Талдықорған: +4°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Суы мөлдір, бұлағы — бал

18 наурыз 2017
КҮЛТӨБЕ
Суы мөлдір, бұлағы - бал
WhatsAppTelegramFacebook

Бар тіршілік қуанышқа кенелген, сәт басталды күн мен түнім теңелген. Наурыз дейтін Ұлыс күні халқымның, бақыт сыйлап келе жатқан ежелден. Осы күні бар дүние шаттанып, тілектер де төгіледі көлеммен. Жамандыққа, жалғандыққа жаны қас, қазақ үшін бұл мереке бағы бас. Құшақтасып көріседі бұл күні, кешіріммен өкпелескен кәрі-жас. Шыңдардан қарлар көшіп асқаралы, қатып қалған мұздардан жас тамады. Баланың күлімдесе жас жанары, буларын бұрқыратар тастар әлі, осылай қыбыр-жыбыр бар тіршілік Ұлыстың ұлы күні басталады. 

Атады шатты таң, бар нұрға тамсанып. Құстар да оянар, қуана ән салып. Келді деп гүл көктем ақ жаңбыр жар салып. Жұрт біткен шаттықтан шын күліп, оянар мүлгіген дүние дүрлігіп. Таңмен басталар шаруа тірлігі, тұғырдан көрініп, татулық, бірлігі. Салқындық дегенің сезілмей, жамалды суықтан сыз өткен жүректің жыртығы.  Бақытқа кенелткен алқапты, маңайды, шарлады лезде шаттанған ұлт үні. Көрсеткен қуаныш, жұбаныш, күлкіні, елімнің ерекше осынау бір күні. Барша жұрт бір-біріне болысады, құшақтасып, көрісіп, табысады. Қазанда ет пісіп, көже қайнап, қуанышпен бар орта толысады. Тай-құлындар желмен жарысады, жастар ойнап, асыр сап, алысады. Күн мен түн  теңеліп осы күні, тоғыз жолдың торабы тоғысады. Алғыс айтып Аллаға сыйынады, тоқшылықтан құралып сый, ұраны. Ән әуелеп, күй шалқып, жақсылықты, жария ету үшін жиылады. Күн нұрымен төгіліп тек жылылық, жамандық біржолата тыйылады. Су аққанда сырғанап жылғалардан, жас талдар да көктейді бүршік атып. Төгілгендей көрініс қылқаламнан, бұлақтан су сырғанар ыршып атып. 
Тіршіліктің тіріліп ғажап әні, нұрлы әлем шаң-тозаңнан тазарады. Ұлы күнмен осылай қатар кірер тамаша табиғаттың бар ажары. Айтылады тілек біткен тосылмай, жарасады жүрген жандар қосылмай. Бірін-бірі санап жақын досындай, көрсетеді қуанышты тосын жай. Бұл шаттықтың барлығына себепші, Ұлыс күннің ұлылығы осындай.  Бұл күнді жасандылық боямаған, жақсылықпен құшағын жаяды адам. Асыратын бар әлемге даңқымды, ардақтайтын, қадірлейтін халқымды. Шапағатын, жылуын аямаған, елімнің салт-дәстүрін аялаған, Ұлыс күннің ұлылығы бар құнды. Қасиет бар осындай ұлы күнде, жайнайды, жердің үсті жасарады. Белгісіз кереметтің сыры мүлде, көңілдің көрінбейді босағаны.  Өсиет бар осындай ұлы күнде, өнегемен артатын аса мәні. Жылдың басы жайдары, несібелі, алты Алаштың мерейін өсіреді. Дәстүрін ұлықтаған бабалардың, кетпесін деп елімнің көші кері. Жан сарайым кеңейді, санам өсіп, көңілім жүйрік аттай көсіледі. Жақсылықпен жолданған жыр әні бар, татулықтың биікте  тұрағы бар. Ұлыстың ұлы күні әз Наурыздың бауырластық деген бір ұраны бар. Адалдық, адамдықты арттыратын, асырып ел мерейін куә қылар. Көктемнің суы мөлдір, бұлағы бал, қуантар жан біткенді шапағатпен, Наурыздың дәл осындай шуағы бар. Бұл мереке біздердің бағымызға, ақ ниет, адал аппақ арымызға. Жақсылық жақындатқан жанымызға, халық салтын сіңіріп қанымызға. Ұлыстың ұлы күні ұсынатын, ғасырлар куә болған барымызға. Наурыз тойы шын қуанып күлер күн, туыстық пен достық құнын білер күн. Ақ ниетпен үлкендерден бата алып, қазағымның амандығын тілермін. Жүректерге жылылықты жолдаған, Жаңа жылы құтты болсын Ұлы елдің!

Құралбек Сәбитов

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.