Талдықорған: -6°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жол апатаы қайтсе азаяды

01.09.2016
КҮЛТӨБЕ
Жол апатаы қайтсе азаяды
WhatsAppTelegramFacebook

Жалы желге таралып, аяғымен жер тарпып тұрған арғымақтың тізгінін тартып мінер қазақ азайды бүгінде. Есесіне көпшілік «темір тұлпарға» әуес-ақ. Аша­майға мінгізу дәстүрі ұмыт қалып, оның орнын кәме­леттік жасқа толғаннан кейінгі көлік жүргізу куәлігі басты. Куәлік алғаннан кейін көлік әпер деп әлекке салатын бір-бір үйдің еркетотайлары салғырт­тықтың салдарынан тарай­тын суық хабарға себепші. Жол ережесі мен көлік техникасынан хабары аздары апаттық жағдай­дың тууына себепші болып, жантүрші­герлік оқиғалар­дың орын алуына алып келуде.

Ертеден қазақпен біте қай­насып мінсе көлік, жесе ас, кисе киім болатын қа­сиетті жануар – жылқы тү­лігі. Сон­дықтан да әлем жұрт­шылығы айбынымыздан үр­кіп «кен­тавр» деген айдар таққаны тарихтан белгілі. Оның себебі, жаңа туған нәрестені әкесі ат үстінде қолға алып, тағы бір батыр­дың дүниеге келген қуа­ны­шынан бөркін аспанға ата­ды. Өсе келе түсінде де, өңінде де жылқыны аңсап, емшек іздеген баладай ты­­пыр­шып отыра алмайтын халге тү­седі. Таңды таңға жал­ғап айтар аңыз-жырлар оған де­ген қы­зығушылығын арттыр­маса, бір сәт те ке­міт­кен емес.

Ал қазір ше? Біздің ба­ла­­лығымыз үш аяқты «бал­дыр­ған», екі аяқты «шайтан арба­мен» өтсе, ел қатарына ілік­кен соң автокөліктің тіз­гінін қолға алып күндіз де, түнде де арлы-берлі зулай­мыз. Тех­никаның қыр-сырын, жоға­рыда айтып өткені­міз­дей, бірі ұқса, көбі біле бер­мейді. Ол үшін оқу орын­дарынан барып тәлім ал­маса, мектептегі ар­найы пән­нің берер пайдасы көп емес. Руль­ге отыр­ған бойда көпшілігінің жауап­­кершілігі ғайып болады. Жол қоз­ға­лысы ережесі мен қауіп­сіздік шараларын ескере бер­мей­тіндері тағы бар. Осы­лар­дың барлығының нәтижесі көз көріп, құлақ естіп жүрген апат­­тық жағдайға әкеліп со­ғады. Жол апатынан пә­лен­ше адам ажал құшып, пәленшесі дене жарақат­тарымен ауру­ханаға түсіп жатыр деген ха­бар­ға да бойы­мыз үйренді. Сұмдық оқи­ғаны көргендегі үрейіміз құмға сіңген судай әсте ұмы­тылып, бұрынғы әу­ен­ге қайта басамыз. Санаға салып са­лыс­тырсаңыз байыр­ғы­мыз бен бүгінгіміздегі мы­сал­дардың арасы көк пен жер­дей. Сондықтан баланың есі кіргеннен бастап бойына тәлім-тәрбие сіңіргеніміз жөн-ақ. Ол үшін «темір тұл­пардың» құры­лымын бүге-шігесіне дейін түсін­­діріп, жол қозғалысы ережесі мен бел­гілерді жадына мықтап жат­татқан жөн.

Ал техниканың жағ­дайы­на келер болсақ, салдыры мен гүл­дірі көп ескі ав­токөліктер әлі де жүйткіп жүр. Ескі көлік, әдетте, тез бұзылғыш келеді. Сон­дық­тан қызмет көрсету орта­лықта­ры­ның санынан санаң жаңылады. Арзан сай­ман салып, жолда қалып жат­қандар да аз емес. Не бол­маса ескі құрылғылары істен шығып, тағы сол апатқа әкеп соғады. Дөңгелектерді мез­гілі­мен ауыстырмаудың сал­дары да сан соқтыруда.

Құзыретті органдар неге осылармен айналыспайды, неге жол апаттары азаймай келеді деген сауалдардың тууы да шарт­­­­­­­ты. Олар күн­діз-түні жол кү­зетіп, қоз­ғалыс ережесін бұзу­шы­лармен тиіс­ті жұмыс жүргі­зіп келеді. Оған дәлел об­лыс­тық жергілікті полиция қызметі, тұ­тынушылардың құқығын қор­ғау депар­та­мен­ті, «Нұр Отан» пар­тия­сының Тал­ды­қор­ған қа­ла­­лық филиалының өкіл­дері­мен бір­лесе жүр­гізілген рейдтер. Осын­дай бір рейд­ке Талды­қорған қа­ла­сында да шықтық. Жол қозғалысы ережесін бұз­ған­дардың көп­шілігі құжат­тары­ның мер­зімі өтіп кет­кен­дер. Ал кейбірінің шамдары дұ­рыс жанбай әкімшілік жауап­кершілікке тартылды. Жоға­рыдағы шартты сұрақтарға мың толғана жауап іздеп ек, айна­лып келгенде жүр­гізу­шілердің бейғамдығынан аса алмадық. Себебі, жүр­гізу­шілер әлі де «тәртіпке бағын­ғанның құл бол­майтынын» ескере қоймады.

Толқынды толқын қуатыны секілді, ойдан ой туып, бірді айтып, бірге кеттік. Деген­мен, оның барлығы да күн тәртібіндегі мәселе. Қателіктеріміз қарусыз майданда қау­қарсыз етіп, қарт демей, тепсе темір үзетін жігіт демей ажал атты аждаһаға жем қылып келеді. Себеппен емес, салдармен күресетін күн туып, жауапкершіліктің салмағы артты. Ендеше межелі сапарда салғырттық танытып, мәңгілік сапарға аттанып кетуден сақтанайық. Себебі, «сақтықта қорлық жоқ», «сақтансаң сақтайды». Соған орай «Аттан жығылмаған қазақ жоқ. Аттан жығылып өлген қазақ тағы жоқ» деген Мұхтар Мағауиннің сөзі ойға оралады. Бүгінгі көлігіміз де солай болса ғой, шіркін!

Мәулен Әнербай

 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы тарихи қадам

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы тарихи қадам

01.03.2026
️Жаңа Конституция халықтың құқығын қорғап, тұрақты болашаққа жол ашады

️Жаңа Конституция халықтың құқығын қорғап, тұрақты болашаққа жол ашады

01.03.2026
Диплом бар, жұмыс ше?

Диплом бар, жұмыс ше?

01.03.2026
Ана тілі – ұлттық код

Ана тілі – ұлттық код

01.03.2026
Тренд пе, қажеттілік пе?

Тренд пе, қажеттілік пе?

01.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.