Талдықорған: +7°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Инфляциялық үрдіс баяулады

5 қазан 2017
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тоғыз ай ішіндегі инфляция деңгейі және оны жыл соңына дейін ұстап тұру, электронды білім беру, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері сөз болды. Осыған байланысты іске асырылып жатқан іс-шаралар жөнінде аталған салаларға жауапты министрлер мен мемлекеттік органдардың басшылары хабарлама жасады.  

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, жыл басынан бері елде инфляциялық үдеріс баяулаған. Оған валюталық нарықтағы жағдайдың тұрақтануы мен азық-түлік тауарларының негізгі түрі бойынша өнімдер шығарудың өсуі себеп болған. Азық-түлік тауарлары бағаларының маусымдық төмендеуіне қарамастан жыл басынан бері пияз, сәбіз, қызылша, қой және сиыр еті бағаларының өсімі байқалыпты. Сонымен қатар, жұмыртқа, қарақұмық, қырыққабат, қант және күнбағыс майы бағасының арзандауы тіркелген. Дизель отыны, бензин, сұйылтылған газ, кеңсе тауарлары мен маталар, аяқкиім және қатты отынның бағасы өскен. 
Осыған байланысты Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрі және қызмет көрсетулерге бағалар мен тарифтердің, сондай-ақ, жылу беру маусымында жанар-жағармай бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қарастырды. ҚР Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев биыл ішкі бағаларға теңге девальвациясының ауысу әсерінің аяқталуға жақындағанын айтты. Ал мұнай өнімдерінің ішкі нарығы үшін 111,1 млн. тонна мұнай өңделгенін, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайызға жоғары екенін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. ҚР Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғановтың сөзінше, өнімдік тұрақтандыру қорларының жұмысы өткен жылмен салыстырғанда барынша жүйелі болған әрі бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсімін шектепті. 
Бүгінгі таңда тұжырымдамалық білім беру жүйесінің үш бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын сөз еткен ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев аталған бағыттарға жеке-жеке тоқталып өтті. Олар: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті және білім беруді басқаруды цифрландыру. Электронды білім беруді енгізу бойынша ақпараттық-коммуникациялық саладағы министрліктің міндеттерін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жеткізді. Сондай-ақ, жиында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралып, талқыланды. Қазаннан бастап республика бойынша «электронды шекара» шартты атауымен кедендік транзит тұрғысынан «Астана-1» жүйесінің бірінші компоненті іске қосылғанын баяндаған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов елде барлық транзит жаңа жүйе бойынша рәсімделетінін атап өтті. 
Отырыста қаралған мәселелерге байланысты ой қорытқан Бақытжан Әбдірұлы ҚР Білім және ғылым министрлігіне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, әкімдермен бірге өңірлердегі мектептерді жылдамдатылған интернетке қосу жоспарын әзірлеуді міндеттеді. Ал ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ҚР Премьер-Министрі Кеңсесімен бірлесіп, Президент Әкімшілігімен Заң жобасын бекітіп, қазан айының соңына дейін оны Парламент Мәжілісіне өткізуді жүктеді. Сондай-ақ, Үкімет басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар шара бар екенін атап өтті. Осы орайда, ҚР Пре-    мьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевке, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне және ҰКП-ға «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, қараша айының соңына дейін «бір терезе» режімінде шағын және орта бизнеске арналған цифрлық платформа жұмысын бастауды тапсырды. 

А. БАЙБОСЫНОВА.

Қатысты жаңалықтар

Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30
Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Бүгін, 15:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.