Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауып, дауылды жел соғады, оңтүстікте аптап ыстық болады

28 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауып, дауылды жел соғады, оңтүстікте аптап ыстық болады

Мәулен Әнербай

WhatsAppTelegramFacebook

«Қазгидромет» 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауылды жел соғады. Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады.

Астана қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы болады. Кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C болады.

Алматыда ауыспалы бұлтты күн райы күтіледі. Күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел 13 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +23…+25°C, күндіз +33…+35°C аптап ыстық.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы күндіз 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +21…+23°C, күндіз +34…+36°C ыстық болады.

Ақтауда бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +31…+33°C.

Ақтөбеде бұлтты ауа райы болжанады, күндіз жаңбыр жауады. Жел екпіні 15 м/с-ке жетеді. Түнде +12…+14°C, күндіз +19…+21°C.

Атырауда күн ашық. Жел түнде 1–6 м/с, күндіз 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел 8–13 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.

Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел түнде 9–14 м/с, күндіз 6–11 м/с. Температура түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C шамасында болады.

Көкшетауда кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C.

Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.

Қызылордада жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 9–14 м/с. Түнгі температура +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.

Павлодарда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +29…+31°C.

Петропавлда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, тұман түседі. Жел түнде 7–12 м/с, күндіз 9–14 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +24…+26°C.

Семейде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 7–12 м/с, түнде екпіні 15–18 м/с-ке жетеді. Түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C аптап ыстық байқалады.

Талдықорғанда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Таразда күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C.

Түркістанда жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C.

Оралда жауын-шашынсыз күн райы болады. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 18 м/с-ке жетеді. Түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.

Өскеменде түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15–18 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C аптап ыстық болады.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.