Талдықорған: +30°C
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Экологиялық сорғы іске қосылды

05.08.2025
КҮНДЕРЕК
Экологиялық сорғы іске қосылды

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Жаз мезгілінде саябақтар мен демалыс алаңдарында жайқалып тұрған жасыл желектер мен көк өскіндерді суару мәселесі жиі туындайды. Бұл өзекті мәселе жыл сайынғы шығындар мен техникалық кедергілерге әкелетіні сөзсіз. Осыған орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің түлегі, PhD докторы Жеңіс Юсупов ешқандай жанар-жағармай мен электр қуатын қажет етпейтін экологиялық әрі үнемді гидравликалық сорғы құрастырды. Жаңа құрылғы еш шығынсыз ағын суды саябақтарға, демалыс орындарына, үйге, егістіктерге және өндіріс орындарына жеткізе алады.

2021-2023 жылы аграрлық университетте «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесін алу үшін «Су ағындары өтетін аймақтардағы жер телімдерді суару үшін гидро-ударлық құрылғыны жобалау» деген тақырыпта диссертация қорғаған жас ғалым 2023 жылы Қазақстан Республикасының патентін алған.

Ағын судан, арықтан суды көтеріп тарататын жаңа сорғы электр энергиясы мен жанар-жағармай талап етпейді, ылдилықтың айырмасы 1 метр болғанда суды 5-7 метрге дейін көтеріп, өнімділікті сағатына 5-тен 10 м3 дейін жеткізеді.

– Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарайтын «Ғылым қоры» арқылы 2023-2025 жылдарға арналған грант ұтып алдық. Сол арқылы жобаға қажетті жабдықтар алып, зерттеу жүргізіп, конструкторлық сызбасын дайындадық. Сызбаны цехқа тәжірибелік нұсқасын жасауға тапсырыс беріп дайын болғаннан кейін құрастырдық. Биыл құрылғыға Еуразиялық патент алынды. Қазіргі таңда сынақтан өткізіп, тәжірибе жүзінде іске асырып жатырмыз. Алдағы 3 жылдың ішінде жаңа ғылыми жоба арқылы қажеттілігі бар аймақтардың мәселесін шешіп, жобаны коммерцияландырып, табыс көзіне айналдырғанымыз туралы Ғылым қорына есеп беруіміз қажет. Өзім осы өлкеде дүниеге келіп өскендіктен жобаны дәл осы ауданнан бастағым келді. Туған жерден бастау мен үшін мәртебе. Сарқан ауданы басшылығының ұсынысымызды қабылдап, қолдау көрсеткеніне алғыс айтамын, – дейді жобаның авторы Жеңіс Емілұлы.

Жоғарыдан төмен қарай көлбеу құбыр арқылы ағатын су жылдамдығы артып, сыртқа шыққан кезде клапан жабылады. Осылайша қысым күрт көтерілгеннен көбейген су жинағышқа (резервуарға, бакқа) кері клапан арқылы құйылады. Бұл процесс 3-5 секундта қайталанып отырады. Сужинағыштағы судың көлемі көбейген сайын жоғарғы жағындағы ауа көлемі қысылып, түтікше арқылы суды сыртқа ығыстырады. Яғни резеңке немесе пластик түтікше арқылы тұтынушыға үздіксіз беріп тұрады. Судың табиғи ағысын пайдаланатын сорғы тек ағын судың күшімен жұмыс істейді. Сынақ барысында құрылғы суды бірнеше метрге дейін көтере алатынын көрсеткен. Бұл электр қуатына тәуелді болмай-ақ тұрмыстық және шаруашылық қажеттілікті өтеудің тиімді жолы.

Сарқан аудандық әкімдігі бұл жобаны оң бағалап отыр. Аудан әкімінің орынбасары Жомарт Мыңбаевтың айтуынша, жасыл екпелерге, саябақтарға су жеткізіп, мезгіл-мезгіл суарып отыру күрделі мәселе. Қарапайым, үнемді және табиғи жолмен жұмыс істейтін құрылғының жобасы сәтті іске асса, адамзат үшін таптырмас көмекші болады.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ,
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Монополияға қарсы органның нұсқамалары толық көлемде орындалды

Монополияға қарсы органның нұсқамалары толық көлемде орындалды

07.09.2026
Отын-энергетика кешені саласын талдау

Отын-энергетика кешені саласын талдау

07.09.2026
61 малды айдап әкеткен: Жетісуда алты адам сотталды

61 малды айдап әкеткен: Жетісуда алты адам сотталды

07.09.2026
ТЖМ тікұшағы ауыр жарақат алған баланы Талдықорғанға жеткізді

ТЖМ тікұшағы ауыр жарақат алған баланы Талдықорғанға жеткізді

07.09.2026
Электр энергиясын үнемдеудің ең тиімді 5 тәсілі

Электр энергиясын үнемдеудің ең тиімді 5 тәсілі

07.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.