мемлекеттік Гимн орындалған соң сахна төріне көтерілген облыс әкімі Амандық Баталов жиналған қауымға құттықтау сөзін арнап, жүрекжарды лебізін білдірді. Сонымен қатар «Астананың 20 жылдығы» мерекелік медалімен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Георгий Иорданиди, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Сәуле Құсмолданова, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Халық марапатталды. Елге сіңірген еңбегі үшін осындай медаль 196 жетісулыққа тағылды. Жаңа тұрғын үй пәтерлерінің кілттерін көп балалы, толық емес, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, I, ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген азаматтар алды. Барлығы 180 отбасы баспаналы болды. «Көптен күткен сәт келіп жетті. Қолыма пәтер кілтін алдым. Қуанышымда шек жоқ. Ел аман болсын. Тек қана тыныштық тілеймін», – деді зейнеткер, Талдықорған қаласының тұрғыны Күлән Омарбаева.

Салтанатты жиын «Жарқырай бер, Астана!» атты мерекелік концертке ұласып, өнерпаздар әннен шашу шашып, мың бұрала биледі. Кешкілік жастарға дискобағдарлама ұсынылып, 20 жылдыққа арналған шара отшашумен түйінделді. 

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.