Талдықорған: +1°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Самға, самға, Алатаудың сұңқары

13.02.2017
КҮЛТӨБЕ
Самға, самға, Алатаудың сұңқары
WhatsAppTelegramFacebook

Еңсесі биік Алатау, асқаралы биіктігімен тағы да таңғалдырды. Он күн бойы жастарды құшағына басқан қарт Алатау жалындаған жастардың жүрегіне қуаныш ұялатты. Әсем қала Алматының төрінде өткен Универсиада ойындары жоғары дәрежеде өтті.

Дамыған мемлекеттер бұл додаға аса мән бере бермейтіні анық. Жастардың кезекті жарысы деп, көп шашыла бермейтіні бар. Десе де сол мемлекеттерден келген спортшылар мен спорт мамандары Қазақ елінде өткен бәсекеге таңырқап қалғанын жасырмады. Оның нақты дәлелі Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыциннің бұған дейінгі Универсиадалар бұлай кең көлемде әлемді шарпыған жоқ, бұл Олимпиадамен пара-пар спорттық шара деп айтқан сөзі. Расында да, бізге дейінгі студенттер жарысында ашылу, жабылу салтанаттары Алматыдағыдай өтпеген еді. Бар болғаны жарты сағаттың ішінде сыдырта өткен салтанатты шеруден жастар да ләззат алып үлгермейтін еді. Ал талай жастың томағасын сыпырып, дүбірлі додаға қосқан, болатын баланың белін буып, батасын берген Қазақ елі ең жоғары дәрежеде өткізді. Ұлы Даланың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықты заманауи техникаға икемдеп, барын көрсете білді. Тіпті Сочи Олимпиадасының өзі де Универсиада ойындарының ашылу салтанатымен теңесе алмайтыны көрініп-ақ тұр. Осыған қарап, жарыстың да деңгейін бағамдай беріңіз. Ал спорттық додаға келер болсақ, тіптен керемет. Біз бұған дейін өткен Универсиада ойындарында қоржынымызды толтыра алмаған едік. Жазғы спорттың жөні бір бөлек. Қысқы спортта есеміз кетіп, санаулы жүлдені қанағат тұтып қана жүрдік. Бұл жолы сынға түскен спортшылар аянып қалмады. 
                                 
Алтынның кені
«Алатау»
Шаңғы жарысы өткен «Алатау» биатлон кешені қазақ спортшыларына жүлдесін аямады. Алғашқы күннен-ақ, алтынды сыйға тартқан «Алатау» аяғына дейін жомарттығын танытты. Алматы облысына қарасты екінші нысан таланттардың мекеніне айналды. «Табаған» ойын-сауықтыру базасында да осындай жағдай тіркелді. Қара көз, қазақтың қос қызы жанымызды жадыратып, жүлдеге қолы жеткенде бөркін аспанға атпаған жанкүйер қалмады. Жібек пен Жанботаның ерлігі көпке үлгі болмақ. Спорттағы жетістігін былай қойғанда қазақы қалыптан аспай, сыпайылықпен өздерінің ойымен бөлісе білді. Қауіпті спорттың түріне жататын фристайлға екі қыздың келуі нағыз қаһармандық емес пе?! Кешегі батыр апаларымыз­дың өрлігі мен ерлігі екі қыздың бойы­нан табыла білген. Биатлонда Г. Виш­­невская мен А. Райкова, Еремин мен Пантовтың ерлігін ерекше атап өткен жөн. Жүлденің басым көпшілігі осы спортшылар салды. Оның сыртында хоккейшілеріміз ерледі. Әсіресе ұлдар командасын ерекше атап өткен жөн. Алғашқы күннен-ақ, қақпасына шайбы өткізбей келген хоккейшілеріміз соңғы сәтте екі голды жіберіп алды. Өкінетін ештеңе жоқ. Күміс те жоғары нәтиже. Ең бастысы , хоккейшілеріміз соңына дейін аянып қалмады. Конькишілеріміз де жаман нәтиже көрсетпеді. Шорт-трек пен коньки жарысы өте тамаша өнер көрсетті. Тіпті сол кезде үшінші сатыға түсіп қалу нәтижесі де тіркелген еді. Қиянаттың қармағына іліксе де орынды сақтап қалды. Мұнда ең төменгі нәтижені керлинг көрсетті. Алғашқы күннен- ақ, жеңілістен көз ашпады. Ақыры топтан да шыға алмады. Әрине, кенже дамыған спорттың түрі болғандықтан біз аса қатты қынжыла қойған жоқпыз. Мәнерлеп сырғанауда бағымыз жанды. Талай айтулы додада олжа салып жүрген Денис Тен алтыннан алқа тағынды. Универсиада ойындары Денистің алғашқы жарысы. Ол бұған дейін ірі бәсекелерде бақ сынағанымен, Унивиерсиада ойындарында алғашқы рет қатысып, жүлде жиынтығына туған жерде өткен Универсиада ойындарының алтын медалін қосты. Ал Алматы облысының спортшысы Абзал Рахымғалиевтің бұл үшінші Универсиадасы. Бұл жолы да Абзалдың айы оңынан тумады. Осы жерде аздаған кемшілікке де тоқтала кетсек.

Кәсіби спортшы 
араласты
 Жарыстың ережесі бойынша 18-28 жас аралығындағы студенттер додасы екенін өткен мақалаларымыз­да жазған болатынбыз. Енді елімізде өткен додаға Ресей мен Қазақстан кәсіби спортшыларды араластырған. Мысалға, ел намысын жоғары ұстаған спортшылардың көбісі ұлттық құраманың мүшесі. 28 жастағы фристайлшы Дмитрий Рейхерд пен 23 жастағы      Ю. Га­лышева Ванкувер, Сочи Олимпиадасына қатысқан әккі спортшылар. Екі спортшымыз да, 2011 жылы Азия ойындарының алтын медалін таққан саңлақ. Осы тұста бұғанасы қатпаған спортшылардың қатарына кіріп кетуі әбестік емес пе, деген ой келеді. Конькиден әлем кубогында алтын алған Роман Креч те осылардың санатында. Алтыннан алтын алған Г. Вишневская әлемдік рейтингте 14-орында тұр. Оны былай қойғанда хоккейшілеріміз де мықты ойыншылар. Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын ойыншылар мұз үстінде зыр қақты. Жә, бұл біздің спортшылар. Енді Ресей құрамасына келейік. Ресей құрамасы сапында мәнерлеп сырғанаудан 2015 жылғы әлем чемпионы Элизабета Туктамышева бар. Осы спорттан 2016 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері ресейлік Елена Родионова да Алматыдағы Универсиадаға қатыс­ты. Шайбалы хоккейден Универсиадада чемпион болған Ресей әйелдер құрамасы сапында 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Ангелина Гончаренко, 2016 жылғы әлем чемпионатында үшінші орын алған Элина Митрофанова, Александра Вафина, Людмила Белякова бар. Алматыдағы Универсиадада Ресей әйелдер құрамасы финалда Канаданы жеңді. Сонда жастардың томағасын сыпырамыз деп жүріп, бетін қайтарып алған жоқпыз ба? Мүмкін бұлардың да қатысқаны жөн шығар. Кейінгі жас ұрпақты спортқа тартуға, жарыстың деңгейін көтеру үшін керек те болар. Әккі спортшы деп айтамыз, Еуропа мен АҚШ-тан келген студенттер оңайлықпен шағыла қоймады.

ТҮЙІН: 
Алаш жерінде өткен Универсиада ойындары көптің рухын көтерді. Кәсіби спортшы қосылса да ел намысы жоғары тұрды. Алғашқы күннен-ақ жүлдеге қол созғандардың қатарында болған ел спортшылары намысқа тырысып бақты. Осы жерде бір нәрсені айта кетсек жөн болар. Универсиада ойындарына «Жетісу» газетінің төрт тілшісі жақсы жұмыс істеді. Мұндағы менің айтпағым, жарыс басталар алдында кім қанша жүлде алады деп, өзара бәсеке жасаған едік. Болат Мәжит, мен, Серік Қантаевтан озған Ұлбосын Исабекова болды. Осылайша он күнде бес алтынға қол жеткізген Ұлбосын әріптесім арамыздағы ең бай адам болып, Универсиада ойынымен бірге тарих бетінде алтын әріппен жарқырады.

ӘМІР САНА.

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.