Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАТТЫ ОТЫН ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

31.01.2018
КҮНДЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

     Қазақстанның қатты отыны шетелге сатылып жатқандықтан, жергілікті тұрғындар жылына алмай отыр-мыс. Қыстың қақ ортасында тарап кеткен дәл осындай дақпыртқа сейсенбіде ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ нүкте қойды. Министр мұндай ақпараттың жалған екенін айтып, көмір өндіру және оны тасымалдау ешбір шашау шықпастан қатаң бақылаумен жүзеге асатынын жеткізді.

 

     Сейсенбіде Қазақстан Үкіметінің селекторлық жиыны өтіп, бірнеше күннен бергі үскірік аязда көтерілген көмір тапшылығына қатысты мәселелер талқыланды. Жиында ҚР Энергетика министрлігінің жұмысы сөз болды. Ел ішінде қатты отынмен байланысты түрлі алып-қашпа әңгіме айтылғаны жасырын емес. Оның үстіне ғаламторда көмірге таласып жатқан адамдардың, кезекте тұрған жүк көліктерінің бейнематериалдары тараған. Министр Қанат Бозымбаев жиын соңынан журналистерге берген сұхбатында халықты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.
– Көмірдің шетелге сатылуына байланысты ел ішінде қатты отынға тапшылық сезілуде деген ақпарат жалған. Көмір екі разрезден сатылымға шығарылуда. Оның ішінде, тұрмыстық көмірдің өндірілу реті басқаша, сапасы да бөлек. Ол басқа разрезден дайындалады, – деді Энергетика министрі. – Теміржол тарапынан да, вагондардан да, көмір өндіретін кәсіпорындарда да ешбір кедергілер туындаған жоқ.
     Демек, көмір өндірісіне ешқандай шектеу қойылмаған. Министр көмір көлемі жергілікті компаниялардың тапсырыс беруімен тікелей байланысты екенін айтты. Егер облыс пен қаладағы тасымал компаниялары көмір өндіретін орындармен келісімшартқа отырып, тиісті қаражатын төлеп, тапсырыс берсе, қалаған қатты отынын алады. Ғаламторда тараған жалған ақпараттарды кейбір тұрғындар Алматы қаласы мен Алматы облысында болған жағдай деп пікір қалдырған. Республикадағы энергетиканың басшысы облыс пен қалалардағы көмір мәселесін өңір әкімдерімен бірнеше рет талқылағанын алға тартты. «Біз көмір тапшылығына қатысты мәселеден хабардармыз. Жергілікті әкімдіктермен жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр арнайы штаб құрылды. Оны менің орынбасарым басқарады. Туындаған мәселені бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі таңда 16 мың тонна көмір Алматы қаласы мен Алматы облысына жіберілді. Бүгін-ертең сату жұмыстары басталады», – деді министр.
     Бүгінде бір ғана Алматы қаласында 16 мың 869 үй көмір қолданады. Бұл үйлер көгілдір отын желісі тартылмаған нысандар санатына кіреді. Аталған үйлер бір жылыту маусымында 63 мың тонна көмір жағады. Соңғы күндері қытымыр аяздың салдарынан Алматы қаласы мен оның маңайындағы елді мекендерде, сондай-ақ, Алматы облысының өзге де аймақтарында көмір тапшылығы сезілген. Салдарынан ғаламторда негізсіз әңгімелер, түрлі бейнематериалдар пайда болған. Министр мұндай тапшылықты Алматы қаласы мен Алматы облысы компанияларының келісімшартымен, тапсырыс көлемімен байланыстырды. 
Әлеуметтік желілерде тараған негізсіз бейнематериалдарға қатысты облыс әкімдігі де түсініктеме берді. Көмірге таласқан адамдар мен бір-бірімен соқтығысып, кезекте тұрған жүк көліктерінің бейнематериалдары Алматы облысында түсірілмеген. «Әлеуметтік желідегі оқиғалар Алматы облысында болған деседі. Көмір кезегінде тұрған жүк көліктеріне қатысты оқиғаның біздің өңірге мүлдем қатысы жоқ. Болжам бойынша, Қырғызстан елінде болған. Ал көмірге таласқандар туралы қай облыста түсірілгенін біз анықтадық. Бірақ ол өңірді атамауды жөн көріп отырмыз», – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі күнде облыста 29 мың 400 тоннадан астам көмір бар.
     Естеріңізге сала кетсек, өткен аптаның сәрсенбісінде ғана ҚР Энергетика министрлігі әр жылда өндірілген көмір көлемін айтып, Үкімет отырысында баяндама жасаған еді. Деректерге сүйенсек, 2016 жылы Қазақстан 98 миллион тонна көмір жаққан. Ал былтыр 71 миллион 800 мың тонна көмір ішкі нарыққа шығарылған. Биылғы жоспар 100 миллион тоннаға жетуі мүмкін.

Қуаныш ТҰҢҒАТАР.

Қатысты жаңалықтар

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

29.01.2026
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

29.01.2026
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

29.01.2026
Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

29.01.2026
Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.