Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Шаңырағым — шаттығым

12.09.2017
ТҮПСАНА
Шаңырағым - шаттығым
WhatsAppTelegramFacebook

Мәңгілік өмір сүруді аңсаған біздің халық тамырын тереңнен алатын тәрбие бастауын жаны мен тәні сау, рухы биік ұрпаққа ғана табыс етуді армандаған. Ал осы ұрпақ арасында сабақтасып келе жатқан қағида Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан анық көрінеді. Осыған орай «Мәңгілік Ел – мәңгілік отбасы» атты облыстық жас отбасылар байқауы өтті.

Шара шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ашты.
– «Қазіргі жаһандану дәуірінде рухани мәңгүрттіктен сақтану мен халықтық тәрбиенің мазмұнын сақтап қалу үшін өткен тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызды зерделеуде тәрбиенің мәні ерекше. Ал тәрбиенің бастауы – отбасы. Отбасы – тәрбиенің бастапқы әліппесі, яғни бала бойына ең алғашқы мейірімділік пен қайырымдылық, адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыратын өмір мектебі, тәрбие діңгегі», – деді Жақсылық Мұқашұлы. Бұл байқау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар саясаты орталығы және «Жас Отан» жастар қанатының ұйытқы болуымен өткізіліп отыр. Тартысқа толы бәсекеге қазақ киносы тарихында өшпес із қалдырған белгілі актер Әлімғазы Райымбеков атамыз төрелік етті.
Осымен «Мәңгілік ел – мәңгілік отбасы» облыстық жас отбасылар байқауы алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Байқаудың мақсаты жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сақтай отыра, берекесі ұйыған отбасыларды жан-жақты насихаттау, болашақ жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беруге, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған.
Байқау 2012 жылдан бастау алып, үзбей өткізіліп келеді. Былтыр Көксу ауданы, Балпық би ауылы «Асмадирус» де-      малыс орталығында өтсе, биыл қаламыздағы «Ерасыл» де-     малыс орнында жалғасты. Осы байқауға қатысу үшін алдымен әр ауданда іріктеу өткен. Сол кезеңнен мүдірмей, жолдамаға ие болған жас отбасылар ғана қатысып отыр. Бір қуаныштысы жыл сайын жас отбасылардың қатысу саны артып келеді. Өткен жылы 9 отбасы өнер көрсетсе, осы жылы 16 отбасы бағын сынады. Ереже бойынша 20-29 жас аралығындағы жас отбасылар ғана қатыса алады. Балаларының жас мөлшері 4 пен 6 шамасында болуы шарт. Шараға кәсіби әнші, биші, театр әртісі қатыстырылмайды. Аталмыш отбасылық байқау «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Таныстыру», «Өнерліге өріс кең» сынды кезеңдерден тұрады. 
Мемлекет басшысы: «Әрбір отбасының тарихы, бұл – Қазақстан тұрмысының үлкен энциклопедиясы. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі қағаз бетіне түспеген заңы іспеттес, өмірдің тұрақты бір қағидасына айналған. «Адам ұрпағымен мың жасайды»,  деп болашаққа үміт артуы, елі мен жұртын мың жасатар ұрпағының дені сау, өресі биік азамат болуы – бүгінгі өмір қажеттілігі» деген болатын. Осы сөзді негізге алған шара ұйымдастырушылары жас отбасыларға айрықша демеу көрсетіп, жарыстың жақсы өтуіне барынша атсалысты. Жастар ресурстық орталығының директоры, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Бақтияр Жақсыкелдинов өз сөзінде:
– Әр қазақ отбасында тірегі, жүрегі және де тілегі болуы тиіс. Тірегі дегеніміз – үйдің қайсарлы да қажырлы әкесі. Жүрегі дегеніміз – табанының астында жұмағы бар аяулы да, мейірімді анасы. Тілегі дегеніміз – шынайы махаббаттан дүниеге саналы келген сәби» деп жастарға ізгі тілегін жеткізді.
Бұл жарысқа әрбір отбасының тек жеңіс үшін келгені көрініп тұрды. Алайда байқаудың бас жүлдесін қарсыластарына қарағанда қарымы мол Қаратал ауданынан келген Какимовтар отбасы жеңіп алды. Ал бірінші орыннан қарға адым жер қалып қойған Кербұлақ ауданының жастары Тұрысбековтар отбасы көрінді. Тиісінше екінші орынды Жамбыл ауданының намысын қорғап келген Тауырбековтар отбасы алса, үшінші орынға Сарқан ауданының саңлақтары Маратовтар шаңырағы лайық деп табылды. Қалған қатысушылардың барлығына Алғыс хат пен қысқатолқынды пеш табыс етілді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен бағалы заттар берілді.

Мұхтар КҮМІСБЕК.

Қатысты жаңалықтар

Боран мен қатты аяз: 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады

09.02.2026
Қаратал ауданында 2 мың тұрғынды тасқыннан қорғайтын жаңа бөгет салынуда

Қаратал ауданында 2 мың тұрғынды тасқыннан қорғайтын жаңа бөгет салынуда

09.02.2026
Семей тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Семей тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

09.02.2026
Тоқаев жаңа министрді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

Тоқаев жаңа министрді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

09.02.2026
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.