Талдықорған: -6°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жақсылықты да, баршылықты да паш етті

01.09.2016
КҮЛТӨБЕ
Жақсылықты да, баршылықты да паш етті
WhatsAppTelegramFacebook

Ел мен жердің еркіндігі, мемлекет әлеуетінің артуы, әлеуметтік-экономикалық саланың қар­қын­ды дамуы, мәдениет пен әдебиеттің сұранысқа ие болуы, бәрі-бәрі тәуелсіздіктің жемісі. Осыдан 25 жыл бұрын егемендікке қол жеткізген еліміз бүгінде әлем жұртшылығына жақсы жағынан танылып, дамушы елдердің арасында межелеген биігіне қол жеткізіп отыр.

Осындай көз қуанар, көңіл марқаяр жетістіктің бәрі Қа­зақстан Республикасының бо­ла­шағы үшін. Мұның негізі еліміздің Конституциясы – Ата Заңында көрсетілген бұл­жымас қағидалар. Адам және оның құқықтары мен бос­тандықтарын алдыңғы орынға қоятын Конституция әрбір азаматтың білім алуына, жұ­мыс істеуіне, өзі қалаған сала­ны меңгеруіне мүмкіндіктер бе­реді.

Мерейлі мереке – ҚР Конс­титуциясы күнін Тал­дықорған қаласының тұр­ғын­дары мен қонақтары жоғары деңгейде атап өтті. Пай­да­лануға биыл берілген «Жас­тар» саябағында көпшіліктің назарына еліміздің ширек ға­сыр ішіндегі жетістіктерін паш еткен театрландырылған кө­рі­ністер, спорттық ойындар, жергілікті өнерпаздардың кон­церттік бағдарламалары ұсы­ныл­ды.

Атшаптырым аумақты алып жатқан саябақтың қақ ортасындағы сахнаны жағалай Қазақстан Республикасының Көк байрағын көтере жүріп өткен жас жігіттерден соң елі­мізді мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ұлттық киімдерін киген биші қыздар отан­шыл­дықты, патриоттықты әйгі­леген әсем әуеннің ырғағымен мың бұрала билеп, әнші жі­гіттердің шырқата салған әніне әр берді. Ақсақалды қарт, көп балалы ана, бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушы­лары, ұстаз, қызметкер кей­пінде көпшіліктің назарын ау­дартқан мереке кейіпкерлері еліміз жеткен жетістіктер мен табыстарды әйгіледі. Бұдан соң мерекелік шараға орай көпшілікті құттықтаған Тал­ды­қорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев облыс әкімінің құт­тықтауын жеткізді.

– Тәуелсіздігіміздің кемел келешегін қамтамасыз еткен Ата Заңымыз осыдан 21 жыл бұрын барша қазақстан­дық­тың қалауымен қабылданды. Халқымыз болашағымызды айқындайтын сын сағатта өзінің тарихи таңдауын жаса­ды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол жыл­дарды еске ала келе: «Бүгін біз 1995 жылдың ұлы оқиғаларын біздің халқымыздың тарихи тағдырын таңдауы ретінде атап көрсете аламыз», – деп атап өтті, – деген шаһар басшысы Талдықорған қала­сының жетістіктеріне тоқ­та­лып өтті. – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы бүгінде жетіс­тік­тер шежіресіне айналуда. Оң­ды үрдіс Жетісудың кіндік қаласы – Талдықорғанның өзін­де де көрініс тапты. Бүгінгі салтанатты шарамыз өтіп жатқан «Жастар» саябағы осының бір мысалы. Облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен биыл жаңа жа­ғалау, 300 орынды көп­салалы аурухана, «Қаратал», «Көк­тем» аллеялары сынды бір­неше әлеуметтік-мәдени ны­сан­дар ашылуда. Сонымен қа­тар, күре жолдар күрделі жөн­деуден өтіп, қала инфра­құрылымының дамуына серпін беруде. Бүгінде өзендер өрнек­теген Жетісу өңірінің бас қаласы Талдықорғанның қар­қынды даму динамикасы тұ­тас облысымыздың өрлеуіне жол ашуда. Оңды өзгеріс­тер­дің өзегі болған заңнамалардың түп тамыры – Ата Заңнан қуат алады. Қоғамның өркен­деуіне жол ашып, Қазақстан хал­қының бірлігіне жол бас­таған Ата Заңда бекітілген конституциялық нормалар, айтары не, өміршеңдігін дә­лелдеді. Бүгінде Негізгі Заң­ның қағидаттарына сүйене отырып, еліміздің тұрақты дамып, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қам­тамасыз ету жолында еңбек етудеміз. Елбасы біздің алды­мызға индустриалды-инно­вациялық дамуға және жаңа әлеуметтік саясатты баян­ды етуге бағытталған ау­қымды істерді жүзеге асыру міндетін қойып отыр. Жер жаннаты Жетісудың зор әлеуеті осы тапсырмаларды толық іске асыруға қабі­лет­ті.

Қала әкімінің айтуынша, жаңа ғасырға қадам басқалы бері облыс орталығының индустриалды-инновациялық даму көрсеткіші қомақтанып, өндірістік өнім мөлшері 10 есеге ұлғайған. Бүгінгі күні өндіріс көлемі жылына 21 миллиард теңгеге жетіп отыр. Одан бөлек, мектепке дейінгі мекемелер саны айтарлықтай өсіп, тұрғындардың саны 167 мыңға жеткен. Мұндай же­тістіктерді көптеп келтіре бе­руге болады. 2000 жылдан бері қарай қалада 48 мың бала дүниеге келген.

Мерекелік шара соңы «Тал­дықорған әуендері» ан­самблінің концерттік бағдар­ламасына ұласты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы тарихи қадам

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы тарихи қадам

01.03.2026
️Жаңа Конституция халықтың құқығын қорғап, тұрақты болашаққа жол ашады

️Жаңа Конституция халықтың құқығын қорғап, тұрақты болашаққа жол ашады

01.03.2026
Диплом бар, жұмыс ше?

Диплом бар, жұмыс ше?

01.03.2026
Ана тілі – ұлттық код

Ана тілі – ұлттық код

01.03.2026
Тренд пе, қажеттілік пе?

Тренд пе, қажеттілік пе?

01.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.