Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында буын сабақтастығы мен тәлімгерлікке арналған кездесу өтті

6 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында буын сабақтастығы мен тәлімгерлікке арналған кездесу өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында буын сабақтастығы мен тәлімгерлікке арналған кездесу өтті, — деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облыстық полиция департаментінде жас мамандарды қолдау, кәсіби біліктілікті арттыру және буындар сабақтастығын нығайту мақсатында тәлімгерлік институтын дамытуға арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасы аясында өткізілді.

2023 жылы Жетісу облыстық полиция департаменті жанынан ішкі істер органдарында ұзақ жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан ардагер қызметкерлердің қатысуымен «Тәлімгерлер кеңесі» құрылған болатын. Бүгінде бұл кеңес өзінің мазмұнды әрі нәтижелі жұмысын жалғастырып келеді. Кеңестің басты мақсаты — жас қызметкерлердің кәсіби және адамгершілік тұрғыда қалыптасуына қолдау көрсету, ішкі істер органдарындағы озық дәстүрлерді сақтап, оларды келер ұрпаққа жеткізу.

Кездесу аясында департамент ұжымымен ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты жанындағы Тәлімгерлер кеңесінің мүшесі, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қоғамдық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры, құрметті ардагер Өмірзақ Болсамбеков арнайы келіп жүздесті.

– Өмірзақ Көпсалбекұлы, ішкі істер саласындағы мол тәжірибеңіз бен ұзақ жылғы еңбегіңіз – барлық қызметкерлер үшін үлгі. Бүгінгі кездесу – ізгі ниет пен тәжірибе алмасудың жарқын көрінісі. Тәлімгерлермен ой бөлісіп, ақыл-кеңесіңізді айтқаныңыз үшін зор алғыс білдіреміз. Кеңес жұмысына сәттілік тілейміз, – деді Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы.

Жиынға сондай-ақ ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ихсан Дүсембин, Жетісу облысы ПД Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Ерлан Сансызбаев және Жетісу облысы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің төрағасы Эрик Болатаев қатысты.

Мұндай кездесулер жас қызметкерлер үшін кәсіби бағдар мен рухани тәрбиенің маңызды мектебі саналады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі — жас мамандардың өсуіне, өзін табуына және елге адал қызмет етуіне зор ықпал етеді.

Тәлімгерлер кеңесі алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастырып, полиция қызметінің дамуына үлес қоса береді.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.