Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Болашақ тізгіні

01.12.2016
КҮЛТӨБЕ
Болашақ тізгіні
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі таңда жастардың алдына айқын мақсаттар мен міндеттер қойылып, жарқын болашақ жолында үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Иә, бұл жолда өскелең ұрпаққа деген көмек те қомақты. Білімі мен біліктілігі артқан, еңбек пен оқуда дараланып жүрген жастардың өркендеп өсуі үшін мол мүмкіндік бар. Әрбір жас еркін білім алып, адами құндылығын арттыру үшін жолдың бәрі ашық. Сөзіміздің дәйекті болуына өңірімізде де жастар үшін жайдарлы жаңалықтар көптігі дәлел.  Тұңғыш Президент күніне, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай күш-қуатын Отан үшін жұмсап, ел алдында құлаш сермей самғап жүрген жастар марапатталды. Анығын айтқанда ағымдағы жылдың үздік жастары анықталып, көшбасшылары белгілі болды. 

Елбасы әр сөзінде болашақтың тірегі жастар екенін айтып отырады. Сол себепті жаңа буынның ой еркіндігіне ерік беріп, білімі мен білігін арттыруға барлық есік ашық. Өңірімізде өскелең ұрпақ үшін бөлінетін қаржының да көлемі артып, жастар жолында инвестиция қазандығы толып келеді. Оған 1-2 жылдың көлемінде құрылысы бітіп, қолдануға берілген ғимараттар дәлел. «Жастар» саябағы, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы тек жаңа буын игілігі үшін қызмет көрсетуде. Өңір тұрғындарының үштен бір бөлігі жастардан тұрады. Қуантарлығы оқу-білім мен ғылымда, ауылшаруа­шылығы мен өндірісте, кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызметте, өнер мен спортта өздерін ерекше танытып, туымызды тұғырдан түсірмей жүргендері де жетерлік.  Жастар дарынды болса, талпыныс, құлшынысы қарымды болса болашағымыздың бұлыңғыр болмасы анық. Сол себіпті оларды әр кез көтеріп, құрметтеп отыруымыз керек. «Жастар» спорт сарайында дамуымыздың жедел, келешегіміздің кемел болуына үлесін қосатын бір топ жас құрмет биігіне көтерілді. 
Салтанатты шараға жиналғандардың қарасы қалың. Көшбасшыларды құрметтеп, өздері солардан үлгі алуды мақсат еткен білімгерлер залды толтырып, қошеметін көрсетті. Облыс әкімінің «Көшбасшы – 2016» сыйлығы ең таңдаулы жастарға тапсырылды. Облыс­тық жастар саясаты жөніндегі басқармасы, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мекемелер мен ұжымдардың ұйымдастыруындағы мерейлі шара биыл төртінші рет өткізілуде. Көшбасшылыққа ұсынылған талапты жастардың да легі толастамаған. Үздіктің үздігін анықтайтын арнайы комиссия мүшелері қатысуға өтініш білдірген 137 жастың ішінен білімі мол, болашағы зор деген 17 жасты таңдап алған. Топжарғандар  «Үздік жас маман», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жас ұстаз» «Үздік журналист» деген 17 аталым бойынша марапаттау рәсіміне қатысуда.  Өңір басшысы Амандық Баталов үздіктерді құттықтап, ел жастары үшін барлық мүмкіндіктің барын жеткізді. Өскелең ұрпақты әрдайым белсенді әрі отансүйгіш болуға шақырды. Аймақта қандай нысан салынса да жастардың игілігіне, болашақтың жолына екендігін атап өтті. Өз мамандығын шынайы сүйетіндер шаттыққа бөленді. 
Ең жасы мектеп оқушысынан бастап 29  жасқа дейінгі өз саласын жетік меңгеріп, сол арқылы болашақтың бағытын айқындағандардың ерен еңбектері бағаланды. Шараның ерекшелігі Жетісу жастары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп,  алғысын жеткізді. Өз саласының алғыр азаматтары өңір басшысының қолынан «Көшбасшы – 2016» мүсіншесін, арнайы дипломын алып, 200 000 теңге ақшалай сыйлық иегері атанды. Жетісу жастарын құттықтауға арнайы келген эстрада жұлдыздары Раша Мұқанов, Айқын Төлепберген қонақтардың көңілін көкке көтере ән салып, шара көркін келтірді. Алғыр да білімді, бастамашыл жастарды осылай құрметтеп, көтеріп отырса сол деңгейге жетуге қызығып, талпынатындардың да саны толастамас еді. Сондықтан дәстүрлі шара келер жылы да жалғасын таппақ. Сол арқылы жастар өз жігерін жанып, шабыттанатыны анық. 

Құралбек Сәбитов

 

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.