Талдықорған: +30°C
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жүз жүрекке жалын берген жылжымалы әдебиет мектебінің жұмысы қорытындыланды

05.06.2025
КҮНДЕРЕК
Жүз жүрекке жалын берген жылжымалы әдебиет мектебінің жұмысы қорытындыланды
WhatsAppTelegramFacebook

Құндылықтар құнсызданғандай көрінген бүгінгі уақытта әрбір адамның тарихына, түп тамырына, төл әдебиетіне деген іңкәрлігін оятып, оның жан дүниесіне сілкініс алып келетін бірегей жобаларды ұйымдастыру керек-ақ. Бұл орайда «Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас. Қамдан, жатпа, заманыңмен хабарлас» деген Ілияс Жансүгіровтің отты жыры ойға оралады. Заманмен хабарласар, арғы-бергі дүниелерді кітап арқылы тамырына сіңіріп, танымын кеңейтер жастарды тәрбиелеуіміз ауадай қажет. Ал бұл тұрғыда өскелең ұрпақты әдебиетке баулу, шығармашылыққа деген ықыласы мен ынтасын ояту, жазуға, көркем сөйлеуге машықтандыруды мақсат еткен «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебінің берері мол.

Осыдан 3 ай бұрын жас ақын, «Egemen Qazaqstan» газетінің Жетісу облысы бойынша меншікті тілшісі Мұхтар Күмісбек пен «Құрмет» орденінің иегері, «Jetіsý» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы бастап кеткен жылжымалы әдебиет мектебі санаулы уақытта қарқын алды. Облыс әкімдігі және мәдениет, білім басқармаларының қолдауымен жүзеге асқан жоба көктем мезгілінде Жетісу жеріндегі көк өскіндей өскелең ұрпақты әдебиетке тартты, кітап оқуға деген ынталарын оятып, өлең, эссе жазуға шыңдады. Осылайша бастапқыда жұмақ мекеннен 200 баланы оқытып, солардың ішінен тым болмаса, 20 жас талантты тауып, қанаттандырсақ деп жоспарлаған жобаның қорытынды кешіне 100-ге жуық бала белсенділік танытып, рухани көшке ілесе білді.

Иә, қазақ халқының бай әдебиетімен отыққан, рухани уызға қанып өскен ұрпақтың болашағы жарқын болмақ. Әсіресе, елжандылық пен отансүйгіштік қасиетті жиі ұран еткен бүгінгі уақытта әрбір жасты тұлға етіп қалыптастырудың ең тиімді жолы – әдебиеті мен тарихын тану, ойы ашық, санасы сергек буын тәрбиелеуде екені анық. Ел мұратына мұрындық болар ізгілікті іске арна тартқан «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебінің ұстаздары Жұматай Әміреев пен Мұхтар Күмісбек 3 ай көлемінде облысымыздағы 8 аудан, 2 қаланы аралап, әр өңірде апта бойы жас таланттарға дәріс берді. Осылайша кеудесінде қоздап жатқан дарын шоғын үрлеп, жалынға айналдырғандай жас өскіннің жанарына от, жігеріне серпін берген «Мизам» жобасы мәресіне жетті.

Алғашқы кезеңде көздеген мақсаттан биік нәтиже көрсеткен жобаның ауқымы кеңеюі мүмкін. Өйткені, аталған жылжымалы әдебиет мектебіне еліміздің Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары да ынта танытып отыр.

Қазақ халқының кемеңгер тұлғаларынан тартып, әдебиет алыптары туралы мол мәлімет берген, олардың шырайлы шығармаларымен сусындатқан, ұлттық құндылықтың қайнарын ашып көрсеткен, шығармашылыққа деген ынталарын оятқан «Мизам» мектебінің алғашқы қадамы өз жемісін берді.

Облыс орталығындағы Оқушылар сарайында өрнек тапқан қорытынды кештің алғашқы бөлімінде 8 аудан, 2 қаладан арнайы келген шәкірттер мен олардың жетекшілерін қарсы алу салтанаты ұйымдастырылды. Жазу шеберлігі мен кітап оқу мәдениеті бойынша тәлім алған 200-ден астам оқушының финалдық кезеңге жолдама алған 100-і қызыл кілем арқылы Оқушылар сарайына енді. Онда бүгінгі таңда ұлт әдебиетіне өзінің кесек-кесек, шырайлы туындылары арқылы олжа салып, ел сүйіп оқитын авторға айналған Есболат Айдабосын, Қанат Тілеухан, Ерғали Бақаш сынды ақын-жазушылардан қолтаңба алу рәсімі өтті. Ақтық сынға келген 100 оқушы «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі сыйлаған 100 кітапқа қолтаңба қойылды.

Қорытынды кештің келесі бөлімінде әдебиет байқауларында топ жарған, елге есімі танылған Есболат Айдабосын, Ерғали Бақаш, Қанат Тілеухан сынды ақын-жазушылар «Мизам» мектебі саралаған оқушылармен кездесті. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесу барысында әр шәкірт өзін толғандырған сауалдарды қойды. Әдебиет, мәдениет, қоғам мен заман, құндылықтар, адам бақыты, арманы құнсызданған уақыттағы мәселелер де сұрақ болып жаудырылды.

Құндылықтар құнсызданғандай көрінген бүгінгі уақытта жарыстың түрі көбейді. Біреулер смартфон арқылы жарысып жатса, кейбіреулер өзінің дәулеті арқылы өзгеден бойын озық еткісі келеді. Алайда, Абай айтпақшы, адамның адамнан биіктігі тәрбие, ақыл, біліммен ғана өлшенеді. Біз біреуден тек білім арқылы ғана оза аламыз. Сондықтан да жарыстың үлкені, нағыз аламаны – білім, – деді жазушы Қанат Тілеухан сауал қойған «Мизам» мектебінің шәкіртіне. Қаламгер өзінің «Медаль» шығармасы желісінде оқушылар тарапынан қойылған бірнеше сауал төңірегінде ой тербеп, «Қандайда бір еңбек лайықты бағасын алуы керек, дегенмен кейбір атақ, құрмет адамдарды құрдымға, құлдырауға алып барады. Болат Атабаев секілді ғажайып режиссеріміздің бір айтқаны есімде. Ол кісі: «Атақ менің талантыма талант қосып бермейді» деген еді. Әрі жоға- ры марапат пен атақтардан саналы түрде бас тартты», – деп толғанды.

Өз кезегінде «Қызыл сақа» секілді әңгімелері арқылы сауал жолдаған шәкірттерге жазушы Есболат Айдабосын лайықты жауап беріп, «Сіздер жалығу, бір дүниеден қажу тұрғысында сауал қойып жатырсыздар. Негізінен адам шәкірт кезінде мектеп бағдарламасынан, оқудан жалығуы мүмкін. Адамның бір дүниеден шаршауы, қажуы заңдылық. Десе де сенің артыңда үміт күткен ата-анаң, ұстаздарың тұрғанда қанша жалықсаң да жақсы оқуға тиіссің. Сол секілді кейін азамат болғанда ел алдындағы жауапкершілікті, отбасы болғанда бала-шаға алдындағы міндетті ойлайсың. Жалықсаң да жан аямай күресесің. Біздің ұлттық танымымызға бұл сіңісті болған. Сондықтан адам Мұхтар Мағауин аталарың секілді асқақ арман қойып, соған ұмтылуы тиіс», – деп ақыл-кеңесін арнады.

Жалынды жастардың ғажайып сауалдарына жауап берген кеш кейіпкерлері қатарындағы белгілі ақын Ерғали Бақаш та ұлттық таным, әдебиетке құштарлық тұрғысында ойын ортаға салды. «5-сынып оқып жүрген кезім болар. Аяғымды ауыртып алып, апта бойы үйден шыға алмадым. Сабаққа ауырсынған аяқпен бару мүмкін емес. Сол шақта әкем маған Мұқағали Мақатаевтың жыр жинағын сатып әкеліп берді. Апта бойы ақиқық ақынның ақық жырларымен сусындаған мен сол уақыттың өзінде санам серпіліп, есейіп кеткендей сезіндім. Содан бастап ақын-жазушы болуды өзіме мұрат еттім», – деп қаламгерлік жолға деген алғашқы баспалдағынан естелік тарқатты.

Осылайша ақын-жазушылардың шығармасындағы өзін толғандырған тұсын сұрап, сан түрлі тақырып талқыға түскен кеште «Мизам» мектебінің шәкірттері көпті алғырлығымен қуантты. Жаттанды емес, мірдің оғындай сауалдар қойды. Ұлттық тұрғыда толғандырар тақырыптарға бастар сан сауалға жауап іздеді.
Игілікті шараның негізгі бөлімінде Жұматай Оспанұлы мен Мұхтар Күмісбек «Мизам» жылжымалы әдеби мектебінің жұмысына аз-кем тоқталып өтті. Арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Кітап оқуға мен де құштар жанның бірімін. Әрбір өнегелі іс пен өміршең дағдының бастауында ізгілік, мейірбандық, елжандылық пен дүниеге деген айрықша көзқарас тұрса ғана ол жемісті болмақ. Жастарды әдебиетке, өнерге баулу, таным көкжиегін кеңейту жолындағы бастама басында нысаналы болғанымен бара-бара жобамыз мектепке ұласты. Мұның басы-қасында жүргеніме өзімді бақытты санаймын, енді мектеп «Мизам» университеті деген ауқымға дейін арна тапсын, – деп облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов тебіренді.

Қазақтың көрнекті ақындары, Қазақстанның Құрметті жазушысы Әміре Әрін, Нүсіпбай Әбдірахым бастаған зиялы қауым өкілдері мен шараның қадірменді меймандары финалдық кезеңге жолдама алған 100 оқушының арасынан үздік деп танылған 15 оқушыны марапаттады. Үздік 15 шәкірт сапынан танылған жас саңлақтар «Мизам» мектебінің Алғыс хатымен, 50 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

27 маусымдағы ауа райы болжамы

Бүгін қай өңірде аптап ыстық сақталып, қайда жаңбыр жауады?

09.09.2026
Талдықорғанда 6,5 келі гашиш тәркіленді

Талдықорғанда 6,5 келі гашиш тәркіленді

09.09.2026
Жетісулық жеңімпаздарды марапаттады

Жетісулық жеңімпаздарды марапаттады

08.09.2026
Кітапханашыларға арналған жаңа портал іске қосылды

Кітапханашыларға арналған жаңа портал іске қосылды

08.09.2026
Министр болашақта жойылатын мамандықтарды атады

Министр болашақта жойылатын мамандықтарды атады

08.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.