Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда инфрақұрылымды жақсарту жұмысы жалғасуда

Бүгінде Жетісу облысының орталығында инфрақұрылымды жақсарту бағытында атқарылып жатқан істер аз емес. Осыған байланысты Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты.

7 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда инфрақұрылымды жақсарту жұмысы жалғасуда
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл жолғы нысандарды аралауда Ернат Дүйсенбекұлы алдымен қаладағы  жаңадан бой көтерген Жастар-3 тұрғын үй алабына ат басын тіреп, ондағы жол құрылысына баса назар аударды. Әрі ол жердегі газ желісін тарту мәселелері бойынша  жобаны тағы бір мәрте пысықтап шықты. Сондай-ақ  шаһардағы Шахворостова көшесі мен Еркін ауылындағы Сарыбұлақ көшесінде ауыз су жүйесін тарту жұмыстарымен де танысты. Қазір аталмыш аумақтарда атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең.

Салаға жауаптылардың сөзінше,  бүгінгі таңда қала бойынша 90 шақырымға жуық кәріз және ауыз су жүйесі қайта жаңғыртылып, ретке келтірілмек. Бұл жоба 2026 жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Қазір қаланың «Оңтүстік-Батыс» шағын ауданында 1 шақырым жердегі кәріз жүйесін тарту жұмыстары да жалғасуда. Сонымен қатар биылғы жылы шаһарда 70 шақырымнан астам жол жөндеуден өткізілмек. Атап айтқанда, аймақтағы жаңадан бой түзеп келе жатқан Құлагер, Бірлік, Жастар-1 шағын аудандары мен Солтүстік-Батыс тұрғын үй алабындағы 107 жаңа көшенің 54 шақырымға жуық жолына құрылыс жұмыстары жүргізу қолға алынған. Осы орайда 21 шақырымнан астам жолға күрделі, 27,9 шақырым болатын 28 көшенің жол орташа, 17 шақырымнан астам жолға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

 – Қазіргі кезде қаладағы инфрақұрылымдарды жақсарту бағытында кезең-кезеңімен қолға алынуда. Бұл өңір тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сол үшін істеліп жатқан әр істің сапасы мен мерзімі басты назарда болуы тиіс. Бұл жұмыстар күнделікті біздің бақылауымызда болады, –деді шаһар басшысы.

Осы орайда құрылыс саласы жауаптыларымен кездескен қала әкімі кейбір кемшіліктерді ескеріп, олқылықтарды тез арада жоюға нақты тапсырма берді. Сапарының соңында Еркін ауылында жаңадан салынып жатқан 150 орынды мәдениет үйінің құрылысымен де танысқан Ернат Бәзіл бұл нысанның ауыл тұрғындарының мәдени өмірін жандандыруда маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.

                                                                                                                                          Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.