Талдықорған: +5°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Аспаннан шұға жауған күн

30.06.2018
КҮЛТӨБЕ
Аспаннан шұға жауған күн
WhatsAppTelegramFacebook

Алып замана ары да бері аунар. Дәуір дөңбекшіп, дүние дөңгелер. Тіпті, таңғажайып тіршілік те сан түрленіп, уақыт жамалы жүз жаңарар. Бірақ ғасыр тегершігін айналдырған ата басылым бұқарашыл бағытынан бұлжымайды әрі жаңалықты жедел жеткізетін міндетінен мызғымайды. Қазақ журналистикасында қалыптасқан ерек қолтаңбасынан да қиыс кетпейді. Тарих сахнасындағы тұрақтылық тұғырынан да еш таймақ емес. Алаш атқа қонған сындарлы сағатта да, ұлт ұранын көтеріп, жігер жанитын жазбалармен ел еңсесін тіктегенде де, қызыл саясаттың қырғыны белең алып, азамат басын бұлт торлағанда да, кешегі кеңшар мен ұжымшардағы бармақ басты, көз қысты ұрылардың ұятын шығарып, әділдікті ту еткенде де, Желтоқсанда мұз жастанған жастардың сот алдындағы суретін жариялап, кеңестік империяға идеологиялық соққы жасағанда да «Жетісу» газеті жалпақ жұрттың қолында жүрді. 

Азаттық таңы атқанда абыз басылым ақпараттың алдүзігі атанып, тәуелсіздікті айшықтайтын, ел рухын көтеретін елеулі оқиғаларды орман-оқырманына бірінші жеткізуге асықты. Аты – өңірлік, ал атағы исі Алашқа жайылған ұлт үнпарағы туралы мұндай тұжырымдар «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдығы аясында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада тарқатылды. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ «Жастар» саябағында дүйім халықпен қоян-қолтық тойланған қос басылымның қуанышына ортақтасып, жүрекжарды құттықтауын жолдады. Республикалық, облыстық және аудандық ақпарат құралдарының басын қосқан мерейлі мерекеде ғасыр межесін бағындырған газеттердің алты тілшісіне пәтер кілті табыс етілді.
«Жастар» саябағындағы алаң әдеттегі сенбі немесе жексенбі емес, апта ортасындағы сәрсенбінің сәтті күні-ақ халыққа лық толды. Бұл жолғы жиынның жөні бөлек, өткізілу реті де өзгерек. Шараға шақырылған «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің қызметкерлері алдыңғы қатарға отырғызылып, ерекше құрмет көрсетілді. «Жетісудай» құтты ұяның ұл-қыздары алқызыл түсті көбелек-мойынтақтар мен көйлектер киіп, дүбірлі думанға ажар сыйлады. Журналистер күнімен тұспа-тұс келген облыстық газеттердің мерейтойы бергісі Талдықорған тұрғындары мен қонақтарының, арғысы бүкіл елдің мерекесіне айналды. Талай жанға балалық шағынан етене таныс басылымдар халыққа соншалықты ыстық һәм сүйікті. Саябақта серуендеп жүрген жандар шаттық туы тігілген жиынды жатырқаған жоқ. Көзге жылы ұшыраған «Жетісуы» мен «Огни Алатауын» қуана қарсы алып, әрбір ақтарылған ақ тілекке ниеттес екендіктерін көрсетті. Сахна сыртында қуана қол соққан көпшілік қыдырыстап келгендерін ұмытып, тілшілерге пәтер кілті тапсырылған тарихи сәтте терең тебіреністе тұрды. Қайта-қайта қол соғып, сырттай тілектестік танытты.
Бір ғасыр бұрын алғашқы ақпаратын таратып, тәй-тәй басқан «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттері бүгіндері отандық журналистиканың көш басындағы абыз басылымға айналды. Аға газеттер ақпараттың ағы мен қарасы аралас жүретін, сағаттап жаңалық таратудың түрлі тәсілі дамыған дәуірде де үлкен сұранысқа ие. Күніне мыңдаған мәліметті қабылдайтын адамдарға ағын ішінен ақиқатын аршып алудың өзі қиынға соқты. Жел сөзге, арандату пиғылында жазылған жалған жазбаларға да еріп кететіндер жеткілікті. Осындайда жан-жақты сараптап, талдап жеткізетін, байыпты байлам мен тағылымды түйінге толы мақалалар қажет-ақ. Халық ішіндегі сөзі сан мәрте өзгеріске ұшырайтын сайтқа емес, бір басылғаннан байтақ елге тарайтын газетке көбірек сенеді. Газеттің сөзін өзгертуге келмейтін құжат ретінде қабылдайды. Сондықтан, сөз тізгінін ұстаған әрбір журналист шынайы ақпарат жеткізуді өзіне міндет санауы тиіс. Бұл туралы құттықтау сөзінде кеңінен айтып өткен облыс әкімі Амандық Баталов:
– «Жылға бергісіз күндер, ғасырға бергісіз жылдар болады», – деген Елбасы сөзі бүгінгі тарихи шараға арналып айтылғандай. Өңірлік екі басылымның мерейтойына еліміздің түкпір-түкпірінен сөз қадірін өз қадірім деп түсінетін журналистер жиналып отыр. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын да, Рухани жаңғыру қадамдарын халыққа жеткізіп, түрлі бағдарламаларға қолдау көрсететін де осы ақпарат құралдарының өкілдері. Сол үшін сіздерге ерекше ризашылығымды білдіремін. «Жарқын болашақтың қамын – саясаткерлер, өткен күннің дәуірін – тарихшылар, ал бүгінгіні журналистер ойлайды», – деген қағида бар. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі мен шынайы жұмысы көрсетілмей, қоғамдық сана да қалыптаспайды. Мұны өмірдің өзі көрсетіп берді. Осы орайда «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерін халықтың бірлігі мен ынтымағының ұйытқысы деп айта аламын, – деді.

Облыс басшысы ары қарайғы сөзін ғасыр аунатқан басылымдардың шежірелі тарихымен сабақтастырды. Жүз жылда жеті мәрте атауын ауыстырса да, халыққа айтар үні, атқарар қызметі өзгермеген «Жетісу» газетінің жүріп өткен жолына тоқталды. Есімі алтын әріппен жазылатын алғашқы редакторы Сабыржан Шәкіржанның, тілшілік қызмет атқарып, сан тақырыпты қаузаған мақалаларын тұрақты жариялап отырған Ілияс Жансүгіровтің, Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Мағжан Жұмабаевтың жанкешті жұмыстарын ұмыту мүмкін емес. Әкім Алаш қайраткерлері салып кеткен сүрлеуді ары қарай жалғастырған Әбділдә Тәжібаевты, Сәбит Мұқановты, Пернебек Бейсеновті, Мамадияр Жақыпты, Баймолда Мусинді және Жақыпжан Нұрғожаевты тілге тиек етіп, қазіргі таңда басылымды біліктілікпен басқарып келе жатқан бас редактор Әміре Әрінді атап өтті. Сонымен бірге, «Огни Алатау» газетін басқарған Рудольф Маречектен Валерий Оверкоға дейінгі редакторлар тізбегін әңгіме өзегіне айналдырып, бүгінгі таңда қаламгерлік қуат-қарымымен танылып жүрген бірнеше журналистің есімдерін мақтанышпен жеткізді. Атап айтқанда, ұзақ жылдан бері журналистика саласында айрықша қолтаңбасын қалдырған Виталий Пекельниктің ұшан-теңіз еңбегіне алғыс айтуға тиіспіз. 
Жас та болса поэзиялық жинағы жарық көріп, республикалық, облыстық байқауларда бірнеше мәрте жүлдегер атанған Асыл Сұлтанғазының да аяқ алысы көңіл қуантарлық. Амандық Ғаббасұлы жоғары журналистік мәдениет пен этика қалыптастырған қос басылымның қуанышы мыңдаған оқырманның да ортақ мерекесі екенін жеткізді. «Өңіріміздің зиялы қауымын және жас журналистерді осынау атаулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздікті нығайту жолындағы еңбектеріңіз жемісті, қаламдарыңыз қарымды болсын», – деді аймақ басшысы.
Жетісу жұртшылығына аптасына үш мәрте рухани сусындатар мазмұнды мақалалар ұсынатын газет қызметкерлерін ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі де елеусіз қалдырған жоқ. «Жетісу» газетінен бас редактордың орынбасары Жұматай Әміреев, жауапты хатшы Гаухар Дүйсенбаева, аға тілші Қуат Қайранбаев «Ақпарат саласының үздігі» медалімен марапатталды. «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін кеуделеріне тақты. Ал облыс әкімінің Құрмет грамотасын газетіміздің бөлім меңгерушісі Алма Есенбаева, аға беттеуші-дизайнер Роза Жексембекова, аға фототілші Жұмабай Мұсабеков алды. Газетіміздің бөлім меңгерушісі Айгүл Байбосынова, Талғар ауданындағы меншікті тілшіміз Ұлбосын Исабекова облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді. Мұндай марапаттарға «Огни Алатау» басылымының бірқатар қызметкері де ие болды.
Публицистика шеберлерінің басқосуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтановтың, Омархан Өксікбаевтың және Марат Бопазовтың, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаттары жолданды. Бұдан бөлек, біздің басылым бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым, «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасарлары Виталий Пекельник пен Забира Сайдилдина «Қазақстанның Құрметті журналисі» төсбелгісін тақты. Шара «Өлке тынысы» ЖШС директорының орынбасары Болат Абағанға, «Огни Алатау» газеті бас редакторы Атсалим Идиговке, Тұрсын Әбдуәли, Жақыпжан Нұрғожаев, Әли Ысқабай, Жанкүміс Жәмеңке бастаған ардагер-журналистерге «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалін табыстау салтанатымен жалғасты. Бұларды Қоғамдық атақтар және марапаттар жөніндегі республикалық кеңес төрағасы Марат Тоқашбаев табыстап, жүзжылдық басылым қызметкерлеріне жүрекжарды лебізін білдірді.
Тілшілердің мерейін тасытар мезет те келіп жетті. Мерекелік көңіл-күйдегі көпшіліктен дәстүрге сай сүйінші сұралған сәтте кейбір қатысушылар қуаныштан балбұл жанып, орындарын тұрып кеткендерін сезбей қалды. Облыс әкімі жүзжылдық мерейтойға орай «Жетісу» газетінің журналистері Асыл Сұлтанғазы мен Аслан Қажекеге екі, Мәулен Әнербайға бір бөлмелі пәтер кілттерін салтанатты түрде тапсырды. Сондай-ақ, «Огни Алатау» газетінің тілшілері Жәмилә Атибаева мен Татьяна Демидова да екі, ал Андрей Ярополов бір бөлмелі пәтер кілттерін қолдарына алды. Баспана бақыты бұйырған журналистер – Асыл Сұлтанғазы мен Татьяна Демидова ел алдында ақтарыла сөз сөйлеп, қалам ұстаған қауымға шексіз құрмет көрсеткен облыс басшысына алғыс жаудырды. Тіпті, Асыл қуанышты сәтін өлеңмен өріп жіберіп:
Толқып тұр көк теңіздей көңіл бүгін,
Жаңадан бүр атқандай өмір гүлім.
«Жетісу», жүз жасаған абызым-ай,
Иығыма арттың-ау сенім жүгін.
Енді бүгін кеудеме гүл біткендей,
Ерназар боп елу жыл ұл күткендей.
Қуаныштан толқыдым үйлі болып,
Өтем мәңгі абызды жыр қып сендей.
 
Уа, тектінің өзіндей іс тындырған,
Бейбіт елдің басына құс қондырған.
Арда әкім Амандық Ғаббасұлы,
Сізге алғыс жолдаймын үшбу жырдан, – деді.
Қалың елден сүйінші сұратқан қуанышты сәттен кейін Қазақстан Журналистер академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев сөз алып, ғасыр жасаған екі газетке отандық баспасөзге қосқан үлкен үлесі үшін арнайы диплом табыс етті. «Жетісумен» бірге көптеген марапат алған «Огни Алатау» газеті ұжымының атынан бас редакторы Атсалим Идигов те сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді. Ал аты аңызға айналған ардагер журналист, «Жетісу» газетінің сонау сындарлы Желтоқсанда бас редакторы болған Мамадияр Жақып:
– Өзге өңірлердің газеті осы ғасыр толған екі басылымға қарап бой түзейді. Кеңес кезінде, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында астаналық облыстың, саяси орталықтың жанынан шығып тұрған абыз басылымды ешкім өңірлік деп айтуға қимайтын. Шынында да, «Жетісу» мен «Огни Алатау» облыстық газет емес, бұлар қазақ баспасөзінің қара шаңырақтары дер едім. Мен екі-ақ газетте қызмет еттім. Бірі – «Егемен Қазақстан», бірі – «Жетісу». Оның ішінде елу жылдық еңбек жолым еліміздің бас газетінде өтті. Желтоқсанның сол бір саяси күрделі кезеңінде жазықсыз жастарға шамамыз келгенше қолдау білдірейік деген мақсатпен сот алдында қасқайып тұрған қазақ жігіттерінің суретін басып жібердік. Сол үшін Колбиннің қаһарына ұшырап, партиядан шығарылдық. Ол уақытта бұл ісіміздің өтеуі жаза болғанмен, кейін тәуелсіздікке қосқан үлеске айналды. Бұл – «Жетісу» газетінің тағдыры. Мұндай ерлікке бірде-бір ақпарат құралы барған жоқ, – деп тебірене сөз сөйлеп, мерейтой иелеріне шығармашылық табыс тіледі.
Көркем тілмен кестелесек, «Жетісудай» ақиқат туын желбіреткен ақ кеменің капитаны, бас редакторымыз Әміре Әріннің жастарға деген қамқорлығы ерекше. Журналистика әлеміне енді ғана аяқ басқан жас мамандарды үнемі қанаттандырып, шығармашылығын шыңдау үшін рухани еркіндік беріп отырады. Мұндай атмосфера ұжымның байырдан бері қалыптасқан бірлігін одан әрі нығайтып қана қоймай, сапалы да мазмұнды мақалалардың жазылуына кеңінен жол ашады. Әміре Әрін ұжымындағы әрбір қызметкердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына көңіл бөледі. Әсіресе, жастар ел рухын оятатын, мемлекетшілдікке үндейтін туындыларды алаңсыз жазуы үшін баспанамен қамтылуы тиіс. Бас редактордың бұл ұстанымы ескерусіз қалған жоқ. Мерейтойға дейін бес журналист пәтер алса, ғасырлық тойдың үстінде қос газеттің тағы алты тілшісіне баспана бақыты бұйырды.
– Армысыздар, ағайын! Бүгін шын мәнінде аспаннан шұға жауған күн болды. Қаншама марапат, қаншама пәтер алып жатырмыз. Бұл ең алдымен Алланың біздің пешенемізге жазған нәсібі деп ұғамыз. Одан кейін алтын аймақтың басшысы, шығармашылықты, сөздің киесін түйсінген Амандық Ғаббасұлының арқасы. «Тәуелсіздік алу – бір бақыт, ал тәуелсіздікті сақтап қалу – мың бақыт», – деген Елбасының қанатты сөзі бар. Шынында да, оны сақтаудан артық бақыт жоқ, – деп тарқатқан Әміре Әрін көне түркі бабаларымыздың бірлікке ұйыстырған ұранын басшылыққа алып, Мәңгілік Ел идеясын қайталай жаңғыртқанымызды тілге тиек етті.
Бүгінде Мәңгілік Ел идеясы идея қалпында қалған жоқ, ол мемлекетімізді алға сүйрейтін ұлттық идеологияға айналды. Сөйтіп, үш ұйықтаса түсімізге кірмеген, бүкіл адамзатты бейбітшілікке шақыратын ұлы бастамаларды осы қазақ елінен өрістеттік. Оның ішінде, Астанамызды Арқа сауырына қондырғанымызды айтсақ та жеткілікті. «Бүгін 100 жыл толған қос газеттің мерейтойын тойлап отырсақ, бұл да тәуелсіздікті баянды етудің бір парасы, ағайын. Өйткені, ғасырлық асу-белесімізде еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы ащысы мен тұщысы, азаттық алғаннан бергі арайлы сәттеріміздің шежіресі тұнып тұр, – деді Әміре Әрін тілшілер салтанатындағы тебіреністі сөзін ары қарай жалғап. – Журналистика дегеніміз – азаматтық қоғамның қолындағы ақ семсер, ол кесіп те кетеді, тесіп те өтеді. Арынын басып та алар ақ самал сөзге жетелі. Қазаққа ақ самал ескені, жақсылықты өпкені керек. Өйткені жақсылықты бұқтырсаңыз, жанынан жамандық қаулап шығады. Сол себепті, ар-ұятымызды ұлықтап, осынау арналы істі қал-қадірімізше жалғастырып келе жатқанымызды мен бас редактор ретінде бақыт әрі мақтаныш санаймын».
Ақпарат қызметкерлерінің абыройын тасытқан думанды тойға ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазиев арнайы келіп, Біржан сал бастаған даңқты өнер иелерінің әндерін шырқап, көк аспанды асқақ дауыспен көмкерді. Ізашардан кейін Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары ән шырқап, би билеп, кеш көрігін қыздырды. Бұдан кейінгі қос газеттің мерейтойы «Koktem Grand» қонақүйіндегі ақ дастарқанда жалғасты. Қазақстан Жазушылар одағы өкілдері, елге танымал ақын-журналистер, ақпарат саласында тер төгіп, бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлер ақтарыла тілек айтып, ғасырмен құрдас басылымдарға сый-сияпаттарын ұсынды.
Журналистика дегеніміз – азаматтық қоғамның қолындағы ақ семсер, ол кесіп те кетеді, тесіп те өтеді. Арынын басып та алар  ақ самал сөзге жетелі. Қазаққа ақ самал ескені, жақсылықты өпкені керек. Өйткені жақсылықты бұқтырсаңыз – жанынан жамандық қаулап шығады. 
(Облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре ӘРІННІҢ «Жетісу» және 
«Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдығына арналған салтанатта сөйлеген сөзінен).
 
Қуаныш Тұнғатар

 

 
 

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.