Талдықорған: +13°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Нәтижелі іс пен тағылымды тарих ел ертеңі үшін маңызды

31.07.2017
ӘЛЕУМЕТ
Нәтижелі іс пен тағылымды тарих ел ертеңі үшін маңызды
WhatsAppTelegramFacebook
Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ қатысуымен 

облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIX сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде облыстық ІІД-нің жергілікті полиция қызметі тарапынан атқарылған жұмысы және облыстың бірқатар ауыл аттарын өзгерту мәселелері қаралды.
Бірінші болып облыстық ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Марат Күштібаев есеп берді. Ескерте кететін жайт, Елбасы Н. Назарбаев «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында жергілікті полиция қызметін құру туралы тапсырма берген болатын. Соған орай жасақталғанына көп уақыт бола қоймаған қызмет бірқатар қылмыстың бетін ашып, бірнеше аумақтық шара ұйымдастырған. Бір қуантарлығы жарты жылдың ішінде облыс аумағындағы қылмыс саны 14, 1 пайызға кеміген. Әсіресе, ауылды жерлерде мал ұрлығының көрсеткіші 16, 5 пайызға азайғандығы көпшіліктің көңілінен шықты. Марат Әлімқұлұлының сөзіне сүйенсек, жарты жылдың ішінде кәмелеттік жасқа толмаған 2 мың 346 жасөспірім жауапкершілікке тартылған. Оның 1882-і әкімшілік құқық бұзған.  Қылмысқа жол ашқан жасөспірімдермен жұмыс қанша күшейтілгенімен Ақсу, Жамбыл, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған және Текелі қалаларының жасөспірімдері жасаған қылмыс саны азаймай тұр.
– Облыс әкімінің қолдауымен материалдық-техникалық жабдықтау бағытында 60 қызметтік автокөлік, 15 «Крис-П» жылжымалы кешен құрылғылары жергілікті полиция қызметіне берілді. Аудандар мен қалаларда тұрғылықты үйі мен жұмысы бірге қарастырылған учаскелік полицияларға арналған құрылыс жұмысы өз жалғасын табуда. Жалпы, 2017 жылда 62 учаскелік полиция нысанын тұрғызу жоспарланған. Облыс бойынша учаскелік полиция инспекторларының штаттық саны – 638. Олардың тек 35-і ғана қызметтік пәтермен қамтамасыз етілген. Ал 490 учаскелік полиция қызметкері баспананы қажет етеді. Жергілікті полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдермен тығыз жұмыс істеуде. Десе де, бала өміріне ата-аналар мен ұстаздар да барынша көңіл бөлсе деген ұсыныс та жоқ емес. Ал жол-көлік оқиғасы былтырғы жылмен салыстырғанда 4, 6 пайызға кеміді. Оқыс оқиғаның нәтижесінде қаза табушылар 3 пайызға азайды. Бұл 2016 жылы іске қосылған «Крис-П» жылжымалы кешен құрылғысының берген оң нәтижесі. Алматы – Өскемен республикалық тас жолы бағытындағы жол көлік оқиғаларының саны азайғандығы үлкен жетістік деп білемін. Есесіне Алматы – Көкпек – Көктал бағыты бойынша алты айдың ішінде 100 жол көлік оқиғасы орын алып, 38 адам көз жұмды. 141 жан ауыр жарақат алған. Сол себепті де осы бағыт бойынша барлық қызметтік жұмыс күшін жұмылдырудамыз, – деді Марат Күштібаев. 
Есептік баяндама аяқталысымен мәслихат депуттары Ермек Келемсейіт пен Ызғарбек Бектұрсынов мінбеге көтеріліп, ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы өз ойларын ортаға салып, есептік баяндамаға қанағаттанарлық деген баға берді. 
Сонымен қатар сессия барысында Қарасай ауданындағы Үшқоңыр ауылдық округі мен Үшқоңыр ауылын Шамалған ауылдық округі,  Шамалған ауылы, Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі Амангелді ауылының атауын Зылиха Тамшыбай ауылы, Қаратал ауданы Үштөбе қалалық округінің Опытное ауылын Ойсаз ауылы және Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округінің Водное ауылын Қайнарлы ауылы деп атау туралы мәселелер қаралды. Бұл туралы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев толық әрі жан-жақты мәлімет берді. 
 Жиын соңында облыс әкімдігінің дербес құрамына облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовтың енгенін хабарлады. 
Аталған мәселелердің барлығы да мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан қолдауға ие болды.  
Сессия соңында облыс әкімі Амандық Баталов сөз алып, ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің жұмысына оң баға беріп, Марат Әлімқұлұлына бұл орайдағы жұмысты жандандыра түсуді тапсырды. Ал аудан, ауыл атауларын өзгерту туралы ұсыныстың астарында тағылымды із жатқандығын айтып, ел үшін ерен еңбек еткен тұлғалармен ел мен жердің тарихи атауына деген құрметтің үнемі жоғары болуын тілге тиек етті.  
Басқосу соңында депутаттарға арналған «Депутат» газеті мен «Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналының бас редакторы Эльмира Үсенқызы өңірдегі бірқатар азаматқа аталған басылым алқаларының ұсынысымен республикалық кәсіподақ ұйымы бекіткен «Еңбек даңқы» төсбелгісі мен Алғыс хаттарды табыстады.
 
Еңлік КЕНЕБАЕВА
 

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.