Байлық пен ертеңгі күнге деген сенімділік – бос қиял емес, ол жүйелі әрекеттердің нәтижесі. Қаржылық тұрақтылыққа жету үшін тек көп табыс табу жеткіліксіз, ең бастысы – бар қаражатты дұрыс басқару.
Қаржылық тәуелсіздік дегеніміз не?
Қаржылық тәуелсіздік – ертеңгі күнге сенімді болу, яғни «бүгін бір нәрсе сатып алсам, ертең ақша жетпей қала ма?» деген уайымнан арылу. Ол тұрақты табысқа, шығындарды бақылауға, қор жинауға, инвестицияға және қаржылық сабырлылыққа негізделеді.
Қарыздан құтылуға көмектесетін 5 қадам
1. Бюджетті жоспарлау.
Ақша есепті жақсы көреді. Табысыңыз бен шығыныңызды жазып жүріңіз. Бұл қаражаттың қайда кетіп жатқанын түсінуге әрі артық шығынды азайтуға көмектеседі.
2. Қаржылық тәртіп.
Импульсивті сатып алулардан бас тартыңыз. Әсіресе қымбат заттар аларда ойланып, бағаларды салыстырып барып шешім қабылдаңыз.
3. Резервтік қор қалыптастыру.
Күтпеген жағдайға дайын болу үшін кем дегенде 3–6 айлық шығынға жететін «қауіпсіздік жастығын» жасаңыз.
4. Болашаққа инвестиция салу.
Кішкентай болса да, тұрақты инвестиция үлкен нәтиже береді. Бірақ сенімсіз кеңестерге ермей, кәсіби мамандардан ақпарат алған дұрыс.
5. Қаржылық білім алу.
Кітап оқыңыз, бейнематериал қараңыз, курстарға қатысыңыз. Қаржылық сауаттылық – тұрақтылық пен табыстың негізгі құралы.
Қарыздан арылу бір күнде орындалмайды. Бұл – күнделікті дағды мен дұрыс әдеттің жемісі. Ең бастысы – нақты мақсат қойып, әрекетті бастау және ұсыныстарды тұрақты түрде орындау.
«Жетісу-Ақпарат»





