Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

19 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 25 мыңдай балаға жалпы білім беру қорынан жәрдем жасалса, 16 650 балаға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қолдау көрсетілмек, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, Жетісу облысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы 25 мыңдай балаға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуға
1,1 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күні аталған қаражат ата-аналардың жеке есеп шоттарына толығымен аударылды.

Сол сияқты облыста республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында тамыз айының алғашқы жартысында 8400-ден астам балаға көмек көрсетілді, атап айтқанда мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарлары берілді. Жалпы 16 650 бала көмекпен қамтылады деп жоспарланған. Қайырымдылық көмек шарасына кәсіпкерлер, этно-мәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар  т.б. белсене атсалысуда. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Ата-аналардың нарықтағыдан төмен бағада мектеп формалары мен кеңсе тауарларын сатып алуы үшін арнайы мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Талдықорған және Текелі қалаларында орталық арбатта, Көксу ауданында Балпық би ауылында Қабан жырау көшесі, 17-үйде орналасқан «Дастан» сауда үйінің алдында, Қаратал ауданы Үштөбе қаласында Желтоқсан көшесі, 1 мекенжайындағы «Бәйтерек» сауда үйінің алдында, Сарқан ауданы Сарқан қаласы Тынышпаев көшесіндегі орталық алаңда осындай жәрмеңкелер өтіп жатыр. Алдағы уақытта Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы орталық базарларда,  Алакөл ауданы Үшарал қаласында Д. Қонаев көшесі, 73 мекенжайында орналасқан «Достық» сауда үйінің алдында, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Момышұлы көшесіндегі орталық алаңда, Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы мәдениет үйінің алдында мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастыру жоспарда бар», — делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Жалпы, Жетісу облысы жаңа оқу жылын 130 мыңнан астам оқушымен бастаса, соның 13 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары болмақ.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.