Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Өнер – өлмейтін туынды

Қолөнер – әр қыртысында саусақтың табы, әр бедерінде сананың шуағы бар ұлы өнер. Жетісу жерінде өткен «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясындағы көрме ел ішіндегі ерен еңбектің мерекесі іспетті. Бұл шара тұғырлы тіршіліктің тамырын тануға талпыныс, жергілікті өнімнің жүгін көтеруге жасалған жаңа қадам, ұлттың бойындағы құндылыққа деген құрметтің жарқын көрінісі.

19.07.2025
ОН САУСАҚ
Өнер – өлмейтін туынды
WhatsAppTelegramFacebook

Иә, атап айтқан бастама ауылдан шыққан алтын қолды шеберлердің ел ішіндегі еңбегін елеп-ескеруге, жергілікті кәсіптің көсегесін көгертуге арналған тың жобалардың бірі. Аталған шараның түпкі мақсаты әр өңірдегі бірегей өнімді тауып, сол арқылы тұтас аймақтық брендін қалыптастыру. Ал жобаға қатысуға облыс аумағынан 36 үміткер өтініш білдірген. Олардың әрқайсысы тіршіліктің тасын домалатып, қара жердің құт-берекесін кәсіпке айналдыра білген жандар.

Байқау қатысушыларының еңбегін облыстық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған сарапшы топ бағалады. Олар жұмыстардың сапасына, бірегейлігіне, жергілікті шикізатты қолдануына және болашақ нарықтағы әлеуетіне баса назар аударды. Нәтижесінде үздік деп танылған он кәсіпкер Бренд-комитет алдында өз жобаларын қорғап, облыс көлемінде танылуға мүмкіндік алды.

Осы орайда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев:

– Біздің басты мақсатымыз – жергілікті бизнестің дамуына жол ашу. Кәсіпкерлердің идеялары өте қызықты әрі әлеуеті зор. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы өндірушілерге өздерін көрсетуге, байланыстар орнатуға және жаңа деңгейге шығуға тамаша мүмкіндік, – деді.

Көрме төрінде әр аудан, әр ауылдан келген қолөнершілердің туындылары тізіліп тұрды. Бірінің қолындағы жүн жіпке айналса, енді бірінің маңдай тері киізге өрнек болып түскен. Тарихы терең, шеберлігі шектеусіз бұйымдар көрмеге келген жұрттың көзайымына айналды.

Талдықорған қаласынан қатысқан Сәуле Дүйсембекованың қолынан шыққан туындылар көз қызығар көркемдікпен, ұлттық нақышпен көмкерілген. Қарапайым киізді сөйлетіп, одан төрт түліктің бейнесін, аң-құс пен тұрмыстық бұйымдардың шағын мүсінін жасап шығаруы еріксіз таңдай қақтырады. Балабақшалардан арнайы тапсырыс түсіп жатуы оның өнеріне деген сұраныстың артқанының дәлелі. Қолөнермен айналысқалы екі жыл ғана болса да оның істеген еңбегі он жылдық шебердің ісіндей көрінеді. Сәуленің айтуынша, қазіргі таңда оның 13 шәкірті бар.

– Қолөнер – ата-бабадан келе жатқан аманат. Қолымнан келгенше шәкірт тәрбиелеп, өнердің отын өшірмей келемін. Осындай көрмелер жиі өтсе біз сияқты өнер иелерінің де өрісі кеңейе түсер еді. Қазір азық-түлікке сұраныс көп те, қолөнер тасада қалып қоя ма деп алаңдаймын. Қала ішінде арнайы шеберлерге арналған жәрмеңке өткізілсе деген тілегім бар, – дейді шебер.

Көрмеге қойылған бұйымдардың қатарында түйе жүнінен жасалған білезіктер, ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен тұрмыстық бұйымдар да бар. Әсіресе, түйе жүнінен жасалған білезіктер сарысуы бар адамдарға пайдалы. Сондай-ақ, киізбен бейнеленген самаурын, қазан сынды бұйымдар ұлт өнерінің тереңінен шыққанын білдіреді.

Бұйымдардың әрбірі бір ауылдың, бір әулеттің, тіпті бір ананың жүрек жылуымен тоқылғандай. Сол себепті де бұл көрмені жай ғана сауда алаңы деуге келмейді. Бұл рухани һәм мәдени тереңдікке бойлаған шеберлік пен шынайылықтың додасы.

Әйтсе де көрменің кемшін тұстары да жасырын қалған жоқ. Қатысушылардың айтуынша, көрмеде бұйымдарын қоюға берілген орын тым шағын. Мектеп партасындай ғана орын көлемді дүниелерді қоюға мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, көзге көрінер үлкен туындылар үйде қалып, қалаға ұсақ-түйек қана жеткізілген.

Қолөнер ұсақ дүниенің емес, ірі еңбектің жемісі. Оны бағалау да, көрсету де кеңістікті қажет етеді.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы – елдің ішіндегі елеусіз таланттарды жарыққа шығарып, жергілікті кәсіпке жаңа тыныс берген жобалардың ең төресі. Бұл ауылдағы ағайынның ен байлығы – епті қолы мен ерен өнерін елге танытатын тұғыр.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.