Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тура биде туған жоқ

24.11.2016
КҮЛТӨБЕ
Тура биде туған жоқ
WhatsAppTelegramFacebook

Қара қылды қақ жарған қазақтың үш биі – Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы және Әйтеке Байбекұлы ұстанған турашылдықтан тайқып кетпеуіміз тиіс. Олардың айтқан төреліктері ел аузында әлі күнге дейін сақтаулы. Тіпті, аты аңызға айналған үш қазыны былай қойып, иісі қазақтың басын бір тудың астында қосқан хан Абылайдың ақылшысы Бұқар жыраудың әділдігі де бүгінгінің билеріне үлгі. Апта басында Астананың Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ осындай ой өрбітіп, сот төрелігіне жауапты тұлғаларға халқымызды әділдікке үндеп келген би-шешендердің кітаптарын оқып отыруға кеңес берді.

Съезд басталар алдында Мемлекет басшысы электронды сот төрелігінің жетістіктерін паш ететін көрмені аралады. Аталған төрелік – Қазақстанның сот жүйесіне енгізілген үлкен жаңалық. Аз жылда электронды төрелік ету өз жемісін беріп те үлгерді. Сондай-ақ, көрмеде Қазақстандағы сот жүйесінің қалыптасу тарихынан да сыр шертілді. Съезде 600-ден астам бүгінгінің билері бас қосты. Жиын барысында сөз алған Елбасы сот саласындағы реформаларға кеңінен тоқталды.
– Сот жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты – тәуелсіз және сатылмайтын сот билігін қалыптастыру. Бұл жерде судьялардың адалдығы мен біліктілігі, сот төрелігінің әділеттілігі мен қолжетімділігі маңызды. Біз сот билігін жаңғыртпасақ, басқа шараларымыздың пайдасы болмай қалады, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Елбасы бұдан арғы сөзін сот жүйесіндегі жаңғыртуларды жеке-жеке атап көрсетумен жалғастырды. Әсіресе, соттағы көпсатылы жүйенің жойылғанын, инвестициялық даулар бойынша сот өндірісі енгізілгенін, сот отырысында аудио және бейне жазбалардың іске қосылғанын ерекше атап өтті. «Қазіргі заманда Қазақстан соттарының алдында төмендегідей міндеттер тұр: Біріншіден, заң үстемдігін қамтамасыз ету, бұл міндетті шешуде сот басты рөл атқарады. Екіншісі – судьялардың жауаптылығын күшейту, бұл олардың тәуелсіздігіне қол сұғу деген сөз емес. Үшіншісі – лайықты судьялар корпусын қалыптастыру. Төртіншісі – сот істерін қарау тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Ал бесіншісі – құқықтық ағартушылық мәселесі. Азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларының санын айтарлықтай азайтуға болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Аудио және бейне жазбалардың сот залында жаппай орнатылуының нәтижесінде соңғы үш жылда халықтың шағымы екі есеге дейін азайған. Бұл – сот жүйесіндегі үлкен жетістік. Бұдан бөлек, Елбасы өз сөзінде судьялардың жаңа Әдеп кодексінің қабылдануын да елеулі жаңалықтардың қатарына қосты. Мұнда сот төрелігін жүргізудегі әдеп нормалары, ар-ұят, адамгершілік қағидаттары айтылған. Бір сөзбен айтқанда, бес институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «100 нақты қадам» аясында сот жүйесі заманауи үлгіде ықшамдалып, халықтың сеніміне ие бола бастады. Тәуелсіздік алған жылдан бері сот саласы сан мәрте реформаланды. Ширек ғасырда сот төрелігі жан-жақты жетілді. Ең бастысы, халықтың сотқа жүгінуі едәуір жеңілдеді. Елбасы жиында бидің әрдайым әділ шешім шығаруы керектігін қайта-қайта ескертті.
– Билеріміздің ісін бәріміз білеміз. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, бер жағында Бұқар жырау айтқандарды оқып отырсаңыздаршы. Халық сотқа сене ме? Әлде Президентке шағым түсіре бере ме? – деді Елбасы. – Олар бір ауыз сөзбен екі жақты жақындастырып, дауларды шешті. Сөзге тоқтаған қазақ келісімге келіп, айыппұлын төледі. Негізінен келетін болсақ, содан бері ештеңе өзгерген жоқ. Бастысы – әділдік. «Әділ биде ағайын жоқ» деген сөз бар.
Елбасы шағым туралы тектен-текке тілге тиек еткен жоқ. Президенттің атына соңғы он айдың өзінде 7000 адамның атынан шағым түскен. Олардың дені сот төрелігіне сенімсіздіктен туындаған. Шағым айтушылардың басым көпшілігі судьялардың шешіміне, олардың шығарған үкіміне қанағаттанбай, әділдікті Елбасынан іздеген. Мемлекет басшысы елдігіміз бекем болу үшін әрбір судья әділдіктен тайқымауы тиіс. Егер Қазақстан әлемге әділдігімен танылса, ел экономикасына да соны серпін береді. Сырттан инвестиция көздері құйылады. Олар бірінші кезекте баратын мемлекетінің әділдігіне, сот жүйесінің сенімділігіне назар аударады. Президент сот жүйесінде кемшілік болса, бүкіл елдің экономикасына нұқсан келетінін қадап айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы судьяларды шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға шақырды. Оларды заңдық тұрғыда қорқытып-үркітіп, жөн-жосықсыз төмпештей беруді тоқтатуды талап етті.
Бұқар жырау: «Аталыдан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан, атасыздан би қойсаң, босамас аузы парадан», – деп жырлайды. Нұрсұлтан Әбішұлы жас судьяларға ата жолынан айнымауды, бұрынғы билердің сөзінен сабақ алуды, шешендердің даналығын үлгі тұтуды ұсынды. Съезд соңында Елбасы судьяларға халықпен тығыз байланыс орнатуды тапсырды. Сонда ғана халық пен сот арасында селкеусіз сенім орнамақ.

Қуаныш Тұнғатар

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.