Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

14 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

istockphoto.com

WhatsAppTelegramFacebook

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды жыл сайын профилактикалық және скринингтік тексерулерден өтуге шақырды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан азаматтары профилактикалық медициналық қарап-тексеруден және скринингтік зерттеулерден өтуге міндетті. 2025 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, онкоскринингтер барлық азаматтарға қолжетімді.

Скрининг жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі, жатыр мойны және ішек обырын, В және С вирустық гепатиттерін, цереброваскулярлық бұзылуларды және басқа да қауіпті ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Скринингтен өтетін негізгі санаттар:

  • Жүрек-қан тамырлары аурулары: 40–76 жастағы ерлер мен әйелдер;

  • Қант диабеті: 40–76 жастағы ерлер мен әйелдер;

  • Глаукома: 40–76 жастағы ерлер мен әйелдер;

  • Сүт безі обыры: 40–76 жастағы әйелдер;

  • Жатыр мойны обыры: 30–74 жастағы әйелдер;

  • Колоректалдық обыр: 50–76 жастағы ерлер мен әйелдер;

  • В және С вирустық гепатиті: медицина қызметкерлері, операция алдындағы пациенттер, гемодиализ, онкология, трансплантология, кардиохирургия, пульмонология орталықтарының пациенттері, донорлар және жүкті әйелдер;

  • Цереброваскулярлық бұзылулар: 50–76 жастағы ер адамдар.

Тексеруден өту үшін емханаға жеке куәлікпен бару жеткілікті. Сондай-ақ тіркелу, call-орталық немесе Damumed мобильді қосымшасы арқылы алдын ала жазылуға болады. Көп жағдайда учаскелік дәрігерлер немесе мейіргерлер жас және басқа да өлшемдер бойынша тізім жасап, тұрғындарды өздері шақырады.

Министрлік азаматтарға денсаулығына қатысты шағым болмаса да скринингтен өтуге кеңес береді. Бұл ауруларды ерте анықтаудың және денсаулықты сақтаудың тиімді тәсілі болып саналады.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.