Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда аутизм белгілері бар балалардың саны артып келеді – Сарапшылар

12 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда аутизм белгілері бар балалардың саны артып келеді – Сарапшылар

Pixabay.com

WhatsAppTelegramFacebook

Алматы тұрғыны Раушан Жарасбаеваның жеті жасар ұлына екі жыл бұрын «сөйлеу дамуының кешігуі» диагнозы қойылған. Бала осы уақытқа дейін сөйлей алмаған.

“Алғашында оның сөздік қоры өте аз еді, ол тек «мама», «папа» деген сөздерді білетін. Қалғанының бәрін ыммен көрсетіп жүрді. Екі жыл өтті, ұлым жетіге толды. Құдайға шүкір, қазір сөйлей бастады, ойын айта бастады, бұрынғы агрессия жойылды. Енді ол өзіне қажет нәрсені сөзбен айта алады”, – деді алматылық Раушан Жарасбаева.

Елде сөйлеу және ақыл-ой дамуының кешігуі немесе аутизм белгілерімен туатын балалардың саны артып келеді. Егер бұрын Қазақстанда мұндай 10 мыңға жуық бала болса, биыл олардың саны 12 мыңнан асты. Бұл санның өсу себептерін мамандар бірқатар факторлармен байланыстырады.

“Сөйлеу дамуының кешігуіне нақты не әсер ететінін айта алмаймыз, себебі көп. Қоршаған орта, жүктілік кезіндегі стресс, босану кезіндегі проблемалар, кесар тілігі болуы мүмкін. Тіпті анадағы төмен гемоглобин баланың дамуына әсер етуі мүмкін. Сонда бәрі отбасындағы мәдениетке, тәрбиеге байланысты”, – деді логопед-дефектолог Назым Қайырхан.

Бұл дертпен күресу үшін елімізде дефектологтар мен логопедтер қауымдастығы жұмыс істейді, инклюзивті білім беру мен арнайы педагогика дамып келеді. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, көп нәрсе ата-анаға байланысты, өйткені олар баланың дамуындағы ауытқуларды бірінші болып байқайды.

“Диагностикасыз ата-аналар қандай көмек, қай маманға жүгіну керегін түсінбеуі мүмкін. Бала маманға барса да, онымен дұрыс жұмыс істеліп жатқанына көз жеткізу керек. Әр күн мен сағат маңызды, өйткені бала секунд сайын дамиды. Сондықтан біз ата-аналарға ең болмағанда негізгі диагностиканың қарапайым дағдыларын меңгеруге кеңес береміз”, – деді Қазақстан дефектологтар мен логопедтер қауымдастығының мүшесі Гүлсара Орынғалиева.

Жарты ғасыр бұрын аутизм 10 мың баланың біреуінде анықталса, бүгінде әрбір 35-інде байқалады. Егер ешқандай шара қолданылмаса, 2030 жылға қарай бұл ауру әрбір екінші балаға әсер етуі мүмкін.

Дереккөз: Stan.kz

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.