Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Еңбекпен еленген есім

22 маусым 2025
РУХАНИЯТ
Еңбекпен еленген есім
WhatsAppTelegramFacebook

Халықтың адал ұлы, еңбегімен елге танылған Социалистік Еңбек Ері Ізбасар Әбдірахманов 1939 жылғы 14 желтоқсанда қазіргі Көксу ауданы, Мәмбет ауылында дүниеге келді. Қарапайым шаруа отбасында туып, қоңыр тіршіліктен үлкен еңбек жолын бастаған азамат ретінде оның есімі тарихта алтын әріппен жазылды.

Жастайынан механизацияға қызығушылық танытқан Ізбасар жергілікті мектепті тамамдаған соң арнайы курстарда білімін жетілдіріп, 1958 жылдан бастап Ленин атындағы кеңшарда механизаторлық қызметке кіріседі. Жауапкершілігі мен іскерлігінің арқасында жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, бірнеше мәрте аудандық социалистік жарыстың жеңімпазы атанды.

1966 жылы 1050 гектар алқапты орып, 18 мың центнер астық бастырған қажырлы еңбеккер КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталып, Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді. Бұл – ауыл еңбеккерінің маңдай терімен келген биік марапат еді. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұранды ұстанған ол білім алудан шаршаған емес. 1969-1973 жылдары Талдықорған индустриалды-педагогикалық техникумында оқыды. Өкінішке қарай, 1975 жылдың маусым айында ауыр сырқаттың салдарынан өмірден озды. Алақандай ауылдың бірлігі мен берекесін асырған еңбекқор азаматтың есімін бүгінде ауылдастары ұмытпай, құрметпен еске алып келеді.

Ізбасар Әбдірахманов – еңбекқорлық пен табандылықтың үлгісі, жастарға өнеге болар тұлға. Біздің ауданымыздан дәл осындай Социалистік Еңбек Ері шыққанын зор мақтанышпен айтамыз. Бүгінгі жас ұрпаққа осындай батыр тұлғалардың есімін дәріптеп, солардың ерлігін насихаттауға тиіспіз. Қазіргі таңда ардагердің қасиетті қара шаңырағының түтінін түтетіп, берекесін асырып, аманатына қиянат жасамай отырған Нестай әпкемізге айтар алғысымыз шексіз. Ұрпақ сабақтастығы үзілмей, рухани мұра жалғаса берсін деген тілек қана бар бізде.

Социалистік Еңбек Ері Ізбасар Әбдірахмановтың ерен еңбегі мен жоғары адамгершілік қасиеттері ел есінде мәңгі сақталады. Оның қажырлы еңбегі мен ауылшаруашылығына қосқан зор үлесі бағаланып, бүгінгі таңда Лабасы ауылдық округінде бір көше асыл ердің есімімен аталады.
Халық игілігі жолындағы еңбек, патриоттық рухтағы тəрбие үшін осындай жандардың тұлғасын бүгінгі ұрпаққа үлгі ету бәріміздің азаматтық парызымыз.

Мәлік БЕЙСЕНОВ,
«АMANAT» партиясының
Көксу аудандық филиалының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында 414 млрд теңгеден астам өнім өндірілді

Жетісу облысында 414 млрд теңгеден астам өнім өндірілді

Бүгін, 10:06
Рецептсіз дәрі сатқандарға 8,2 млн теңге айыппұл салынды

Рецептсіз дәрі сатқандарға 8,2 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін, 09:30
Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.