Талдықорған: +2°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Индустрияландыпу жобалары іске қосылды

08.12.2016
КҮЛТӨБЕ
Индустрияландыпу жобалары іске қосылды
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстандағы жаңа индустрияландыру» атты телекөпір өтті. Шара аясында Индустрияландыру картасы бойынша елдің әр аймағындағы жиырма үш жобаның тұсауы кесілді. Елбасы телекөпір кезінде жаңа нысандарды  іске қосып, жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Аталған жобалардың үшеуі Алматы облысына қатысты. Соның бірі Текелі қаласындағы шойын өндіретін зауыт. Айта кетейік, Текелідегі бұл кәсіпорынның құрылыс жұмысына алты жүз елу адам, іске қосылуына бес жүз шақты маман тартылған. Жұмсалған қаржы көлемі сегіз миллиардтан астам теңгені құрайды. Жоба Қазақстан Республикасының Индустриялдық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Негізгі инвесторлары «Горное бюро» және «KSP Steel» Павлодарский трубопрокатный завод» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Ірі өндірісті іске қосу үшін зауыт басшылығы алдымен мамандар даярлаған. Жетпістен астам жұмысшыны Теміртау қаласына арнайы жіберіп, тау-кен кәсіпорнынан түрлі мамандық бойынша оқытып әкелген. Телекөпір кезінде «Текелі тау-кен өңдеу кешені» ЖШС басшысы Бақыт Шалбаев: 
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз бізге осыдан үш ай бұрын нысан жаңа салынып жатқанда келген едіңіз. Осындай жауапты кезеңде қолдау танытқаныңыз үшін ерекше алғыс білдіргіміз келеді. Өзіңіз көріп тұрғандай, қазір сол құрылыс жұмыстары сәтті аяқталды. Бүгінгі күнде жабдықтарды монтаждау, баптау және қыздыру жүргізілуде. «OхyCup» инновациялық әдісімен шойын өндіретін өндіріс ошағының қуаттылығы жылына 400 мың тоннаға жуық. Шикізаттың негізгі құрамы Қарағанды облысының «Бапы» кен орнынан байытылып алынған жергілікті темір концентраты болып табылады. Сізді және барлық қазақстандықты айтулы мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіз!– деді. 
Осыған байланысты ойын жеткізген Елбасы аталған өндірісте құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда зауытпен кеңірек танысқанын еске сала отырып: –    Сол кезде Текеліде шағын домна пешінің салынғанына таңданған едім. Бұл қызықты жоба қолданбалы шойынды шығарады. Бұл өте жақсы әрі қажетті өндіріс. Адамдарға жұмыс орындары ашылады. Сондықтан табысты болыңыздар, – деп зауытты іске қосуға рұқсат берді.
Сондай-ақ, «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында салынған Алматы – Қапшағай тасжолы да іске қосылды. 
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Алматы – Қапшағай тасжолы «Орталық – оңтүстік» дәлізінің маңызды бөлігі. Қазір жолдың бұл бөлігіндегі құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Алты жолақты қозғалысқа арналған бірінші техникалық категорияның барлық талабына сай. Бүгінгі жолдағы көлік қозғалысының қарқыны тәулігіне 30 мың көлікке дейін арттырылды. Ал жол-көлік апаттары 3 есе азайды. Жолдың ұзындығы 30 шақырымды құрайтын соңғы бөлігі пайдалануға дайын, – деді байланысқа шыққан «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Берік Желдікбаев. 
Елдің шығысы мен батысында да жаңа теміржолдың құрылысы аяқталды. Соның бірі Алматы–Шу шойын жолы. Телекөпір кезінде жаңа іске қосылған теміржол желісімен «Тұлпар-Тальго» бірінші жолаушылар құрамы жолға шықты. 
«ҚТЖ»ҰК» АҚ «Алматы теміржолы бөлімшесі» филиалының директоры Съезбек Әлішев:
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Алматы – Шу теміржолы жолаушылар тасымалдау мен транзиттік жүктерді өткізетін маңызды жол торабы. Ел экономикасы өскен сайын жүк пен жолаушы тасымалына сұраныс артып келеді. Соған орай Сіздің тапсырмаңызбен «Нұрлы Жол» экономикалық бағдарламасы аясында екінші жол құрылысы жүзеге асырылуда. Құрылысқа 90 пайыз отандық өндіріс бұйымдары пайдаланылды. Аса мәртебелі Елбасы! Биылдың тамыз айында Сізге таныстырылған отандық жаңа үлгідегі кең қорапты жолаушылар вагондары сертификаттау сынағынан өтті. Бүгін пайдалануға дайын тұр, – деді. 
Осы ретте: «Алматы–Шу» жаңа теміржол желісі пойыз жүрісін екі есеге ұлғайтады. Біз мұны бұрыннан жоспарлағанбыз», – деді Президент.
Елбасы «Нұрлы Жол» бағдарламасы қазіргі дағдарысқа қарсы үлкен жоба болып саналатынын, алдағы бес жылда дәл осындай жолдар салынса бұл ел экономикасын алға сүйрейтін ауқымды істердің бірі болатынын, енді бөлінген қаражатты мұқият жұмсап, жақсы жолдар салу қажеттігін еске салды. Сонымен бірге  тұсауы кесілген қай өнеркәсіптің болсын индустрияландыру саласын алға жылжытуда маңызы үлкен екені айтылып, өркениеті өрге озған озық елдермен иық тірестіре жұмыс істеу керектігі атап өтілді. Жетістіктер тізбектеліп, бірқатар сын-ескертпелер де ашық айтылды. Шет- елде жүргізілген келелі келіссөздердің оң нәтиже беруі үшін тиісті шаралардың атқарылуы керектігі де тілге тиек етілді. Қазақстанға қомақты қаржысын құюға ниетті азаматтарды сабылтып қойған шенді-шекпенділердің ендігі жерде жұмыстан қуылатыны да ескертілді. Осылайша, жиырма бес жыл ішінде қол жеткен тың табыстар мен алға қойылған міндеттерді сөз еткен Елбасы тек ауқымды индустрияландыру ғана елді әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосатындығын еске салды. 
Айта кетейік, елде Индустрияландыру бағдарламасы іске асқалы ірілі-ұсақты 961 кәсіпорын іске қосылған. Ашылған жұмыс орындарының саны 90 мыңнан асады. Аталған жобаларға 4 трлн. теңге жұмсалып, нәтижесінде «Қазақстанда жасалған» деген таңбасы бар 7 трлн. теңгенің өнімі өндіріліпті. 
Телекөпір соңында Қазақстанның озық кәсіпорындары мен үздік тауарлары анықталды. «Алтын сапа» Президент сыйлығы, «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Өндірістік бағыттағы, халыққа арналған тауар шығаратын және қызмет көрсететін ең үздік кәсіпорындар белгілі болды. Сонымен бірге 10 кәсіпкерге «Іскер» арнайы сыйлығы табысталды. Ал «Алтын сапаға» тоғыз, «Алтын Парызға» сегіз өндіріс ошағы ие болды. Бұдан бөлек, елдің тоғыз тауары үздік деп танылды. Биыл алғаш рет «Азық-түлік немесе ауылшаруашылығы тауарларын өндіретін ең үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша арнайы сыйлық та тапсырылды.

Айгүл Байбосынова

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.