Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында іс-шара өтті

23 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында іс-шара өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында кәмелетке толмағандардың арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілді, — деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Көкжазық ауылындағы «Айналайын» жазғы сауықтыру лагерінде «Нашақорлық – тек жеке емес, ұлттық қайғы» ұранымен өтті. Бұл кездесуді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасы, кеңес мүшелері және қоғамдық ұйымдар бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесуге «Қос қанат» үкіметтік емес ұйымының психологы Е.Пискунова, облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері Т.Мұхамеджан, сондай-ақ «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының өкілі қатысты. Олар балалармен ашық әрі мазмұнды диалог жүргізіп, салауатты өмір салты мен зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызын түсіндірді.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге арналған мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сурет байқауы, интерактивті ойындар, спорттық эстафеталар мен баскетбол жарыстары өткізіліп, балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасалды. Бұл ойын-сауық элементтері профилактикалық жұмыспен шебер үйлестіріліп, жасөспірімдердің өмірлік ұстанымдарына оң әсер етті.
Полиция департаментінің өкілдері балаларға есірткі мен психотроптық заттардың зияны туралы кеңінен әңгімелеп, құқықтық сауаттылықтың, құқық қорғау органдарына сенім білдірудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Кездесу соңында кеңес мүшелері тәрбиеленушілерге зиянды әдеттерден арылудың жолдарын ұсынып, спортпен шұғылдану, жеке қасиеттерді дамыту және адами құндылықтарды сақтау қажеттігін атап өтті.

Профилактикалық шараға барлығы 115 бала қатысты. Байқау қорытындысы бойынша белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай бастамалар жас ұрпақты есірткіден аулақ болуға тәрбиелеуде, олардың дүниетанымын кеңейтіп, азаматтық жауапкершілігін арттыруда үлкен рөл атқарады.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.