Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ

01.11.2016
КҮЛТӨБЕ
БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен аптада облыс әкімі Амандық Баталов екі күндік жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып қайтты. Облыс әкімі бастаған топ Петропавл қаласындағы бірқатар өндірістік орындар мен мәдени нысандарды аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.

Жұмыс тобы алдымен Солтүстік Қазақстан облысындағы «Green park» демалыс аймағында болды. Онда делегация өкілдері аталмыш демалыс аймағындағы таза ауамен тыныстай жүріп, қарағайдың мұрын жаратын хош иісіне қанықты. Бұл орын өткен жылдың желтоқсан айында ашылып, көпшілік игілігіне берілген.
– Бізде он жетіден астам үй бар. Үйлерде барлық жағдай жан-жақты қарастырылған әрі жанға да жайлы. Олардың әрқайсысының «Сұлулық», «Махаббат», «Бақыт» және «Денсаулық» деген атауы бар. Сондай-ақ, бұл демалыс аймағында монша, балалар алаңы, саябандар бар. Ал қыс маусымында шаңғы теуіп, бір мезгіл бой сергітуге, иттермен серуендеуге болады. Бір сөзбен айтқанда, адамның жақсы көңіл-күймен демалуы үшін қолайлы жағдайлар жеткілікті. Алдағы уақытта мұнда теңіз суыен жабық бассейн және амфитеатр ашылмақ, – дейді, «Green park» директоры Максим Калинин.
Бұдан соң бақ иесі қонақтарды одан әрі аралатып, демалыс аймағын көрсетті. Осындай кереметтерге куә болған Амандық Ғаббасұлы үйлерді тамашалап, кәсіпкердің осындай жақсы игі істері мен тың ойларына, жобасына өз ризашылығын танытып, сәттіліктер тіледі. Жетісулықтар келесі кезекте петропавлдықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыратын орталығында Александр Винокуров атындағы спорт сарайында болды. Бұл жерде олар жеңіл атлетика манежімен, хоккей алаңымен танысып, сондай-ақ, солтүстік қазақстандық спортшылардың жаттығу үрдістерін байқап көрді. Бұдан соң мәжіліс залында облыс өкілдері екіжақты кездесу өткізді.    
Солтүстік аймақ басшысы Ерік Сұлтанов алыстан ат терлетіп жеткен қонақтарды қарсы ала отырып, олар үшін Алматы облысы маңызды сауда-экономикалық әріптестік екендігін атап өтті. Айта кетейік, Жетісу жерінен барған делегация құрамында аудан әкімдері мен ірі кәсіпорын басшылары болды. Олар «дөңгелек үстел» басында өздерінің Солтүстік Қазақстандағы әріптестерімен екі аймақтың ынтымақтастығы саласындағы маңызды тұстарды сөз етті.
– Алматы облысына біздің кондитерлік кәсіпорындар 800 миллион теңгенің өнімін жеткізді. Олар нан-тоқаш, кеспе өнімдері, телевизиялық және радиоқабылдағыштар, тағы басқа да дүниелер. Ендігі жерде біздің облысқа жеміс-жидек және көкөніс жеткізу бойынша алға жылжу бар екені аңғарылады. Сондай-ақ, бұл жерден Ресейге де аттандыруға болады. Біз екі ірі өңірмен шекаралас жатырмыз. Сондықтан, біздің аймақта көлік логистикасының мүмкіндіктері мол, – дейді Ерік Хамзинұлы.
Өз кезегінде Амандық Ғаббасұлы Алматы облысының аграрлы аймақ екенін атап өтті. Облыс әкімі: «Бізде майбұршақ, жүгері, қант қызылшасы өсіріледі. Бұдан басқа, біз құрылыс тауарларын, фармацевтика өнімдерін ұсынамыз, сондай-ақ, бізде мал шаруашылығы жақсы дамыған. Әсіресе, туристік салада жұмыс істеу маңызды, себебі бізде демалатын жақсы орындар бар. Мұндай орындарға әр қазақстандықтың келуіне болады. Сол себепті, жаз айларында мектеп оқушылары мен білімгерлерді алмастырып отыруды ұсынамын. Екі жақ бір-бірімен неғұрлым тығыз қарым-қатынаста болса, соғұрлым біздің әлеуметтік-экономикалық өсіміміз жақсарады деп ойлаймын», – деді.
Солтүстік қазақстандық «Сүтөнім» компаниясы Қазақстанның барлық өңіріне танымал. Кездесу барысында аталмыш өндіріс орнының директоры Роза Сүлейменова «Мумуня», «Одари», «Зорькин луг», «Свежее» сүті Қазақстанның түкпір-түкпіріне таралатынын айтып өтті. Алматы облысындағы Қарасу ауылында сүтті уақытша сақтайтын орындар бар. Сондай-ақ, жыл басынан солтүстік тауар өндірушілері Жетісуға жеті мың тоннадан астам астық пен бұршақ дақылдарын сатқан. Айта кетейік, біздің «АзияАгроФуд» акционерлік қоғамы өздерінің өнімдеріне қажет шикізаттың басым бөлігін Солтүстік Қазақстан облысынан сатып алады. «Осындай кездесудің арқасында өнім берушілерді табу әлдеқайда оңай», – дейді кәсіпорынның бидай сатып алу бойынша бөлімінің басшысы Шархан Ахметжанов.
Екіжақты кездесудің соңында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, туристік және басқа да салалар бойынша Солтүстік Қазақстан және Алматы облысы әкімдіктері арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, бірқатар меморандумға кәсіпорын  басшылары қол қойды.
Өзара тиімді келісімшарт жасалған соң жетісулықтар «Қазтехмаш» машина жасау зауыты» ЖШС-на барып, зауыттың даму көрсеткішімен танысты. Арнайы дайындалған көрмеге тіркеме, тырма, қысымды қалып, шөпшапқыш, трактор сияқты түрлі техникалар қойылыпты. Алайда көпшілікті кондиционері бар, жоғарғы жылдамдықты сабануатқышы, сегіз мың литрлік бидай бункері бар «Sampo Asia» комбайны қызықтырды. Мұндай комбайн диқандар үшін субсидиясын қосқанда 37 миллион теңгеден айналады. Осыған байланысты Амандық Баталов:
– Біздің өлке ауылшаруашылық техникаларына мұқтаж. Бүгінгі күні біз неміс, Ресей, Қытай комбайндарын сіздердің аймақтағы бағадан қымбатқа сатып алудамыз. Енді келісілген меморандумдардан кейін біздің шаруалар қажетті техниканы арзан әрі оңай сатып алады, – дегенді баса айтты.
Зауыттың бас директорының міндетін атқарушы Евгений Бебконың айтуынша, бұл комбайндардың өндірісі былтыр жолға қойылған. Содан бері қырық кешенді техника сатылса, зауыт іске кіріскелі 50 комбайн және 59 дана жемдік азық дайындайтын техника құрастырылған.
Ал, «Петромали компани» ЖШС-нің мамандары делегацияға астықты қалай өңдейтіндерін көрсетті. Диірменнің қуаттылығы – айына екі мың тонна ұн шығарады. Компания басшысы Рудик Арутюнян бұдан кейін шикізат сақтауға арналған бес  ыдысы, тәулігіне 75 тонна ұн шығаратын диірмен кешені бар жаңа түрік құрылғысын көпшілікке таныстырды.
Алматы облысының әкімі әріптестерімен бірге кілегей, айран, сүзбе және тағы да басқа сүт өнімдерін шығаратын «Зенченко и К» сүт зауытына да барды. Өнімдердің дәмін көрген жетісулықтар сапасына лайықты бағасын берді. Зауыт директоры Георгий Целыхтың айтуынша, құрылғылары мен технологиясы толықтай Германияда жасалған зауытта жиырмадан астам адам екі ауысыммен еңбек етеді. Сүт өз фермаларынан  жеткізіледі. Кездесуде жергілікті сүт өндірушілер үлес салмағының басымдығын байқаған Амандық Ғаббасұлы Солтүстік Қазақстан облысында өндірістік сүт өндіру ісінің алда екендігін атап өтті. Осыған байланысты жауапты мамандарға осы саланы  алға бастырып, солтүстік өңірден үлгі алуды тапсырды.
Облыс әкімі бұдан кейін «Қазмясопродукт» ЖШС-нің нысандарын аралап, зауыт цехтарында өндірілетін шұжықтың, сосискидің, ветчинаның жүз жиырмадан астам түрімен танысты. Қазақстандық тұтынушы жақсы білетін шұжық өнімдері зауытында жұмыс істейтін сексенге жуық адам әр ауысымда жеті тонна өнім өндіреді. Олар өндірген тауар елімізде ғана емес, көршілес Ресейде де сұранысқа ие.
Бұдан соң «ХПП ТНС-ЭКСПОРТ» ЖШС-нің бас директоры Қуат Қасен қонақтарға күллі ТМД елдерінде жоқ жаңа элеваторды таныстырды. Өйткені, америкалық құрылғы орнатылған зауыттың жұмысы астықты қабылдаудан бастап дайын бидайды сақтап, сатып алушылар әкеткенге дейін толықтай автоматтандырылған. Яғни, шикізат келгеннен бастап  дайын өнімді қажетті көлікке тиегенге дейінгі үрдісті бір адам ғана бақылай алады.
Биыл кәсіпорын отыз мың тонна астық қабылдаған. Оның басым бөлігі Иран, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдеріне экспортталады. Кәсіпорын аясында жылына 500 мың тонна тазартылған май өндіретін зауыт құрылысының жобасы жоспарлануда.
Жетісулық қонақтардың мәдени демалысын ойластырған қызылжарлықтар меймандарды Абылай ханның ордасына және Погодин атындағы театрдың 130-шы театр маусымының ашылуына шақырды. Хан ордасының тарихын таныстырған мұражай мамандары әскербасы әрі хан Абылайдың өмір жолына тоқталып өтті. Мұражайға Абылай ханның жоңғарлармен Жетісудағы шайқасының көріністері қойылыпты. Тарихи орыннан рухани қуат алып шыққан көпшілік бұдан соң театрда Н. Гогольдің «Өлі жандар», Висконың «Герострат» сынды спектакльдерінен үзінділерді тамашалады.
Ресми сапардың екінші күні Қызылжар ауданы, Новоникольск ауылында орналасқан «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігінің жұмысымен танысуға арналды. Асыл тұқымды ірі қара мен жылқы өсірумен айналысатын шаруашылық отандық нарықты ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Сөз арасында туған ауылының дамуына қаржысын аямайтын кәсіпкердің әлеуметтік жауапершілікке деген құлшынысы таныстырылды. Өз қаржысына амбулатория, шіркеу, мұз айдынын, Мәдениет үйін салдырған Геннадий  Геннадиевич жұмыскерлерін баспанамен қамтамасыз етуде де  белсенділік  танытыпты. Мысалы, жыл сайын он жетіге жуық отбасы бар мүмкіндігі қарастырылған баспанаға кіреді. Дәл қазір бассейн мен спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бір жарым мыңға жуық адамы бар шағын ғана ауыл тұрғындарының жеті жүз елуі «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігінің кәсіпорындарында еңбек етеді.
Жаңадан салынып жатқан жүзу бассейнінен соң Амандық Баталов «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігінің мал бағу кешеніне барып, сүт өнімділігін арттыру жұмыстарымен танысты. Мұндағылар бір мезетте 50 сиыр сауатын заманауи үлгідегі «Карусель» құрылғысының көмегімен жылына 12 мың тоннадан астам сүт  өндіреді. Серіктестіктің атқарушы директоры Геннадий Зенченко сүтті ірі қараның жоғарғы өнімділігін және  әлеуетін әңгімелеп берді.
– Озық технология мен сүтті ірі қара тұқымы үйлесімділігінің арқасында біздің көрсеткіштеріміз алдыңғы орындардан көрініп жүр. Осыған байланысты тұрғындарға тұрақты жұмыс орнын берумен қатар олардың рухани дамуына қажетті мәдени-әлеуметтік нысандармен де қамтамасыз етеміз, – дейді Геннадий Зенченко.
Серіктестік басшысының жұмысына жоғары баға берген Амандық Баталов жетісулық кәсіпкерлердің қызылжарлық бизнесмендерден үлгі алуы керектігін ескертті.
Ресми сапар соңында өзара тәжірибе алмасуға келіскен қос тараптың кәсіпкерлері алдағы уақытта да қарым-қатынасты нығайта түсуге уағдаласса, өңір басшылары екі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті байланысты нығайта беруге келісті.

Өз тілшілеріміз.

Қатысты жаңалықтар

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ сыйлығымен марапатталды

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ сыйлығымен марапатталды

06.03.2026
Ырғайты ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Ырғайты ауылдық округінің әкімі тағайындалды

06.03.2026
Қызылащы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Қызылащы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

06.03.2026
Ирандағы жағдай әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етеді?

Ирандағы жағдай әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етеді?

06.03.2026
«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.