13 тамыз күні еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл және желдің секундына 15-28 метрге дейін күшеюі күтіледі.
Жетісу және Жамбыл облыстарында қатты желмен қатар аптап ыстық болады. Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында желдің күшеюі мен найзағай болжанған.
Кей өңірлерде бұршақ жаууы, қатты жаңбыр мен шаңды дауыл болуы ықтимал. Сонымен қатар бірнеше облыста төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының өзгерісіне дайын болуды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.





