Талдықорған: +10°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Даму көрсеткіштері сараланды

02.02.2018
ЭКОНОМИКА
Даму көрсеткіштері сараланды
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданының әкімі Ерғазы Қошанбеков аудандық Мәдениет үйінде тұрғындар алдында есеп берді. Есепті кездесуге облыс әкімінің орынбасары Серікжан  Бескемпіров, аудан тұрғындары, «Нұр Отан» партиясы, этномәдени бірлестіктер мүшелері, аудандық бөлім, мекеме, кәсіпорын, құқыққорғау органдарының басшылары, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.

Жиынды ашып, жүргізген аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахманов күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, сөз тізгінін аудан әкіміне берді. Ерғазы Қошанбекұлы тарапынан ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және биылғы жылға жоба-жоспарлар слайд арқылы жан-жақты таныстырылды.
– Биылғы жыл ел тарихындағы маңызды сәттерден басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. 2017 жылы өнеркәсіпте 3 млрд. 308 млн. 800 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 2 есе артты (2016 ж – 1439,2 млн. теңге). Нақты көлем индексі 108,4 пайызға жетті. Есепті кезеңде қуаттылығы сағатына 4,2 мВт электр энергиясын өндіретін «Басқан Пауэр» және қуаттылығы сағатына 17 мВт өндіретін «Лепсі-2» гидроэлектр стансыларының іске қосылуы өнеркәсіп саламыздың дамуына өзінің зор ықпалын тигізді, – деді аудан әкімі.
Аудан аумағы ауылшаруашылығына қолайлы болғандықтан халықтың басым бөлігі осы салада жұмыс істейді. Аграрлық секторда өткен жылы 31 млрд. 568 млн. 100 мың теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде: 20 млрд. 691 млн. 700 мың теңгесі егін шаруашылығының, 10 млрд. 778 млн. 800 мың теңгесі мал шаруашылығының үлесіне тиесілі. Өсім – 111,3 пайызға жетіп, нақты көлем индексі 103,3 пайызды құраған. Өткен жылы ауылшаруашылығы құрылымдарымен 94 867 гектар жер игерілді. Оның ішінде 49 152 гектарға дәнді дақылдар, 35 756 гектарға майлы дақылдар, 1 600 гектарға қант қызылшасы, 912 гектарға картоп, 641 гектарға көкөніс өнімдері себіліп, жоспарланған өнімдер артығымен алынды. Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың игілігін бүгін көріп отыр. Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 250 бас алу жоспарланса, нақты 270 бас ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 500 бас алу жоспарланса, нақты 796 бас ұсақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 50 бас жылқы жоспарға сәйкес сатып алынды. Осының ықпалымен алдыңғы жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімдері бойынша өсім көрсеткішіне қол жеткізілді. 
Қазіргі таңда ауданда 4 сүт дайындау, 5  мал сою пункті және 13 мал және егін шаруашылығы бойынша барлығы 22 ауылшаруашылық кооперативтері құрылып, кәсіп жасауда. Дегенмен де ауылшаруашылығы кооперативтерін құру жұмысы жандандыруды қажет етеді. Ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, кооператив құру өзіне де, өзгеге де пайдалы іс. Қазір ауылшаруашылығын дамытуға, ауылды жерлердегі өмір сүру сапасын арттыруға, халыққа жан-жақты жағдай жасауға баса мән берілген. Мәселен, жеке кәсіп ашып, ауылшаруашылығы саласына тың технологияларды енгізіп, мол өнім аламын дегендерге мемлекет жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Ауылшаруашылығы ветеринария саласымен тығыз байланыста екені бәрімізге мәлім. Ветеринариялық ұйымдарды кезең-кезеңмен материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Жануарлардың аса қауіпті аурулары және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша елдің эпизоотиялық саулығын қамтамасыз ету мақсатында бірінші кезеңде аусылға және бруцеллезге қарсы күрес жүргізу стратегиясы әзірленді, себебі осы аурулардың айтарлықтай қауіп туғызып, экономикалық және әлеуметтік залал келтіретіні белгілі.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қарабөгет, Көктерек, Қарашыған ауылдарындағы мал қорымдар жайғастырылды. Мал асылданбай өнім молаймайтындығы белгілі. Есепті жылы 8 620 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылды. Мал тұқымын асылдандыруға – малдың тұқымдық сапасын жақсартуға, өнімділігін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында Қойлық ауылдық округінде аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен, ауылшаруашылық және ветеринария мамандарының қатысуымен қолдан ұрықтандыру тақырыбына арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды. Жалпы өткен жылы мал шаруашылығына барлық бөлінген субсидия көлемі 217 млн. теңгені құрады. Сарқан ауданының ауылшаруашылығына арналған жерлер 495 039 гектарды құрайды, оның ішінде 105 990 гектар егістік, оның 28 871 гектары суармалы егістік, 26 184 гектар шабындық, 357 402 гектар жайылым жерлер. Ауылшаруашылық жерлерін үздіксіз бақылау үшін аудан әкімдігінде жұмыс тобы құрылып, пайдаланбай және игерілмей жатқан жерлерді анықтап, әкімшілік қатаң шаралар қолдануда. Нәтижесінде 7 шаруа қожалығы өз еркімен жалпы көлемі 2011 гектар алқапты ауданның жер қорына қайтарды. Былтыр жалпы ұзындығы 21,3 шақырым болатын 3 канал құм-қайырдан тазаланып, ескі темір-бетон блоктары жаңартылды, каналдардың бойында орналасқан гидротехникалық құрылымдардың қалқандары мен көтергіштері қалпына келтірілді. Осы жұмыстарды жүргізу арқылы каналдардың су өткізу сыйымдылығы артып, пайда әкелетін коэффициент жоғарылады.
Бұдан әрі баяндамашы шағын және орта кәсіпкерліктегі, жол сапасын жақсарту бағытындағы,  сумен қамтудағы, құрылыстағы, туризмді өрістетудегі қол жеткен өркенді өзгерістерді есебіне арқау етті. Баяндаманы талқылауға Черкасск ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Төлеухан Битимбиев, «Қазына» сервистік дайындау орталығының басшысы Аслан Абдрахманов, Екіаша ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Марат Дуанов, Сарқан қаласының тұрғыны, зейнеткер Разия Атабаева, Абай атындағы мектеп-гимназия директоры Нұрзиля Есенғұлова қатысып, жұртшылық атынан аудан әкімінің атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берді. 
Кездесу барысында тұрғындардан жолданған сауалдарға аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков тиянақты жауап беріп, алдағы жұмыстарына бағыт-бағдар берген көпшілікке ризашылығын білдірді.
Қорытынды сөз алған  облыс әкімінің орынбасары Серікжан  Бескемпіров бүгінгі жиында көтерілген мәселелердің маңыздылығын, кейбір салалардағы олқылықтарды атап өтіп, өңір экономикасын дамытып, әлеуметтік ахуалды көтеру жолында алда тұрған міндеттерге тоқталды.   

Жомарт ИГІМАН
Сарқан ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.