Талдықорған: -2°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тасқын зардабы анықталуда

04.05.2017
КҮЛТӨБЕ
Тасқын зардабы анықталуда
WhatsAppTelegramFacebook

От пен су – адамзат тіршілігін мәнді ететін киелі дүниелер. Алайда мөлшерден тыс және тосыннан келетін болса екеуінің де орны толмас өкінішке ұрындыруы әбден мүмкін. Мұндай «тосынсый» әсіресе тау бөктерінде орналасқан елді мекендерге тән. Сәуір айының соңында Қарасай ауданына қарасты саяжайлар осындай  тасқын судың азабын тартты.

Жылдар бойы моп-момақан қалып танытып, арнасында жылтырап қана ағатын тау өзендерінің аяқасты алапат мінез көрсететіні сирек. Тіпті, саяжайдың байырғы тұрғындары Қырғауылды өзенінің қашан тасығанын еске түсіре алмады. «Апат айтып келмейді» деген, бәлкім, осы шығар?!
– Әдетте тау өзендеріндегі жағдайды үнемі бақылап отырамыз. Алайда, мына саяжайлардың су астында қалуы біз үшін де күтпеген жағдай болғаны рас, – дейді Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Серікхан Тұраров. – Алғашқы хабар 27 сәуір күні сағат түнгі 21.30-да келіп түсті. «Тасқын су Алматы – Жандосов көлік жолының үстімен ағып, саяжайларды алып жатыр» деген мәлімет келісімен дереу осы жерге жеткенбіз. Қырғауылды өзенінің аңғарында орналасқан көпір тасқын сумен келген түрлі қалдықтармен бітеліп, арнасынан асып кеткен екен. Толассыз жауған жаңбырға қарамастан төтенше жағдайлар департаменті  және аудандық әкімдіктің тиісті қызметтерінің күшімен көпір аузын кір-қоқыстан аршып, тасқын суды арнасына түсірдік. Сонымен қатар, су жолында қалған тұрғындарды көшіріп, сақтық шараларын жасадық. Соның нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Дегенмен, «Ақсай – 19», «Торпедо», «Труд – 4», «Полет – 91» саяжай серіктестіктерінің 151 учаскесін және Қырғауылды ауылына қарасты 20-ға жуық жеке шаруа қожалығының жерін су шайғаны белгілі болды. Аталған аймақтағы 9,5 шақырым жолдың жарамсыз күйге түскені де анықталды. Бұл жерде қауымдастық мүшелерінің құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкестендірмей, өз қалаулары бойынша салуы су жолына бөгет болып, апаттың қарқын алуына себепші болғанын айта кету керек. Соның салдарынан ішіне су кірген үйлердің саны 11-ге жетіп отыр. 
Төтенше жағдайға байланысты екі штаб құрылып, зардап шеккен тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдауда. Ендігі уақытта аудандағы төтенше жағдай, «Қазселденқорғау» қызметі, «КазГидроСпас» ЖШС, электр қуатын тарату, жол жөндеушілер, газ шаруашылығы, «жедел жәрдем» және  санитарлық-эпидемиологиялық қызметі, «Үшқоңыр Ирригация» мекемесі сияқты  қызметтердің барлығы тасқыннан келген зиянды қалпына келтіруге жұмылдырылған. Бұл жұмыстарға қазір 107 адам мен   31 техника қатысуда.
Қарасай ауданы аумағында орын алған тасқынның салдарымен танысып, қажетті шаралар қабылдау үшін арнайы келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов Қырғауылды өзенінің Алатаудың шатқалдарынан бастау алатын тұсына дейін барып, ұзақ жылдардан бері бөтен мінез танытпаған шағын ғана тау өзенінің тасуының себептерін анықтауға күш салды. Әрине, таудағы көптеген тұмалардан нәр алатын өзеннің қалыпты тірлігіне еріген қар мен көктем шыға толассыз жауған жаңбыр әсер етпей қоймайды. Солай болған күннің өзінде жайшылықта  секундына 1–2 текше метрден аспайтын су мөлшерінің бірден 7–8 текше метрге жетуі неғайбыл. Осы орайда, жерден басқарылатын ұшу аппаратының көмегімен жасалған зерттеулер қатты жауған нөсер жаңбырдың шатқалдағы жарқабақтарды шайып, әр-әр жерде жасанды тоспалардың қалыптасқанын көрсетті. Демек, сол тоспаларда жиналған су бір сәтте еркіндік алып, төмен қарай екпінмен  ағуы мүмкін. Өзен аңғарын бұзып, құрылыс жұмыстарын  заңсыз жүргізген тұрғындардың әрекеті әдеттегіден әлдеқайда көп келген су жолына тосқауыл қойып, жан-жаққа жайылуына себепші болған.
Бұл болжамның дұрыстығы Лаззат Махатұлы бастаған комиссия мүшелері «Ақсай – 19» саяжай серіктестігін аралаған кезде растала түсті. Өзен аңғарына қалай болса солай салынған үйлер  мен қосалқы құрылыстардың, аула қоршауларының су жолын мейлінше тарылтып, қысып тастағаны байқалды. Бұл жерде адамның табиғаттың тылсым күшімен есептесе бермейтіні, өз мүддесі үшін заңды да назарға алмайтыны аңғарылады.
Су тасқынының себеп-салдарын, өзен аңғарында қалыптасқан жағдайды анықтағаннан кейін Л. Тұрлашов бастаған комиссия мүшелері резеңке етік киіп, тізеден саз кеше жүріп, саяжайдағы зардап шеккен үйлерді аралады. Қожайындарының көпшілігі қалада тұратындықтан үйлердің бәріне кіру мүмкін емес, сол себепті комиссия иелері бар үйлерге ғана бас сұқты. Тасқын су адамдардың мүлік-мүкәммалы мен аулаларына біраз залал тигізген. Заттай шығынды қалпына келтіру оңай, ең бастысы, адам шығынының болмағаны қуантады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары өзен аңғарын аршып, су жолын тазалап жатқан, аулаларға жиналған лай мен қоқысты шығаруға атсалысып жүрген мамандар мен ерікті топтардың жұмысымен танысып, көмекке зәру жандарға қажетінше жәрдем беруді тапсырды. Апатты жағдай орын алғаннан кейінгі екінші күні қауіп сейіліп, қалыпты тіршілік басталды. Қырғауылды өзені де арнасына түсті. Ендігі кезекте тасқын судан келген зиянның мөлшерін анықтап, мемлекет тарапынан берілетін көмекті жеткізу мақсат. Ал, жақын болашақта саяжай серіктестігіндегі үйлер мен құрылыстардың заңдылығын анықтап, болашақта мұндай жағдайдың қайталанбауын қамтамасыз ету аудан әкімі Махаббат Бигелдиев бастаған аудан   мекемелерінің үлесінде.

Қуат Қайранбаев
Қарасай ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

47 секундта үш гол салды

47 секундта үш гол салды

03.03.2026
Ақхалатты абзал жандарға алғыс

Ақхалатты абзал жандарға алғыс

03.03.2026
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

03.03.2026
Жертөледен басталған жол

Жертөледен басталған жол

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.