Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасында футбол ойының ақтық кезеңі басталды

11 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысының «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасында футбол ойының ақтық кезеңі басталды

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Жетісу облысының «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» ойындарының ақтық кезеңі басталды. Талдықорғандағы «Жетісу» стадионында жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі өз сөзінде «J-LEAGUE» жобасының бұқаралық спортты дамытудағы іргелі жобалардың бірі екенін, әсіресе ауыл балаларын қолдауға, спортқа бейімдеуге басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Сол сияқты жетісулық жас футболшылардың жуырда ел чемпионы атанғанын қуанышпен жеткізді:

Бір атап өтерлігі, күні кеше ғана 2010 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан өткен республика чемпионатында жетісулық жас спортшылар Қазақстан чемпионы атанды. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш!  Спорт – адамды табандылық пен тәртіпке үйрететін тәрбиеші, денсаулықтың кепілі. Сондықтан жасөспірімдердің осындай жарыстар арқылы бұқаралық спорт түрлеріне көптеп тартылуы, салауатты өмір салтын ұстануға деген талпынысы бізді ерекше қуантады. Құрметті жас спортшылар! Бұл жарыс – сіздердің спорт жолындағы алғашқы белестеріңіздің бірі. Әр ойында қай-қайсыларыңыз да табандылық танытып, командалық мығым рухпен жеңіске қадам жасайсыздар деп сенемін, — деді Б. Исабаев.

Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының Өңірлік байланыстар департаментінің директоры Марат Такенов және қоғам белсендісі, спорт жанашыры Виктор Буков та сөз алып, жас спортшыларға ізгі тілектерін жеткізді.

Мұнан соң аудандық, қалалық футбол федерация президенттеріне жасөспірімдердің жергілікті, соның ішінде ауылдық футбол командалары үшін 2000 доп таратылды.

Осы орайда жас футболшылар да өз пікірлерін білдірді.

Жетісу облысының футболдан жасөспірімдер командасының ойыншысы Бекжан Жақсыбай. Талдықорғанда өткен ел чемпионатындағы ақтық ойында Түркістан облысының командасымен ойнап 2:1 есебімен ұттық. Чемпионатқа қатысқан командалардың бәрі де мықты болды. Бірақ біз басым түсіп, чемпион атандық. Өзім бес жылдан бері футболмен айналысамын. Орталық қорғаушы ретінде ойнаймын. Ел чемпионатында «Үздік қорғаушы» номинациясын жеңіп алдым. Алдағы уақытта «Жетісу» командасының негізгі құрамында және ұлттық құрамада ойнағым келеді, — деді Жетісу облысының жасөспірімдер футбол командасының ойыншысы Бекжан Жақсыбай.

Сол сияқты бүгін «J-LEAGUE» футбол турнирінің ақтық сынана қатысуға келген Ақсу ауданы Қызылағаш ауылындағы І. Жансүгіров атындағы орта мектептің 7 «ә» сынып оқушысы Жеңіс Аслан:

Футболға қатысып жүргеніме 1 жылдан асты. Командамызда 5-7 сынып оқушыларынан құралған. Жаттықтырушымыз Мәди Исағалиев бізге футболдың қыр-сырын жалықпай үйретіп келеді. Мен команданың қорғаушысымын. Ауданда өткен іріктеу турында 5 командамен ойнап, бәрін ұттық. Бүгін де жеңеміз деген сеніммен келдік. Болашақта Абат Айымбетовтей мықты ойыншы болғым келеді, — деді ол.

Бұдан әрі Жетісу облысының «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасындағы футбол жарысы «Болашақ» стадионында басталды.

Атап өтсек, «J-LEAGUE» жобасы — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмасына сәйкес Жетісу өңірінде қолға алынған игі бастама. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, экстремизм мен терроризмнің,  нашақорлықтың, алкоголизмнің алдын алу, балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жеңіске деген жігерін ояту, тәжірибе жинауына мүмкіндік жасау, демалысын тиімді ұйымдастыру.

Жоба аясында биыл жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп», волейболдан «Шұбар доп», баскетболдан «Алтын доп» жарыстарын өткізу қолға алынған болатын. 19 сәуір мен 18 мамыр аралығында спорттың аталған түрлерінен аудан-қалаларда іріктеу турнирлері өтіп, оған 887 команда, яғни 8870 бала қатысқан. Соның ішінде бүгінгі «J-лига» футбол жарысының ақтық сынына 90 үздік команда, 900-ге жуық жас спортшы жолдама алды. Енді жас футбошылар арасындағы ақтық жарыс 14 маусымға дейін жалғасады.

Атап өтсек, 3 жас ерекшелігі бойынша  жеңімпаз атанған 9 команданың ойыншыларына, яғни 90 балаға жазғы демалыс лагерьлеріне тегін жолдама беріліп, спорттық киімдер мен доптар сыйға тартылады.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.