Талдықорған: +1°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жүректер жырмен тербелді

18.05.2018
КҮЛТӨБЕ
Жүректер жырмен тербелді
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыдағы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, республикалық «Үркер» журналы бас редакторының орынбасары, ақын Жарас Сәрсектің мерейтойлық шығармашылық жыр кеші өтті. «Жаныңда жүрмін» деп аталатын бұл мәдени шараға өлеңсүйер оқырман, зиялы қауым өкілдері, қала жұртшылығы қатысты. 

Біз білетін ақын Жарас Сәрсек елудің еңселі биігіне үлкен олжамен келіпті. Рухани салада маңдай терлетіп жемісті еңбек етіпті. Қарап отырсаңыз әр кезең, әр жылда шығармашылығын шыңдап, үнемі өсіп отырған. Ол өлеңді ардың өлшемдерімен безбендейді. Мәселен, «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбатында: «Тез туған дүниеден секемдене беремін. Жазу үстеліме он отырып, он тұрамын. Жазылып болған соң да қаға-    зыма қайта-қайта шұқшиып, қажып барып нүктесін қоямын. Өлең жазу – тау басына шығып отын әкелумен бірдей. Тән емес, жаным терлейді», – дегені соның дәлелі.
Мерейтойлық жыр кешінің тізгінін Қазақ радиосы Алматы студиясының жетекшісі, ақын Бақыт Жағыпарұлы ұстады. Салтанатты шарада сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет қаламдастары атынан Жарас Сәрсекке жүрекжарды лебізін білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.
– Ақынның өмірбаяны өлеңінде. Бұл сөзді кезінде Есенин де айтқан. Бүгін біз жарты ғасырлық мерейтойын атап отырған Жарас ақынның өмірбаянын өлеңдерінен табамыз. «Сүмбеден ұшқан сұңқармын, Жантайып өскен бір талмын» деп өзі айтқандай, жаратылысының қандай екенін жазған өлеңдері білдіріп тұр. Жағада өскен сол бір тал қазір үлкен бәйтерекке айналды. Оны шығармашылығымен дәлелдеді. Аз жазса да саз жазды. Қадау-қадау жыр жинақтарының әрқайсысы қазақ поэзиясына қосылған сүбелі үлес, – дей келе, әріптесінің иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.
Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов қала басшысы Бауыржан Байбектің ақынға арналған құттықтауын оқыды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуали  ақынға облыс әкімі Амандық Баталовтың ыстық сәлемін жеткізді. «Өнер адамы үшін мерейлі жас ең алдымен шығармашылық жолын електен өткізіп, есеп беретін кезең. Егер ол сөз киесі қонған ақын болса, бұл жүк тіпті салмақтана түседі. Осы қатардан өзіміздің бүгінгі заман әдебиетінің, соның ішінде мәртебелі поэзияда жүрген орта буынның беделді өкілі ретінде сізді жақсы білеміз», – деген құттықтаудағы сөйлем тіркестері ақын шығармашылығына берілген үлкен баға.
«Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Ләззат Ноғайбаева ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың, жазушы Әлібек Асқаров ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Астанадан жолдаған құттықтауларын мерейтой иесіне табыс етті. Сол сияқты, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев та ақынға өз құттықтауын жолдады. Қызметтес ағасы, «Үркер» журналының бас редакторы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Қуандық Түменбай ақ тілегін арнады.
Сыр-сұхбатқа толы әдеби жыр кеші ешкімді жалықтырған жоқ. Жарас ақынға қойылған сұрақтар, оған қайтарылған ойлы жауаптар көрермендерді ерекше тәнті етті.  Тіпті, үш сағатқа созылған уақыттың қалай өткенін жұрт байқамай да қалды.
«Өмірден тапқаныңыз көп пе, жоқ әлде жоғалтқаныңыз көп пе?» – деген сауалға қайтарылған ақын жауабы көңілдерден шықты. Ақын сүйейтін және сүйенетін жақсы адамдардың мол екенін, өмір жолында көп кездескенін тілге тиек етті. Олардың біразы қазір арамызда жоқ. Әсіресе ақын інісі, кешегі айтыстың ақтаңгері болған, «Құлмамбеттің құлыны» атанған Оразалы Досбосыновтың жөні бөлек еді. Екеуі де таулы өңірдің түлектері. Оразалы домбыра шертіп сахнада жыр төккенде Жарас залда отырып жанкүйер болып толғанатын. Ал Жарастың кітаптары шығып, оқырман қошеметіне бөленгенде Оразалы бауыры да ерекше қуанатын. Сондай сыйластықтар суыған емес. Тіпті, Сүмбеге баратын күрежолдың бойында бір-біріне еркелей қарап келе жатып мәңгіге қоштасуды маңдайларына жазады деп кім ойлаған?! Өкінішке қарай солай болды! Оның қасіреті ақын жүрегін аямай жаралады.
Өмір – өзен. Жылдар жылжып тоқтаусыз өтіп жатыр. Орнында бар оңалды. Оразалы бауырының отын жаққан ұл-қыздары Нұрасыл мен Нұрайша енді Жарас әкелеріне арнап сахнада ән салды. Оның сөзі мен сазына, әуезі мен ырғағына құлақ салған тыңдаушылардың тебіренбегені жоқ. Сол сәтте Жарас Сәрсектің бір кезде жазылған «Үзілген жан» деген өлеңі ойымызға оралды. Ақын ол шығармасында былай деп толғанып еді:
Дәл сол жылы,
Дәл сол күні өнердің.
Өзегіне өксік толды, не дермін?!
Содан бері
Бор кемікпін,
Үгілдім!
Содан бері
Көрсоқырмын,
Кереңмін!
Неге тағдыр дәл сол күні бүлінді?!
Ап кеткенін біле ме екен кімімді?!
Қарадала төсіндегі қара жол
Суырып алып жүрегім мен тілімді,
Қағып түсті менің қайсар інімді!
Жарас Сәрсек қоғамдар алмасып, көзқарастар қайшыласып, ненің не екенін ұғына алу қиындаған шақта қолына қалам алды. Жас талант алдына қойған мақсаты мен мұратына жету үшін өршелене ұмтылды. Өйткені, жүрегіндегі отқа, бойындағы ақындық қуатқа риясыз сенді. «Кітап шығару тым қиынға соққан уақытқа тап болдық. Бәріміздің отызға дейін жалғыз ғана кітабымыз шыққан ұрпақпыз. Менің тұңғыш кітабым 29 жасымда шықты», – дейді сол күндерді есіне алған қаламгер.
Жыр кешінде Бауыржан Бабажанұлы бастаған ақынның бір топ курстас қаламдастары студенттік шақтардағы қызыққа толы естеліктерді айтып, Жарастың өзіне тән ерекшеліктерін, өлеңге, сөз өнеріне деген құштарлығы туралы әңгімеледі.
Жарас ақын көп кешікпей «Керуен көшіп барады», «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім», «Қастерлім», «Түнемел» секілді жыр жинақтарын өлең сүйген жұртшылыққа ұсынды. Республикалық мүшәйралардың қомақты жүлделерін қанжығасына байлады. 2007 жылы «Қастерлім» кітабына Қазақстан Жазушылар одағы тағайындаған халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы беріліп, лауреат атанды.
Ол адуынды ақын ғана емес, қаламы жүйрік журналист те. Осы саладағы ізденістерін жан-жақты көрсетті. 1990 жылы «Өркен» жастар газетінен басталған журналистік жолы ары қарай сәтімен жалғасты. «Жас қазақта» шыңдалды. «Парасат» журналының қазанында қайнады. Ол жерде еліміздің көрнекті қаламгерлерімен қызметтес болып, мол тәжірибе жинақтады. Жазушы Баққожа Мұқайдың өнеге, тәлімдеріне қанықты. «Парасаттың» шаңырағында Қалихан Ысқақ, Асқар Сүлейменов секілді ағаларымен тізе қосып еңбек етті. Айтулы тұлғалардан ауысқан ақыл-ойлар таным мен көзқарасының тереңдеуіне айрықша әсер етті.
«Әдебиет айдыны» мен «Заң газетінде» бас редактордың бірінші орынбасары болды. Оның соңы «Үркер» журналындағы үлкен қызметке ұласты. Ақындық пен журналистікті қатар алып жүрсе де, оларды бір-бірімен араластырмады. Әрқайсысын өзіне тән өрнектермен кестеледі. Мықты ақынның мықты журналист болатынын іс жүзінде дәлелдеді. Сонымен қатар, 2000 жылдары «Жетісу» газетінде де еңбек етіп, облыстық басылымның дамуына үлес қосқанын әріптестік мақтанышпен айта кетсек артығы жоқ шығар.
Сахнаға Әбубәкір Қайран, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Жанарбек Әшімжан, Бақыт Беделхан және Бейбіт Сарыбай бастаған ақындар тобы көтерілді. Олар мерейтой қуанышына жырдан шашу шашты. 
Осы орайда айтарымыз Жарастың поэзияға, ақындыққа деген талғамы да, танымы да мүлдем бөлек. «Ақындық – мамандық емес. Ол – жанның қалауы, Тәңірдің сыйы», – дейді қаламгер әдебиет туралы айтқан бір сөзінде.
Жарас ақын дүниенің суреті мен бояуын қара өлең арқылы ғана елестетіп қоймай, әуенін естуге де ден қояды. Олай еткені композитор болсам деген мұраты емес. Бірақ сәті келгенде көкейіне қонған сазды көкірегіне қондыратыны бар. Жараста ондай дүниелер көп емес, санаулы. Санаулы болса да сапалы. Сондықтан, ақын шығарған әндер жұртқа ұнайды. Мерейтой аясында оны да анық аңғардық.
Қазақстанның өнер қайраткері, белгілі әнші  Рамазан Стамғазиев, Саят Медеуов және Ержан Белғозиев,  Баймағамбет Мұқатай, Бауыржан Бегазовтар ақын өлеңіне жазылған әндерді нақышына келтіріп орындады.
Қарадала өңірінен келген жерлестері мерейтой иесіне ат мінгізіп, арқасына шапан жапты. Дүниеде ақын үшін қымбат екі нәрсе бар. Олар – атамекен мен ақ сүтін беріп өсірген  аяулы ана.
Өзіңсің қара шаңырағым,
Далам-ай, Қарадалам-ай!
Көк белдеріңе көктеммін,
Сөз етем несін өткеннің?
Жоғалу үшін кеткем жоқ,
Оралу үшін кеткенмін,
Далам-ау, Қарадалам-ау!
Аспантаулар сілеміне жататын Кетпен тауын көрдіңіздер ме? Сол таудың күнгейіндегі Шалкөде өңірі, Қарасаз ауылы – құтты мекен. Мұзбалақ Мұқағалидың ұшқан ұясы. Ал Кетпеннің теріскейіндегі Сүмбе ауылы Жарастың кіндік қаны тамған жер. Әрине, бұл ұқсастықтарды тек жақсылыққа жорығың келеді. Жыр кешінің ең басты әсерін осылай деп түйіндегенді жөн көрдік.

Болат МӘЖИТ,

Алматы

 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

06.03.2026
Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

06.03.2026
Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

06.03.2026
Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

06.03.2026
Қазақстандағы әйел саны қанша?

Қазақстандағы әйел саны қанша?

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.